А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет213/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   222
1679742366435 (2)

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. 
А. К. Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы: Рауан, 1992. 
2. 
Мектепке дейінгі педагогика: Оқу құралы/ Жұмабекова Ф. Н.- Астана: 
3. 
Эльконин Д. Б. Психическое развитие в детских возрастах // Избранные 
психологические труды. – М., 1978. 
4. 
Ш. Майғаранов «Мектепке дейінгі ұйымдағы оқушылардың рухани даму мәселелері». 
Шаухарова У.К. Ибрагимова Ж.А. 
Теміртау қаласы, «Қуаныш» КМҚК бөбекжайы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕ 
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ 
ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР 
Мектепке дейінгі білім беру барысы – әр адамның тұлға болып қалыптасуына негіз 
болатын, маңызды алғы шарттар жиынтығы біріктірілген, жауапты кезең. Сол себепті 


373 
педагогтар жан – жақты әдісті басшылыққа ала отыра, заманауи білім беруді жүзеге асырып, 
бүлдіршіндердің жаңашыл бағытта білім мен тәрбие алуына бар жағдай жасаулары тиіс.
Жалпы, заман ағымы дамыған сайын қоғам көз ілеспес жылдамдықпен дамып, тың 
бастамалар өзінің өзектілігін байқатуда. Сол себепті, мектепке дейінгі жастағы балаларды 
оқыту мен тәрбиелеуде ІТ қолдану аса үлкен қажеттілік. 
Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды балабақша жүйесінде кеңінен 
қолдана отыра, бүлдіршіндердің танымдық қабілеттерін арттырып, цифрлық қоғамға 
бейімдеп, болашақта өз – өздеріне сенімді, кез – келген жаңартылған жағдайларға дайын 
болатын тұлға тәрбиелеп шыға аламыз. 
Жалпы, мектепке дейін білім беру ұйымдарының атқаратын қызметі ұшан – теңіз. Ол 
кемелдеңген келешектің қалыптасуына түрткі болып, ел тұтастығын сақтауға жол ашады. 
Осы орайда, айта кетуі керек, білім алуға, мекеме ұйымында тәрбиеленуге кез – келген 
бүлдіршін толыққанды құқылы. Инклюзивті білім берудің басымдықтары жаңашылдыққа 
аяқ басқан еліміз үшін қашан да өзінің өзектілігін байқатпақ. 
Қазіргі заманғы білім беруді жаңғырту, жаңа стандарттарды енгізу, жас ұрпақтың 
санасын рухани – адамгершілік бағдарларға аудару ізгілендіру мен білім алудың тең 
мүмкіндіктерінің идеясы өзектіленуде. Атап айтқанда, идеяларды ізгілендіру, дараландыру 
«Білім туралы» Заңда ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың және олардың ата – 
аналарының құқықтары туралы ереженің пайда болуына, білім алудың нысаны мен білім 
беру ұйымдарын өз бетінше анықтауға алып келді.
Инклюзивтік тәсіл бағытындағы білім беру ұйымы қызметінің негізгі бағыты – бұл 
ерекше білім алуды қажет ететін балаларды әдетте, құрдастарымен дамитын және «бірдей 
дәрежедегі серіктестер» құқығындағы ересектер ұжымына қосу болып табылады.
Егер дені сау бала айналамыздағы әлемді тек білім алу барысында ғана емес, сонымен қатар, 
көбінесе, балалар өздерінің құрдастарымен тікелей қарым – қатынас жасау мүмкіндігіне 
сабақтан тыс уақытта ие болады, ал үйде оқитын ерекше білім алуды қажет ететін балалар 
бұл мүмкіндіктен айырылады. Сақталған зият кезінде мұндай балаларда әлеуметтендіру 
тәжірибесі аз болады, олардың қоршаған әлем туралы тануы үстірт болып табылады, 
болашақ олар үшін белгісіз болып көрінеді. Көптеген балалар, оқыту мен тәрбиелеу 
мақсатында отбасы, мамандар және қоғам қабылдаған күш – жігерге қарамастан, ересек адам 
болып, әлеуметтік – экономикалық өмірге қосылуға дайын емес екендігін көрсетеді. Қазіргі 
қоғамда инклюзияны түсіну негізгі проблемалардың біріне айналды.
Ерекше білім алуды қажет ететін адамдардың қоғамда өздерін қалай жүзеге 
асыратыны маңызды емес, ең бастысы, адамзаттың осындай адамдарға деген қарым – 
қатынасы. Себебі әр адам айналасындағы адамдардың қолдауы мен қабылдауына мұқтаж. 
Инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға барлық әлеуметтік процестердің формасы 
мен құралдарын таңдауға және іс – шараларға қатысуға шектеу қоймайды, білім берудің 
барлық деңгейінде, бос уақытты ұйымдастыру процесінде, барлық жағдайда олардың 
еркіндігі сақталады.
Қоғамдық ортадағы кедергілерді жеңетін сананы өзгертетін қолжетімді және 
жағымды ахуал жасау қажет. Сондықтан да заманауи әлемде инклюзия процесі қоғамдық 
өмірге, қандай да бір техникалық немесе ақпараттық өзгерістерді енгізу ғана емес, ең 
алдымен өмірге және оның құндылықтарына деген көзқарастардың өзгеруі.
«Инклюзивтік мектепке дейін» [1] нұсқаулығында мүмкіндігі шектеулі жандардың 
теңдігін түсіндіру үшін әңгімелерді, әндерді, музыканы, қойылымдарды, рөлдік ойындарды, 
сурет салуды, теледидарды және фильмдерді қолдану ұсынылады. Адамның 
онтогенетикалық дамуының әртүрлі кезеңдерінде бұл әдістерді пайдалану жас ерекшелігіне 
ие болады.
Мектепке дейінгі жас шамасы толеранттылыққа негізделген жеке қасиеттердің 
көпшілігін қалыптастыруға оңтайлы, себебі бұл кезеңде балалардың қарқынды дамуы орын 
алады, әлеуметтік қатынастар саласына деген қызығушылық пайда болады, мәдени нормалар 
мен мінез – құлық ережелерін игере бастайды, өзін – өзі басқару мен өзін – өзі реттеу 


374 
басталады, құрбылармен қарым – қатынас бағалы болады, басқа адамдармен ынтымақтасу 
қажеттілігі бар, оларды тану және құрметтеу, өзара көмек пен қайырымдылыққа, олардың 
теріс импульстарын шектеуге және конфликт жағдайларын сындарлы түрде шешуге 
дайындық бар. [2, 61 б.]. 
Кішкентай білім алушылармен жұмыс істеу әңгімелер, әдеби шығармаларды оқу және 
талдау, анимациялық фильмдерді қарау және талқылау, анимациялық фильмдерді қарау және 
талқылау, өнер элементтері мен ертегі терапиясының жаттығулары болып табылады. 
Заманауи әлемдегі арнайы білім қажеттіліктері бар адамдардың өміріне әдетте дамып келе 
жатқан балаларды таныстыратын «Мейірімділік сабақтары» циклын, адамдарға көмектесу 
және олармен қарым – қатынас жасау ережелерін қарастыруға болады. [3].
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке – дара 
мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті 
қамтамасыз ететін процесс. 
Кез – келген ата – ана өз бүлдіршінінің толыққанды ортада өсіп – жетіліп, өзге 
балалар секілді дамығанын қалайды. Әрине, туа бітті кемістігі болса да, ол қоғамнан 
шеттетілмеуі тиіс. Керісінше, өз қатарластарымен бір деңгейде тәрбие мен білім алу, ерекше 
жаратылған бүлдіршіндердің өздеріне деген сенімділіктерін арттырып, қоғамға оң көзқарас 
қалыптастыруға түрткі болатыны сөзсіз.
Инклюзивті білім беру әлемдік білім кеңістігінде білімге тең қолжетімділікті 
қамтамасыз етудің тиімді механизімі болып табылады. Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ 
жоғары комиссарының басқармасы атап өткендей, инклюзивті білім беру мемлекет 
тарапынан адамның құқықтарын шектемей жалпы білім берумен қамтамасыз етудің оңтайлы 
тәсілі ретінде танылған.
Қазіргі заманда инклюзивті білім беру – бұл барлық дамыған мемлекеттерге қатысты 
болатын жаһандық қоғамдық процесс. Әлемдік қоғамдастықта сапалы білімге тең 
қолжетімділікті жүзеге асырудың тиімді механизмдерінің бірі ретінде танылған инклюзивті 
білім беру білім жүйесінің барлық компоненттерін қайта түсіндіруді талап ететін көп 
аспектілі процесс болып табылады. [5, 21 б.]
Инклюзивті білім қажет ететін және денсаулығы бірқалыпты бүлдіршіндердің басын 
біріктіре отыра, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңартылған бағытта жоспар 
құрып, нақты әдіс – тәсілдерге сүйене отыра жұмыс жасау қашан да өзінің өзектілігін 
байқатпақ.
Біз озық елдермен иық тіресе дамып, басымдығымызды байқатып келе жатқан 
мемлекетпіз. Олай болса, жас буын өкілдерін ерте кезден инновациялық технологиялармен 
таныстырып, оның артықшылықтарын тәрбиелеу құралы ретінде сәтті пайдалана білсек, оң 
нәтижеге қол жеткізетініміз анық. 
Қазіргі балаларды оқыту кезінде ерте жастан бастап өмір бойы білім алу үшін 
жаһандық дағдылар мен ынталарын қалыптастыру өте маңызды. Осыған байланысты білім 
берудің мақсаты білім алушылардың үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы, кең 
ауқымдағы дағдыларға ие білім беру кеңістігін құру болып табылады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында 
бүлдіршіндердің қажеттіліктері мен мүмкіншіліктерін ескере отырып, оқытудың нысандары 
мен әдістерін таңдау тұрғысынан неғұрлым икемді және бейімделген, сонымен қатар, білім 
берудің жаңартылған мазмұнының бағдарламалары саралау және дараландыру принциптерін 
ұстануға жеткілікті жеңіл түрде мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда барлық мекеме тиісті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 
жаңартылған үлгіде жұмыс жасауға барынша қолайлы орта қалыптастырылған. Түрлі әдіс – 
тәсілдермен көкмкерілген оқыту мен тәрбиелеу бүлдіршіндердің қызығушылығын оятып
балабақшаға зор ынтамен келуге мүмкіндік беріп, сонымен қатар жақсы дамуына негіз 
болады. Инклюзивті білім алуды қажет ететін жандар үшін де ақпараттық – технология 
өзінің көп көмегін тигізеді. Цифрлы сауаттылық қашан да кенже қалмауы тиіс. 


375 
Біз талай жылдық тәжірибесі бар тәрбиешілер ретінде үнемі кез – келген тың 
бастаманы қолдап, практикада іске асыруға тырысамыз. Біліктілікті толықтырып отыру, 
жаңа көзқарасты игеріп әкету, заман талабына сай болу әр маманның алдына қойған басты 
міндетіне айналуы тиіс. Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі ел іргесінің тұтқасын ұстайтын 
тұлғалар. Саналы ұрпағымыз көп болсын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет