А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет184/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   222
1679742366435 (2)

Игры
 
• 41% - распечатывают 
игры самостоятельно 
• 37% - получают игры 
в готовом виде 
• 22% - игры не 
используют 


317 
арындай таза ұстау - әр тәрбиеші маманның борышы. Ол өз кәсібін,алдында отырған әр 
тәрбиеленушіні,өзінің ұйымын шексіз сүйетін адам. Мың құбылған қоғамдағы тәрбиешінің 
жаңа формасы – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі 
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа 
формация тәрбиешісі табысы, біліктері арқылы қалыптасады,дамиды.Нарық жағдайындағы 
тәрбиешіге қойылатын талаптар:бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, 
кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі сыналады. 
Инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық 
ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде 
мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі 
сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы 
баршамызға мәлім.
Қазіргі таңда Power point бағдарламасының шексіз мүмкіндіктерін ақпараттық 
технология әдісінің негізгі құралы десек артық болмайды.
Power point бағдарламасының балабақшада қолданылуын атап айтар болсақ: 
-берілген тапсырмаларды экран бетіне ойын түрінде ұсынуға болады, бұл мектеп 
жасына дейінгі балалардың ойынға қызығушылығының жоғары екенін дәлелдейді;
-мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау ынтасына сәйкес матераиалды 
көрнекті,түсінікті қол жетімді түрде ұсынуға болады; 
- материалды көп мөлшерде жүктемей, қозғалысымен, дауысымен және 
мультипликациясымен балалардың назарын өзіне аударады,яғни анимациялық ойындар 
ойнату арқылы балалардың қызығушылығы артады; 
- мектепке дейінгі жастағы балалардың зерттеушілік қабілеттерін, танымдық 
белсенділіктерін, дағдылары мен таланттарын дамытуға мүмкіндік береді; 
- балаларды есептің шешімін тапқанда, қиындықтарды жеңген кезде марапаттау 
арқылы мадақтауға болады;
Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды 
қолдану педагогтың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашып, мектепке дейінгі 
жастағы балалардың психикалық дамуының әртүрлі жақтарының дамуына оң әсерін тигізеді. 
Оқу іс – әрекетінің жоғарғы динамикасы балалардың материалды тиімді меңгеруіне, есте 
сақтауларын, қиялдауын және шығармашылығының дамуына септігін тигізеді. Слайд – 
шоулар мен бейнефильмдер қоршаған ортадан бақылауларды: гүлдің өсуі, планеталардың 
Күнді айналуы, толқынның қозғалысы, жаңбырдың жаууы сияқты мезеттерді көруіне 
мүмкіндік береді 
Анимация – бұл презентациялық көрме құрудағы кейіпкерлерді «тірілту» 
әдісі.Анимация әрбір обьектілерді бөлек қабатқа орналастырылып құрылады, уақытты 
ескеріп көрменің кадрлары дайындалады. Осы орайда өзімнің іс тәжірибемде қолданып 
жүрген Power point бағдарламасы негізінде жасалған анимациялық ойындар түрлерін 
ұсынғым келеді. Анимациялық ойындарды педагогтің жетекшілігімен 
және өз бетінше ойнау ұсынылады. Жас ерекшеліктерін ескеретін 
болсақ, анимациялық ойындарды орта топтан бастап өз бетінше ойнаған 
ыңғайлы болады. 
Коммуникативті дағдысын қалыптастыру бойынша «Ұлттық 
өнер» тақырыбында анимациялық ойын құрастырдым. Ойынның 
мазмұны интерактивті тақта арқылы педагогтің жетекшілігімен 
ұйымдастырылды. Мақсаты балаларды ұлттық құндылықтарды 
дәріптеуге, оларды бір-бірінен ажырата 
білуге үйренеді. Ойын шарты бойынша 
қазақтың ұлттық өнерлері берілген, атап 
айтатын болсақ, би өнері,ән өнері, айтыс, 
күй өнері және т.б өнер түрлері берілген, 
сол берілген тапсырмаларды тінтуір арқылы жылжытқан 


318 
кезде, әуендер ойнайды, бұл баланың қызығушылығын тудырады. Бағдарламаның түйінді 
идеялары командамен жұмыс істеу дағдысы, креативті ойлауы, сыни ойлауы, 
коммуникативтілік құзіреттілігі одан әрі қарай дамыды. Өнімді саралау арқылы балаларды 
жұмыстарына сай мақтап, мадақтап арқылы бағалау әдісін пайдаланып отырдым.
Бағдарлама бойынша екінші ойын түрі «ұшады, жүзеді,жүреді» ойынын ұсындым. 
Бұл ойынды кіші топтардан бастап педагогтің жетекшілігімен ұйымдастыруға болады. Бұл 
ойынның мазмұны бойынша үш тапсырма берілген. Су көліктері, жолда жүретін көліктер 
және әуе көліктерін ажыратады, оларды атау арқылы коммуникативтік дағдысы, сыни 
ойлауы, кретаивті ойлау дағдысы дамиды. Балаларға қолдау әдісін пайдалану арқылы бір-
бірінің пікірімен санасуды, өз мүмкіндіктерін айқын көрсете алуы, ойынға деген 
қызығушылығы жүзеге асты.
Балабақшадағы сәбилерге жоғарғы деңгейдегі ұлттық сана сезімді, салт дәстүрді, 
терең меңгеруге насихаттайтын ойындар түрін енгіздім. Тақырыбы: «Ұлттық ыдыстар». 
Балаларға ұлттық ыдыстарды таныстара отырып, оларды атап айтқызу арқылы сөйлеу 
дағдысын қалыптастыру. Ойын шарты бойынша берілген ыдыстарды көлеңкесіне 
орналастыру, әр орналақан затты тапқан кезде әуен ойнайды. Бұл балалардың 
қызығушылығын арттырады.
Қорыта айтқанда ақпараттық технология әдісі баланы оқыту мен дамыту процесін
тиімді етіп,балаға және педагогке білім берудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет