307
«Пластика» терминін қолданғанда музыка арқылы еркін қозғалу әдістемесі негіз
болады. Балаларға әртүрлі пластикалық құралдарды қолдану ұсынылады: бұл негізгі, жалпы
дамытушы қимылдар, алуан түрлі ишаралар, би қимылдары және т.б. Кейбір композициялар
балаларға этюд түрінде беріледі, кейде образды ойындық және ырқақтық билер түрінде
болады. Дәстүрлі
хореография, ырғақтық жаттығудан айырмашылығы ритмопластиканың
негізгі мақсаты әр баланың психологиялық ашылуы, өз күшіне сенуі, өз денесін «көркем
аспап» ретінде игере алуы.
Балалармен ритмопластика қызметін өткізу - өзекті мәселе. Ритмопластика негізінде
музыкаға бағытталған іс-әрекет түрі, ал қимыл музыкалық образды көрсетеді.
Ритмопластика балалардың ырғақтығын, қимыл-қозғалыс сапасы мен іскерлігін,
шығармашылық
қабілетін, ырғақтық сезімін, адамгершілік-эстетикалық қабілеттерін
дамытады. Ритмопластиканың негізгі бағыттарының бірі баланың психологиялық еркіндігі
болып табылады. Ритмопластика қызметі баланың коммуникативтік дағдыларын жетілдіріп,
эмоционалдық аясын байытады. Ритмопластиканы өткізу тәжірибесі оның қолжетімді
екендігін және тартымдылығын көрсетті. Ырғақтық композицияның негізі ретінде
қарапайым қимылдарды алуға болады. [1, 26б]
Ритмопластиканы бөбекжайда қолданудың мақсаты
- мектепке дейінгі кіші жас
топтарында ритмопластика арқылы балалардың қимыл-қозғалыс дағдылары мен
іскерліктерін дамыту және жетілдіру.
Міндеттері:
1. Орындау мәнерлігі, жеңілдік, шынайылықты меңгере отырып негізгі қимылдар
техникасын жетілдіру.
2. Баланың жеке тұлғасын жан жақты дамытуды қамтамасыз ету: шығармашылық,
қиял-ғажайып,
бастамашылдық; дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын
дамыту. Музыка әуені арқылы таныс дене жаттығуларын жасау, музыка әуенінің
сүйемелдеуімен қимыл ырғағын үйлестіру іскерлігін дамыту; әртүрлі іс-әрекет түрлерінде
дене бітімін дұрыс ұстауды сақтау.
4. Көркем-эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу.
Музыкаға икемділік тәжірибесін ала отырып балалар әртүрлі қимыл дағдылары мен
іскерліктерді
меңгеріп қана қоймай, музыканың шығармашылық мәнін түсіну тәжірибесін
қолданады, физикалық және коммуникативтік дағдылары дамиды. Олай болса,
ритмопластиканың өзектілігін осыдан көруге болады.
Ритмопластика – баланың
шығармашылық қабілетін, оның ішкі әлеуетін
ашып, іске асыруға мүмкіндік беретін спорттың бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: