А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет211/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   222
1679742366435 (2)

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. 
Ахмадуллин Ш. Развиваем мозг. Видеолекция 
https://www.youtube.com/watch?v=Nit6yjuT08c 
2. 
Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Оқу құралы- А ,2001 
3. 
Тебенова Қ.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология. –А, 2011 
4. 
https://erketai.kz/bala-densauligi/usak-motorikani-damitudin-bala-densauligina-aseri/
 
Шаймерденова Қ.М. 
Балқаш қаласы, «Ер Төстік» КМҚК бөбекжайы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ ОНЫҢ ІШІНДЕ ЕБҚЕ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ 
ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ IT ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Өз тәжірибесінде америкалық философ,педагог Джон Дьюи былай деген екен: «Егер 
бүгін кешегі күндей оқытатын болсақ ,онда біз балалардың ертеңгі күнін ұрлағанмен тең 
боламыз...» деп, осы сөздерді мақаламның дәйегі ретінде алсам,мектепке дейінгі білім беру 
мекемесіндегі оқу-тәрбие процесінде заманауи ақпараттық-компьютерлік технологияларды 
қолдану қазіргі мектепке дейінгі педагогикадағы ең жаңа және өзекті мәселелердің бірі 
болып табылады. Балабақша жағдайында әр түрлі ойындарда IT технологиясын қолдану 
қажет және орынды деп ойлаймын. 
Қазіргі күні балабақшаға келген балаларды қарапайым ойыншықтармен 
ойнатып,көңілдерін аулап алдандыра алмайтынымызды біреу білсе біреу білмейтіні 
белгілі.Қарапайым суреттер мен көрнекіліктерді пайдаланып өткізген ойын уақыттарымыз да 
өз деңгейіне жетпей жатқандықтан әрі қарай ізденуге тура келеді.Қазіргі күнде балаларды 
тақтаға қарата алмаймыз, «мынаған қарайықшы» деп жатсақ экран іздеп отырған баланы 
көреміз. 
Ал қолыңа телефон алып сонымен ән ойнатып немесе жиі ойнатылатын әуендер 
естілсе барлық балалардың көңілдері бірден экранға ауатыны барлығымызға мәлім. [1, б. 
42]. 
Қазіргі заман - техника заманы қазір қоғамның өзі гаджетсіз жұмыс бітпейтінін 
шаруаның барлығы қолдағы экран ішінде екенін күннен - күнге дәлелдеуде.Дәстүрлі 
әдістерден гөрі маған заманауи ақпараттық технологиялардың, соның ішінде 
компьютерлік 
технологиялардың 
үйлесімі 
осы 
қиын 
мәселені 
шешуге 
көмектеседі.Өйткені, бүгінгі бала ол ертеңгі қоғамның бір бөлшегі. 
Сондықтан балабақшада баланың білім беру қызметі кезінде белсенді, 
қызығушылықпен айналысатындай етіп ұйымдастыру өте маңызды. Білім беру жүйесінің 
алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілер балаларға 
ақпараттық мәдениеттілікті қалыптастыруға , білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу 
жүктеледі. [2, б.83]. 
Бала тәрбиесі отбасынан басталады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілдермен 
берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты 
педагогикалық өрісін күшейтеді.
Баланы заманына сай тәрбиелеу ол заманауи тәрбиешінің басты қағидасы деп айтар 
едім.Мен биылғы жылды қосқанда 10 жылдай уақытымды «Ер Төстік» бөбек жайының 
логопедтік-түзету тобында тәрбиеші болып жұмыс жасап келемін. Бұл топқа келген 
балаларға барлық әріптестерге белгілі ерекше сезім, ерекше көңіл ,ерекше білім қажет 


369 
етіледі. Балалармен өткізген уақытымның барлығын алдын ала дайындап,жоспарлап әр 
баланың ерекшелігін ескеріп , ойын-тәрбие үрдісін тиімді және жан-жақты 
ұйымдастырумен айналысудамын. [3, б.175]. 
Соның ішінде жаңа технологияны АКТ – ны меңгеріп өзімнің интеллектуалдық, 
кәсіптік деңгейімді көтеріп отырамын. Жан-жақты болу өз-өзімді дамыту, балалардың 
қызығушылығына мән беру,интернет желісін пайдалану ,оқу-тәрбие үрдісін тиімді 
ұйымдастыруыма үлкен көмегін тигізуде.
Күнделікті ойын әрекетінде балалардың білім алу 
кезінде белсенді қызығушылықпен айналысатындай етіп өтуіне АКТ-ның пайдасы өте зор. 
Мысалы: таным дағдыларын қалыптастыруға арналған ойындар өткізген кезде түрлі 
видеороликтерді арнайы дайындап қоямын немесе 
https://youtube.com/
 каналынан қосымша 
арқылы дайын бейнероликтер жүктеп көрсетіп отырамын. Түрлі технологиямен оның 
ішінде АКТ-ны пайдалана өткізілген ойындар, таным сағаттар балаларға оңай түсінікті 
және ұзақ есте қалады да кейін қайталауға да, есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында 
жалғасын табады. [4, б.96]. 
Интернеттің көмегімен немесе түрлі анимациялық қосымшалар арқылы өткізілген 
ашық ойын әрекеттері балаларды ерекше еркін сезінуіне, сөйлеу қабілеттері көтеріңкі 
көңілдерінен сезіліп тұрады. Өйткені көбінесе жаңа тақырыптарды алғанда , балаға сіңімді 
болу үшін мен осы технологияны үнемі тиімді пайдалануды әдетке 
айналдырып, басқа әріптестермен бөлісуді жөн санаймын.
«Гүлдер» ересек тобында АК технологиясының көмегіне 
сүйене 
отырып 
«Әлемге 
саяхат» 
тақырыбында 
ашық 
ұйымдастырылған іс-әрекет өте жоғары бағаланды. Мен үшін 
ғаламтор,желі ресурстары және тағы басқа АК технологиялары 
көптеген күнделікті қоршаған ортамен таныстыру немесе 
зерттеу,бақылау уақыттарында табиғаттану немесе экологиялық 
жағдайларды модельдеуге мүмкіндік береді.(табиғаттағы су айналымы,вулкан,өсімдіктің 
өсуі.).Ойлау процестерін белсендіруге көмектеседі (талдау, салыстыру және т. б.). [5,б.402]. 
Экранда ақпаратты ойын түрінде ұсынуым балалардың үлкен қызығушылығын тудырады,тек 
тыңдап отыратын балаларды белсенді әрекетке тартуға көмектеседі; 
Тәрбие жұмыстарымда мультимедиа арқылы зейінді белсендіруге, балалардың білуге 
деген ынтасы артуына, көрнекі материалмен жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын 
тигізуде , әрбір ойындарда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге,міндеттерді шешуге 
мүмкіндік береді және тұтастай алғанда тәрбиешінің білім беру жұмысын 
оңтайландырады.Ақпараттық технологияларды қолдану баланың заманымен білім алуы мен 
дамуына тиімді етуге мүмкіндік береді, бұл технология тек балалар үшін ғана емес, менің де 
жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіме септігін тигізуде.[6, б,96]. 
Қозғалыс, дыбыс, мультфильм баланың назарын аударып және олардың зерттелетін 
материалға деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Менің балалармен бірлескен іс - 
әрекетімде өзіндік ерекшеліктерім, иллюстрациялық материалды тарата отырып, дыбыстық 
және бейне жазбаларды қолданамын. Мұның бәрін бізге мультимедиялық мүмкіндіктері бар 
компьютерлік техника немесе ноутбукпен қосымшалар арқылы іске асырамын. [7, б.186]. 
Қазіргі қоғамда желілік электрондық ресурстар-бұл жаңа заманауи әдістемелік және 
дидактикалық құралдарды таратудың ең ыңғайлы тәсілі, олардың тұрғылықты жеріне 
қарамастан педагогтарға қол жетімді.Электрондық ресурстар түріндегі әдістемелік 
материалдар,ойын әрекеттерді дайындауға, жаңа әдістерді үйрену үшін, тиісті көрнекілік 
құралдарды таңдау кезінде жиі қолданамын.Педагогтердің желілік қауымдастықтары қажетті 
әдістемелік әзірлемелерді табуға және пайдалануға ғана емес, сонымен қатар өз 
материалдарымды орналастыруға, іс-шараларды дайындау және өткізу, түрлі әдістемелер 
мен технологияларды пайдалану бойынша педагогикалық тәжірибеммен бөлісуге мүмкіндік 
береді. 
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің мессенджерлері мен Интернет-сайттарын 
пайдалану педагогпен мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін арттыруға 


370 
мүмкіндік берді. Бөбекжайдың жетістіктері мен тәрбиеленуші балалардың бөбекжайда 
өткізген уақыттары туралы толық ақпарат алу, чаттар мен электрондық пошта арқылы хабар 
алмасу – осының бәрі педагогтар мен ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасауға 
көмектеседі.Сонымен қатар ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің өміріне 
тартып,балалардың болашағы мен тәрбиесінің тікелей қатысушылары екенін міндеттейді. 
[8, б.205]. 
Қазіргі ата-аналар топтардағы ақпараттық қалталарға аз көңіл бөле бастады, 
тәрбиешілер назар аудармайынша хабарландыруларды сирек байқайды. Ата-аналар 
педагогтармен сөйлесіп, балалары туралы заманауи құралдармен ақпарат алуды жөн көреді: 
бөбекжай сайты, WhatsApp-тағы чаттар және т. б. Әрине компьютер немесе технология 
құралдары тәрбиешінің орнын толтыра алмайды, ол тек көмекші құрал ғана бола алады. 
Дегенменде, 2020-2021 жылдарда ұзақ уақытқа созылған эпидемиологиялық жағдай 
кезінде осы технологияны жетік меңгерген педагогтар еш қиындықсыз жаңа тәсілдермен 
білім алудың жаңа форматына көшті. Үйде оқшауланып отырған балалар мен ата-аналарға 
қол жетімді және қызықты материалдармен бөлісе отырдық.Осы уақыт аралығында жаңа 
технологиялар педагогикалық процеске қатысушылардың рөлі мен қызметі өзгерген кезде 
балаларды бей-жай қалдырмайтын жаңа құралдарына айналды. 
Қорытындылай келе, балабақша жағдайында АКТ-ны қолдану қажет және орынды 
болуы мүмкін екенін атап өткім келеді.Бұл әрине барлық энергиямен жаныңды 
беріп,шаршағанмен, артынан алғыстарын жаудырған ата-аналардың кері жағымды 
байланыстары сенің сеніміңді күшейтіп,қайта қанаттандырады

[9, б.21]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет