А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Пайдаланылатын әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет39/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   222
1679742366435 (2)

 
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
1. Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном образовании. – М., 1994 
2. Безруких М.М., Парамонова Л.А., Слободчиков В.И. и др. Предшкольное обучение: 
«плюсы» и «минусы»//Начальное образование.-2006.-№3.-С.9-11. 
3. Езопова С.А. Предшкольное образование, или Образование детей старшего дошкольного 
возраста: инновации и традиции//Дошкольная педагогика.- 2007.-№6.-С.8-10. 
Аманбаева Қ.А. 
Балқаш қаласы, «Айгөлек» КМҚК бөбекжайы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЕРТЕ КӘСІПТІ БАҒДАР БЕРУДІ ДАМЫТУДА 
ІТ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ 
Мектеп жасына дейінгі балаларды мамандықтар әлемімен, үлкендердің еңбектерімен 
таныстыру – бала өміріндегі маңызды кезең.
Мектеп жасына дейінгі балаларға кәсіптік 
бағдар беру, қазіргі мектепке дейінгі педагогикадағы жаңа және аз дамыған бағыт болып 
табылады.
Әдетте бұл сұрақ мектепте жоғары сынып оқушылары арасында туындай 
бастайды, дегенмен балаларды бұған балабақшадан бастап дайындауға болады. Тақырып 
жеке тұлғаның жан-жақты дамуының құрамдас бөлігі екендігімен өзекті.
Балабақшада балаларды әрқашан мамандықтармен таныстырамыз. Дегенмен, балалардың 
мамандық туралы түсініктері шектеулі.
Сонымен қатар, біздің әлемде мамандық түрлері өте көп. Балалармен әңгімелесу 
барысында олар ата-аналарының мамандықтарымен жеткілікті түрде таныс еместігі 
анықталды.
Балалар ата-анасы немесе ата-әжесі кім болып жұмыс істейтінін біліп және 
әртүрлі еңбек түрлерімен танысып, сонымен бірге балалардың еңбекке деген құштарлығын 
ояту керек.
Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға, ерте кәсіптік бағдар беру бойынша 
жұмыс жүйесін әзірлеу қажет болды.


65 
Осы бағыттың өзектілігін негізге ала отырып, біз «Мамандықтар әлемінде» жобасын 
әзірледік, оның мақсаты – мамандықтар әлемі туралы білімдерін арттыру, үлкендердің 
жұмысына қызығушылықтарын қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер белгіленді: мамандықтардың алуан түрлілігі 
туралы балалардың түсініктерін кеңейту; коммуникативтік және шығармашылық 
қабілеттерін дамыту; үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әңгімелесулер мен әңгімелер циклі балаларды мамандықтарға баулуда, олардың ой-
өрісін кеңейтуде маңызды қадам болды.
Балалармен жеке әңгіме жүргізе отырып, 
әрқайсысына келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылды: «Адамдар жұмысқа не үшін барады?», 
«Сіз қандай мамандықтарды білесіз?», «Анаң мен әкең қайда істейді?», «Адамдар не 
істейді?».
Балаларға мамандықтың күнделікті жасалатын және басқа адамдарға пайдалы кәсіп 
екенін, мамандықты арнайы оқыту керектігін, әр мамандықтың өз құралдары болатынын 
түсіндірдік.
«Мамандықтар әлемінде» жобасын жүзеге асыру барысында «Qonzhyk.kz» 
қосымшасы арқылы балаларға ерте кәсіптік бағдар жүргіземін. «Play market» тен 
«Мамандықтар әлемі - балаларға» қосымшасы арқылы сандық білім ресурстарын 
пайдаланып, мамандықтардың қыр-сырына үңілеміз ( 1-сурет) 
№1 сурет. Балаларға арналған «Мамандықтар әлемі» 
Бұл көрнекіліктер, ойындар, сөздік және практикалық сияқты әдістер. Біз өз 
жұмысымызда көрнекілік әдісін кеңінен қолданамыз – бұл картиналар мен иллюстрациялар, 
бейнероликтер, экскурсия кезіндегі бақылаулар.
Балаларға арналған экскурсияны өткізу балабақша қабырғасынан басталды. Мысалы, 
медициналық кабинетке экскурсияда, балалар медбикенің жұмысын бақылап, мұнда бәрі 
таза және стерильді екенін, екпелердің осында жасалатынын білуге мүмкіндік алды.
Балабақшаның ас үй және кір жуатын бөлмелеріне де экскурсиялар ұйымдастырылды.
Онда 
балалар аспазшының жұмысымен және жұмысқа арналған құралдарымен танысты.
Оларды 
ықыласпен тыңдап, кір жуғыш машина операторларының жұмысын тамашалады. Осылайша, 
біз жеке бақылаулардан жаңа әсер алдық.
Дегенмен, ересектер еңбегінің көптеген түрлерін 
бақылау мүмкін болмағандықтан, балаларды кәсіпке баулуда біршама қиындықтар болды.
Сондықтан біздің жұмысымызға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
көмектесті – бұл дәстүрлі емес формалардың бірі болып табылатын виртуалды экскурсия.
Виртуалды экскурсия барысында бала ересектердің нақты жұмыс орындарында бейнеленген 
әлемге енеді.
Мысалы, балалармен қаламыздың өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасау әрдайым 
мүмкін емес, бірақ сіз өрт сөндірушілердің бөлімшеде не істеп жатқанын виртуалды түрде
көре аласыз (2-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет