Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



жүктеу 1.33 Mb.
бет1/7
Дата09.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «29» қазандағы

№ 189 бұйрығымен

бекітілген

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Талап артық қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, цитерналарды, бөшкелерді, баллондарды, барокамераларды (бұдан әрі-ыдыстар) жобалауға, құруға, дайындауға, қайта құруға, реттеуге, құрастыруға, жөндеуге, техникалық диагностикалауға және пайдалануға таратылады.

2. Терминдер мен анықтамалар:

1) армирлы пластмасса-пластмассадан (байланысты) және толтырғыштан бір түрсіз материал;

2) барокамера-құрылғылармен және аспаптармен жабдықталған, адамдарды орналастыруға арналған ыдыс;

3) баллон-бір немесе екі өндіршекті, вентиль, ернемек әлде штуцер кою үшін, жылжытуға, қысылған, сұйықталған немесе газдың қысымымен еріген, сақтауға және пайдалануға арналған ыдыс;

4) бөшке-цилиндрлі немесе басқа түрлі, бір орнынан басқа орынға домалайтын және қосылмаған тіреусіз ұшына қойылады, сұйық және басқа мүліксіз жылжуға арналған ыдыс;

5) сыйымдылық-ыдыстың ішкі қуыс ауқымы, сызудағы берілген номиналды ауқыммен анықталады;

6) ыдыс иесі-ыдыс кәсіпорны, жекеменшік кәсіп иесі;

7) ішкі (сыртқы) қысым-ыдыс ішкі (сыртқы) қабырғасына әсер ететін қысым;

8) сынау қысымы-ыдысқа сынау өткізгендегі қысым;

9) жұмыс қысымы-жұмыс жүрісі жөнді өткен кезінде максималды ішкі, артық немесе сыртқы қысым;

10) есеп қысымы-мықтылыққа есептелген қысым;

11) шартты қысымы-стандарт ыдысқа (түйін, деталь, арматура) есеп қолданылған, температура 20°С есеп қысымы;

12) максималды (минималды) қабырғаның рұқсат температурасы-ыдыс пайдалануға рұқсат, максималды (минималды) қабырғаның температурасы;

13) түбі-ұштан ішкі қуысын шекаралайтын, алынбайтын бөлшегі;

14) бітеуіш-штуцер тесігін немесе бобышканы герметикалы жабатын, алынбайтын деталь;

15) ирек түтіктер-ирілген құбыр түрінде жасалған жылу айырбастайтын жабдық;

16) артық қысым-барометрмен қөрсетілген, абсолютты қысымның және қоршаған орта қысымының әртүрлілігі;

17) корпус-обечайка және түптен тұратын басты жинақ саны;

18) композициялық материал (композит)-бір түрлі материалдан (компоненттен) тұратын, құрылымы бір түрлі емес материал;

19) қақпақ-бірікпеген бөлшек, ыдыстың ішкі қуысын немесе люктың тесігін жабатын;

20) люк-ішкі ыдыстың қуысына жеткізуді қамтамасыз ететін құрылым;

21) лейнер-жүк бөлшегін көтеретін, армирлы пластмассадан жасалған ішкі герметикалы ыдыс қабаты;

22) металлопластикті ыдыс-ішкі қабаты (қабық) металдан, қалған қабаты армирлы пластмассадан жасалған, қөп қабатты ыдыс. Ішкі қабат бірнеше салмағын көтереді;

23) көп бөлмелі ыдыс-әртүрлі немесе біртүрлі жағдайда қолданылатын (қысым, температура, аймақ), екі немесе одан көп жұмыс қуысы бар ыдыс;

24) металл емес ыдыс-біртүрлі немесе композитті металл емес материалдан жасалған ыдыс;

25) толтырғыш-пластмассаны армирландыру материал, талшық, маталы және маталы емес материалдарды, армирлы материалдың орнына пайдаланады;

26) нормалық құжаттама (әрі қарай-НҚ)-жобалауға, дайындалуға, жөндеуге, жаңалауға, монтажға, техникалық диагностикаға (куәландыруға), пайдалануға басшылық ететін құжаттама, тараулы және мемлекеттік стандарт, талап;

27) обечайка-ұш жағынан ашық бекітілген профильдің цилиндрлік қаптамасы;

28) байқау терезесі-жұмыс жағдайын бақылайтын жабдық;

29) бір түрлі материал-бір қоспа заттан немесе қатты ерітіндіден: әйнек, болат, күйіктас және тағы басқалардан тұратын материал;

30) үлгі-куәгер-материалдан технология бойынша жасалған және пайдалану кезіндегі материалдың күйін анықтау үшін ыдыс, үлгі;

31) қалдық қор-техникалық қүйін бақылау кезінен мөлшер қүйіне өтуіне дейін объектінің жұмыс қосындылығы;

32) тірек-ыдыстан фундаментке немесе ұстап түратын кұрылысқа күш беретін және ыдысты жұмыс орнында ұстайтын жабдық;

33) ер тірек-обечайканың сақиналы кесігінің төменгі бөлімшесін орап алатын көлбеу ыдыстың тірегі;

34) ыдыстың (элементтің) рұқсат қысымы-ыдыстың (элементтің) рұқсат қалдық қысымы, техникалық куәландыру немесе диагностика нәтижесі бойынша қондырылған;

35) жаңалау-төлқұжаттың түзетілуіне әкелетін ыдыс құрылысының өзгеруі, мысалы элементтің қосымша жабдығы және ыдыс жұмысы өлшемдерінің өзеруіне әкелетін тағы басқалар;

36) резервуар-газды, сұйық және басқа заттарды сақтауға арналған стационарлы ыдыс;

37) ыдыс жейдесі-ыдыс денесін немесе оның бөлшегін орайтын оболочкадан тұратын және жылу тасымалдағышпен толтырылған ыдыстың дене қабырғасы қуысымен пайда болатын жылу таратқыш жабдық;

38) ыдыстың есептелген жұмыс істеу мерзімі-пайдалануға кірген кезден бастап есептелетін күнтізбелік жыл бойынша қызмет ету мерзімі;

39) ыдыстың (элементтің) есеп қоры-ыдысты (элементтің) пайдалану ұзақтығы, шығарушының нұсқауында көрсетілген, пайдалану тәртібін сақтау шарты бойынша, шығарушы жұмыс істеуіне кепілдік берген уақыты және ыстық немесе суық түрден есеп дана жүргізуі;

40) ыдыстың жұмыс мерзімі-күнтізбелік жыл бойынша пайдалану мерзімінің ұзақтығы шекті кезіне өтуге дейін;

41) ернектеу бірігуі-жылжымайтын ыдыс бөлшектерінің бірігуі, герметикалығы бір-бірімен тікелей нығыздаушы бетін қысу арқылы немесе қысылған бекіту детальдарымен бірге жұмсақ материалдан жасалған олардың арасында тікелей орналасқан төсемелер арқылы қамтамасыз етіледі;

42) ыдыс-герметикалы жабық ыдыс, химия, жылыту және технологиялық процесс жүргізу, сонымен бірге газды сақтау және тасымалдауға арналған. Шығатын және кіретін штуцер ыдыстың шекарасы болады;

43) жылжымалы ыдыс-әр түрлі жерде немесе жылжу кезінде пайдалануға арналған;

44) стационарлы ыдыс-бір белгіленген жерде пайдалануға тұрақты орнатылған ыдыс;

45) байланыстырушы-композит монолиттығын жабдықтандыратын материал;

46) қиысушы пісіру бірігуі-пісірілетін элементтер бір-біріне ұшымен жабысқан және тігіспен термиялық әсерлік аймағын кіргізген біріктірушілер;

47) мамандырылған мекеме-жоба конструкторлық жұмысын, ыдысты жөндеу және реконструкциясын істеу, сонымен қатар монтаждау, жөндеу, ыдыс реконтрукциясы мен жөндеу істерімен айналысатын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өкілетті органмен тестілеуден өткен мекеме;

48) жөндеу-ыдыс элементтері себептерімен жарамсыз күйіне әкелген бұзылған, ескіргендерді жұмыс істеу күйіне келтіру;

49) жұмыс ортасының температурасы-технологиялық үрдістің қалыпты кезінде ыдыс ортасының температурасы минималды (min), максималды (max);

50) қабырғанын есеп температурасы-физико-механикалық мінездемесі, материалдың рұқсат етілетін кернеуі анықталған және ыдыс элементінің беріктілігіне есептелген температура;

51) техникалық диагностикасы-объектінің техникалық күйі. Техникалық диагностикасының міндеті-техникалық қүйін бақылау, сыну себебін табу және орнын іздеу, техникалық қүйді болжау;

52) техникалық диагностика-объектінің техникалық күйін анықтау әдісі және құралы, теориясы;

53) цистерна-теміржол вагонының рамасында, автокөліктің дөңгелегінде (прицепте) және басқа жылжымалы құралында орнатылған, газды, сұйық және басқа заттарды тасу және сақтауға арналған жылжымалы ыдыс;

54) штуцер-ыдысқа құбырды, құбыр арматурасын, бақылау-өлшеу жабдығын және тағы да сондайларды біріктіруге арналған элемент;

55) ыдыс элементі-ыдыстың қосымша өлшемі, ыдыстың ең басты функциясын орындауға арналған;

56) экспертты техникалық диагностикалау-ыдыстың техникалық диагностикалау, ыдыстың есептелген мезгілі біткеннен кейін немесе қауіпсіздік жұмыс есеп қорынан кейін істелетін, өлшемін және одан әрі пайданалу шартын анықтау үшін, авариядан кейін қысыммен істейтін элементтің бұзылуын анықтау;

57) өзі жанатын жоғары температуралық синтез-жану тәртібінде өтетін, екі немесе бірнеше компоненттің экзотермиялық әсеріне негізделген материал синтезінің физико-химиялық процесі (ұнтақ, бұйым, жабын және басқа). Процесс локалды инициарлы реакция және барлық жүйеге тараудан кейін бастапқы реагент қоспасы жіңішке қабатта өтеді, жанатын заттан жылынбаған затқа жылу және жиынөткізгіш арқылы өздігінен таралады.

Құрастыру мен жөндеуге қойылатын талаптар ыдыстарды дайындаудың талаптарына ұқсас.

3. Талаптар келесілерге қолданылады:

1) температурасы 115°С жоғары су қысымының немесе қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) болған кезде қайнау температурасынан асатын температурада басқа уытты емес, жарылу өрт қаупі жоқ сұйықтардың қысымының астында жұмыс жасайтын ыдыстар;

2) қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) жоғары будың, газдың немесе уытты жарылу өрт қаупі бар сұйықтардың қысымының астында жұмыс жасайтын ыдыстар;

3) 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) жоғары қысымның астында сығылған, сұйытылған және ерітілген газдарды тасымалдау мен сақтауға, пайдалануға арналған баллондар;

4) буларының қысымы 50°С дейін температурада қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) асатын, сығылған және сұйытылған газдарды тасымалдау мен сақтауға арналған цистерналар және бөшкелер;

5) қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) асатын сығылған, сұйытылған газдарды, сұйықтарды және сусыма денелерді тасымалдауға немесе сақтауға цистерналар және ыдыстар оларды босату үшін мерзімді түрде жасалады;

6) барокамералар.

4. Талаптар келесілерге қолданылмайды:

1) атомды энергетикалық қондырғылардың ыдыстары, сондай-ақ радиоактивті ортамен жұмыс жасайтын ыдыстар;

2) қысымына қарамастан, сыйымдылығы 0,025 м3 (25 л) аспайтын, ғылыми-тәжірибелік мақсаттар үшін пайдаланылатын ыдыстар. Сыйымдылығын анықтаған кезде ыдыстың жалпы сыйымдылығынан футеровканың, құбырлардың және басқа да ішкі құрылғыларының алатын көлемін шығарып тастайды. Ыдыстар тобы, сондай-ақ жекелеген корпустардан тұратын және диаметрі 100 мм асатын құбырлармен өзара жалғанған ыдыстар ретінде қаралады;

3) сыйымдылығы 0,025 м3 (25 л) аспайтын, м3 (литрлерде) сыйымдылығына 0,02 (200) аспайтын МПа (кгс/см2) қысым жүргізілген ыдыстар және баллондар;

4) технологиялық процеске сәйкес олардың ішінде жарылу немесе өздігінен таралатын жоғары температуралы синтездің тәртібінде жану кезінде пайда болатын қысымның астында жұмыс жасайтын ыдыстар;

5) бос кеңістікте жұмыс жасайтын ыдыстар;

6) теңіз, өзен кемелері мен басқа да жүзбелі құралдарда (драгалардан басқа) орнатылатын ыдыстар;

7) ұшақтарда және басқа да ұшатын аппараттарда орнатылатын ыдыстар;

8) жылжымалы темір жол көлігі құрамының, автомобильдер мен басқа да жылжымалы құралдардың тежегіш жабдығының ауа резервуарлары;

9) әскери ведомствоның арнайы мақсаттағы ыдыстары;

10) бумен және сумен қыздыратын аспаптар;

11) құбырлы пештер;

12) ішкі диаметрі 150 мм аспайтын коллекторсыз құбырлардан тұратын, сондай-ақ коллекторлары бар, ішкі диаметрі 150 мм аспайтын құбырлардан жасалған ыдыстар;

13) машиналардың дербес ыдыстарды білдірмейтін бөліктері (сорғылар мен турбиналардың корпустары, булы, гидравликалық, әуе машиналардың және компрессорлардың қозғалтқыштарының цилиндрлері).

2-тарау. Жобалау
5. Ыдыстар мен олардың элементтерін (сонымен бірге олардың қосалқы бөлшектерін) жобалау, сондай-ақ оларды құрастыруды немесе қайта құруды жобалауды мамандандырылған ұйымдар орындайды.

6. Ыдыстарды жобалаумен, дайындаумен, қайта құрумен, құрастырумен, жөндеумен, диагностикалаумен, пайдаланумен және сынақтан өткізумен айналысатын басшылар және мамандар Қазақстан Республикасының өндірістік қауіпсіздік туралы заңына сәйкес білімін тексеруден өтеді.

7. Ыдыстарды дайындауға арналған жобалар және нормативтік құжаттар (бұдан әрі-НҚ) белгіленген тәртіпте келісіледі және бекітіледі.

8. Дайындау, қайта құру, құрастыру, реттеу, жөндеу немесе пайдалану кезінде қажеттігі туындайтын жобадағы және (немесе) НҚ өзгерістер ыдыстың жобасын және (немесе) НҚ жасаушы ұйымымен келісіледі. Бұл шартты орындау мүмкін болмаған кезде жобадағы және НҚ өзгерістер мамандандырылған ұйыммен келісіледі.

9. Өндірістің химиялық салаларында пайдаланылатын ыдыстарды жобалаған кезде осы ұйымдарға арналған өндірістік қауіпсіздіктің қолданыстағы нормалары мен талаптар ескеріледі.

10. Осы Талаптардан бас тартуға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің рұқсаты бойынша ерекше жағдайда ғана жол беріледі.

11. Рұқсатты алу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне сәйкесінше негіздеу, ал қажет болған жағдайда-сонымен бірге мамандандырылған немесе сараптама ұйымының қорытындысы ұсынылады. Рұқсаттың көшірмесі қысымның астында жұмыс жасайтын ыдыстың, 1-қосымшасына сәйкес жасалған құжатына қосымша тіркеледі.

3-тарау. Ыдыстардың құрылысы
12. Ыдыстардың құрылысы қызмет көрсетуінің есептік мерзімі ішінде пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және техникалық куәландыруды, тазартуды, жууды, толық босатуды, үрлеуді, жөндеуді, металды және жалғанған жерлерін пайдалану бақылауын жүзеге асырудың мүмкін болуын қарастырады.

13. Әрбір ыдыс үшін құжатында пайдаланудың шарттарын ескере отырып қызметінің есептік мерзімі белгіленеді және көрсетіледі.

14. Ыдыстардың сыртқы және ішкі қарап тексеруіне кедергі келтіретін құрылғылары (араластырғыштар, жылан түтіктер, қаптары, табақшалары, қалқалары және басқа да саймандары) алынбалы болатындай етіп жасалады.

Дәнекерленген құрылғыларды қолданған кезде сыртқы және ішкі қарап тексерулерді жүргізу және кейіннен орнына орнату үшін оларды алып тастаудың мүмкіндігі қарастырылады. Осы құрылғыларды алу мен орнатудың тәртібі ыдысты пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетіледі.

15. Егер ыдыстың құрылысы осы Талаптармен көзделген сыртқы және ішкі қарап тексеруді немесе гидравликалық сынауды жүргізуге мүмкіндік бермесе, ыдыстың жобасын жасаушымен пайдалану жөніндегі нұсқауда орындалуы ақауларды уақытында анықтау мен жоюды қамтамасыз ететін бақылаудың әдістемесі, мерзімділігі және көлемі көрсетіледі. Нұсқауда бұндай сілтемелер болмаған жағдайда бақылаудың әдістемесі, мерзімділігі мен көлемі мамандандырылған ұйыммен анықталады.

16. Ішкі құрылғыларының құрылысы гидравликалық сынау кезінде ыдыстан ауаны және гидравликалық сынағаннан кейін суды кетіруді қамтамасыз етеді.

17. Ыдыстарда гидравликалық сынау кезінде суды толтыру және құйып алуға, сондай-ақ ауаны кетіруге арналған штуцерлері болады.

18. Әрбір ыдыста оны ашудың алдында ыдыста қысымның жоқ екенін бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін вентиль, кран немесе басқа құрылғы болады; және ауа немесе суды шығару қауіпсіз орынға бағытталады.

19. Айналымды және белгісі ауыспалы жүктемелердің жағдайында жұмыс жасауға арналған ыдыстар осы жүктемелерді ескере отырып беріктігіне есептеледі.

20. Пайдалану барысында кеңістіктегі өзінің орнын өзгертетін ыдыстарда олардың өздігінен аударылып кетуіне жол бермейтін құрылғылар болады.

21. Ыстық газдармен қыздырылатын ыдыстардың құрылысы, қысымның астындағы қабырғалардың есептік температураға дейін сенімді салқындауын қамтамасыз етеді.

22. Люктерге, лаздар мен штуцерлерге арналған саңылауларды бекітетін сақиналардың дәнекерлеу сапасын тексеру үшін, егер ол сыртынан дәнекерленген болса, сақинада немесе егер сақина ыдыстың ішкі жағынан дәнекерленген болса, қабырғада бұрандалы бақылау саңылауы қарастырылады.

Бұл талап сондай-ақ корпусқа сыртынан дәнекерленетін салмаларға немесе басқа да бекіту элементтеріне де қолданылады.

Қысымның астында жұмыс жасамайтын сыртқы бітеу элементтерде (мысалы, салмалар) ең төмен жерлерінде дренажды саңылаулар болады.

23. Ыдыстардың жерге қосуы және электрлі жабдығы тұтынушылардың электрқондырғыларын техникалық пайдалану мен тұтынушылардың электрқондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының белгіленген тәртіптегі нормаларын сақтай отырып орындалады.

24. Ыдыстар ыдыстарды қарап тексеруді, тазалауды және жөндеуді, сондай-ақ бөлшектелетін ішкі құрылғыларды құрастыруды және бөлшектеуді қамтамасыз ететін қажетті сандағы люктер және қарайтын шағын люктермен жабдықталады.

Цилиндрлі корпустан және оларға бекітілген түтіктері (жылуды алмастырғыштары) бар шарбақтардан тұратын ыдыстарды және криогенді сұйықтарды тасымалдау мен сақтауға арналған ыдыстарды, сондай-ақ МСТ 12.1.007 сәйкес қауіптіліктің 1 және 2 тобындағы, бірақ коррозияны және қаспақталуды тудырмайтын заттармен жұмыс жасауға арналған ыдыстарды 15-тармағы орындалған жағдайда ыдыстың диаметріне қарамастан люктер мен шағын люктерсіз дайындауға рұқсат беріледі.

25. Ішкі диаметрі 800 мм асатын ыдыстарда люктер, ал ішкі диаметрі 800 мм және одан кем болатын ыдыстарда-шағын люктер болады.

26. Дөңгелек люктердің ішкі диаметрі-400 мм кем емес. Сопақша люктердің ең кіші және ең үлкен остері бойынша көлемі-325×400 мм кем емес.

Дөңгелек люктердің ішкі диаметрі немесе сопақша шағын люктердің ең кіші осі бойынша көлемі-80 мм кем емес.

27. Люктер және шағын люктер қызмет көрсетуге ыңғайлы жерлерге орналасады. Барокамералардағы қарайтын терезелердің құрылысына, орналасуы мен қызмет көрсетуіне қойылатын талаптар жобалық ұйыммен анықталады және дайындаушы зауыттың құрастыру және пайдалану жөніндегі нұсқауында көрсетіледі.

28. Люктердің қақпақтары алынбалы болып табылады. Бос кеңістіктің негізінде оңашаланған ыдыстарда дәнекерленген қапақтардың болуына рұқсат беріледі.

29. Салмағы 20 кг асатын қақпақтар оларды ашу және жабу үшін көтеретін-бұратын немесе басқа да құрылғылармен жабдықталады.

30. Топсалы-қайырмалы немесе орнатылатын болттардың, қамыттардың, сондай-ақ люктердің, қақпақтардың және олардың бөлшекті пісірілген жалғауларының құрылысы олардың өздігінен жылжуына жол бермейді.

31. Ішкі диаметрі 26-тармақтағы, ішкі қарап тексеруді жүргізудің мүмкіндігін қамтамасыз ететін люктерден кем болмайтын ыдыстарда штуцерлер, бөлшекті пісірілген ажыратқыштары, алынбалы түптері немесе қақпақтары болған кезде, люктердің болмауына рұқсат беріледі.

32. Ыдыстарда қолданылатын түптер: эллиптикалық, жартылай сфералы, торосфералық, сфералы жиектелмеген, конусты жиектелген, конусты жиектелмеген, тегіс жиектелген, тегіс жиектелмеген.

33. Эллиптикалық түптің ішкі беті бойынша өлшенген, түптің ішкі диаметрінің 0,2 кем болмайтындай дөңес бөлігінің биіктігі болады. Бұл көлемді азайту мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйыммен келісіледі.

34. Торосфералық (қорап тәрізді) түптер келесі көлемдерде дайындалады:

1) ішкі беті бойынша өлшенген дөңес бөлігінің биіктігі ішкі диаметрінің 0,2 кем емес;

2) жиектеудің ішкі радиусы түбінің ішкі диаметрінің 0,1 кем емес;

3) орталық бөлігінің қисаюының ішкі радиусы түбінің ішкі диаметрінен артық емес.

35. Сфералық жиектелмеген түп дәнекерленіп пісірілген бөліктермен қолданылады, және:

1) түбінің сферасының ішкі радиусы-ыдыстың ішкі диаметрінен артық емес;

2) дәнекерленіп пісірілген бөлшекті жалғау түбімен бірге тұтас дәнекерлеу арқылы орындалады.

36. Дәнекерлеу жіктерінің хордасы бойынша орналасуы арқылы бірнеше бөліктерден тұратын жартылай сфералы түптерден басқа, дәнекерленген дөңесті түптерде дәнекерленген жіктің осінен түптің ортасына дейінгі қашықтық түптің ішкі диаметрінің 1/5 артық болмайтындай етіп таңдалады.

Дөңесті түптердің шеңберлі түптері түптің ортасынан түптің ішкі диаметрінің 1/3 артық болмайтындай етіп орналасады.

37. Конусты жиектелмеген түптің 45° аспайтын орталық бұрышы болады. Конусты түптің орталық бұрышы аппарат құрылысының мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымының қорытындысы бойынша үлкейтіледі.

38. Сақиналы шағын жігі және механикалық қашау арқылы дайындалған цилиндрлі бөлігі (жиегі) бар қағылып жасалады. Егер жиектеу қаңылтырдың жиегін 90° майыстыру арқылы басумен немесе жүргізумен орындалатын болса, жиектелген тегіс түпті қаңылтырдан дайындауға рұқсат беріледі.

39. Дөңесті түптерді, компенсаторларды және штуцерлердің дәнекерленген созылған қылталарын қоспағанда, ыдыстардың жиектелген және өтпелі элементтері үшін, жиектелген элементтің шеңберленуінің басталуынан жиектелген сызыққа дейінгі қашықтық (L) жиектелген элементтің қабырғасының қалыңдығына (s) байланысты 1-кестеде көрсетілгеннен кем болмайтындай етіп таңдалып алынады.
1-кесте


Жиектелген элементтің қабырғасының қалыңдығы s, мм

Жиектелген шетіне дейінгі қашықтық L, мм, кем емес

5 дейін

15

5-тен жоғары 10 дейін

2s + 5

10-нан жоғары 20 дейін

s + 15

20-дан жоғары 150 дейін

s/2 + 25

150 жоғары

100

40. Шығырлар мен құбырларды дәнекерлеген кезде шығыр түптерін дәнекерлеуге толық балқытылған түйіскен жіктер қолданылады.

Таврларға дәнекерленген жалғаулар мен толық балқытылған бұрыштар тегіс түптерді, тегіс пісірілген бөліктерді, құбырлы шарбақтарды, штуцерлерді, люктерді, қаптарды дәнекерлеу үшін қолданылады.

Өрілген дәнекерлеу жіктері корпусқа бекіткіш сақиналарды, тірек элементтерін, төсем қаңылтырларды, төсем астының пластиналарын, сатыларды, кронштейндерді және соған ұқсастарын дәнекерлеу үшін қолданылады.

41. Бұрышты және таврлы дәнекерлеу жалғауларындағы құрастырмалы саңылау НҚ көзделген жағдайларда, белгіленген тәртіпте келісілген жағдайларда қолданылады.

42. Дәнекерленген жіктер ыдыстарды дайындау, құрастыру және пайдалану кезінде бақылауға ыңғайлы болатындай етіп орындалады.

43. Аралас шығырлардың ұзына бойының жіктері мен ыдыстардың түптерінің жіктері бір-біріне қатысты ең қалың элементтің үш есе қалыңдығының шамасына орнынан жылжиды, бірақ бұл жіктердің остерінің арасынан 100 мм кем болмайды.

Көрсетілген жіктер, 1,6 МПа (16 кгс/см2) аспайтын қысымда және қабырғасының температурасы 400° артық болмайтын, қабырғасының номиналды қалыңдығы 30 мм артық емес ыдыстарда бір-біріне қатысты орнынан жылжымайды, бұл жіктер автоматты түрде немесе электрлі күйінді дәнекерлеумен орындалуы және жіктердің қиылысқан жерлері 100 % көлемде радиография немесе ультрадыбысты дефектоскопия әдісімен бақылануы шарт.

44. Ыдыстың корпусына ішкі және сыртқы құрылғыларды (тірек элементтерін, табақшаларды, қаптарды, қалқаларды және басқаларын) дәнекерлеу кезінде, корпус жіктерінің жабатын жерін радиографиялық бақылаумен немесе ультрадыбысты дефектоскопиямен алдын ала тексерген жағдайда, осы дәнекер жіктердің корпустың түйіскен жіктерімен қиылысуына жол беріледі.

45. Тіректерді немесе басқа да элементтерді корпусқа дәнекерлеген жағдайда ыдыстың дәнекерленген жігінің шеті мен элементтің дәнекерленген жігінің шетінің арасындағы қашықтық ыдыс корпусының қабырғасының қалыңдығынан кем болмайтындай етіп алынады, бірақ бұл 20 мм кем болмайды.

Көміртекті және аз көміртегілі марганецті және марганецті-кремнилі болаттан жасалған (2-қосымша «Болаттарды типтер мен топтарға бөлу»), дәнекерлегеннен кейін термоөңдеуден өткізілетін ыдыстар үшін, корпустың қалыңдығына қарамастан ыдыстың дәнекерленген жігінің шеті мен элементтің дәнекерленген жігінің шетінің арасындағы қашықтығы 20 мм кем болмайтындай етіп таңдап алынады.

46. Көлденең ыдыстарда сақиналы (кесе-көлденең) дәнекерленген жіктерді жалпы ұзына бойымен 0,35 πD аспайтындай етіп, ал төсем қаңылтыры болған кезде-0,5 πD аспайтындай етіп тұғырлы тіректермен қайта жабуға рұқсат беріледі, бұнда D-ыдыстың сыртқы диаметрі.

Және де дәнекерленетін жіктердің қайта жабылатын жерлері бүкіл ұзына бойымен радиография немесе ультрадыбыстық дефектоскопия әдісімен тексеріледі. Жіктердің қиылысқан жерлерін қайта жабуға рұқсат берілмейді.

47. Қабырғаларының қалыңдығы әртүрлі ыдыстардың элементтерінің дәнекерленген түйіскен жалғауларында неғұрлым қалың элементтің жиегіне біртіндеп бату жолымен бір элементтен басқасына біртіндеп ауысуы қамтамасыз етіледі. Беттерінің еңістігінің бұрышы 20° аспайды.

Егер жалғанатын элементтердің қалыңдығындағы айырмашылық жұқа элементтің қалыңдығынан 30 % артық болмаса және 5 мм аспаса, онда дәнекерлеу жіктерін алдын ала қалың элементке батырусыз қолдануға рұқсат беріледі. Жіктердің пішіні қалың элементтен жұқасына біртіндеп ауысуды қамтамасыз етеді.

Құйылған бөлікті құбырлардың, прокаттың бөліктерімен түйістірген кезде, құйылған бөліктің номиналды есептік қалыңдығы құбырлардың, прокаттың элементтің ұқсас есептік қалыңдығынан 25-40 % артық болуы ескеріледі, сондықтан қалың элементтен жұқасына ауысу, құйылған бөліктің ұшының қалыңдығы есептік шамасынан кем болмайтындай етіп орындалады.

48. Люктерге, шағын люктер мен штуцерлерге арналған саңылау дәнекерленген жіктерден тыс орналасады.

Саңылауларды орналастыруға рұқсат беріледі:

1) егер саңылаудың номиналды диаметрі 150 мм артық болмаса ыдыстардың цилиндрлі және конусты жиектерінің ұзына бойының жіктерінде;

2) саңылауының диаметрі шектеусіз ыдыстардың цилиндрлі және конусты жиектерінің сақиналы жіктерінде;

3) дөңесті түптерінің жіктерінде саңылауының диаметрі шектеусіз түптердің дәнекерленген жіктерін 100 % радиография немесе ультрадыбыстық дефектоскопия әдісімен тексерген жағдайда.

49. Торосфералық (қорап тәрізді) түптерде саңылаудың орталық сфералы сегменттің шегінде орналасуына рұқсат беріледі. Және түптің орталығынан саңылаудың сыртқы жиегіне дейінгі хордасы бойынша өлшенетін қашықтық 0,4D артық болмайтындай етіп алынады, бұнда D-түптің сыртқы диаметрі.


  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет