68
бойына сіңіре білуіміз қажет. Сондайақ балаларды жан-жақты жаңа заман талабына сай
дамытуды басты назарда ұстау керек.
Мектеп жасына дейінгі әртүрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндігі шектеулі балаларды
дамытуды көздейтін кіріктірілген білім беру үрдісінде, ақпараттық технологиямен дамыту
және тәрбиелеуде біз уақытты тиімді пайдаланып қана қоймай балаға сапалы білім мен
саналы тәрбие бере аламыз.
Технология балаларға олардың академиялық дамуының өте ерте кезеңдерінде
көмектесетін білім беру ресурстарының кең ауқымына қолжетімділікті ашады. Планшет бұл
технология түрін оқыту процесіне, әсіресе төрт пен алты жас аралығындағы балалармен
жұмыс істегенде біріктірудің тамаша тәсілі.
Балалар сенсорлық экран құрылғыларын пайдалануды жақсы көреді. Айта кету керек,
бірақ оларды қаншалықты жиі пайдалану керектігі туралы ақылға қонымды нұсқаулар болуы
керек. Балалар уақытының көп бөлігін жарқыраған экрандар алдында өткізу жақсы емес.
Шын мәнінде, құрылғыны пайдалану мен теледидарды көру арасында электронды
гаджеттерді пайдалануды бақылау және шектеу керек.
Оқыту мен тәрбиелеудің түрлі стильдері мен тәсілдерін және бала қажеттілігін ерекше
негізге ала отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бардарламасы
бойынша жүзеге асырылылуы әрине тиімді.
1.
Физикалық
қасиеттерді дамыту
2.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
3.
Танымдық және зияткердік дағдыларды дамыту
4.
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс әрекетін дамыту
5.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
Осы дағдылар бойынша есту, көру
1. Физикалық қасиеттерді дамыту бойынша жас деңгейіне байланыста түрлі видео
роликтерді компьютер, теледидар,
интерактивті тақта, сотка, планшеттерден қою арқылы
көрсету. Балаларға видео роликтерді көру, есту арқылы жасау қызықты болумен қатар көңіл
- күйлерін көтеріп белсене қатысып, қызығушылықпен қайталауғы шабыт береді.
Мысалы: Кіші топ (2 жастағы балаларға) қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеру; қолды кеуде
тұсында айқастыру және екі жаққа жазу сияқты жаттығуларды аталған ақпараттық
құралдардың бірінен видео роликтер арқылы көрсетсек бала орындау техникасын бір
көргеннен үйреніп алары анық.
Инклюзивті білім беру арқылыда ерекше қажеттіліктері бар балалардың да осы
бағытта білім алуын қамтамасыз ете отырып денсаулығын нығайтып өзіне деген сенімін
қалыптастырып жеке жұмыс жасауға да болар еді.. Үй жағыдайында ата аналар үшінде
қолайлы.
2. Коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша түрілі кейіпкерлерді нысанаға ала
отырып кері байланыс беретін, сұрақ-жауап арқылы ойландырып қана қоймай сөздік
қоржындарын толтыратын ойын ретінде мектепке дейінгі мекемелерден бастап күнделікті
видео роликтер көрсету және ертегілер тыңдату,
жалпы осы бағытта көптеп
қызығушылықтарын арттыратын қазақ тіліндегі бағдарлама, ойындар ұсынылса дені сау
бала ғана емес денсаулығында ауытқушылығы бар балаларда қызығушылықпен ойнап жүріп
өз ойын еркін анық жеткізуге талпынатыны анық.
Мысалы: Ортаңғы топ (3 жастағы балалар) астында, артында, жанында тәрізді сөздерді іс-
әрекет барысында тәрбиеші көрсету арқылы емес видео роликтерден көрсе тиімдірек болар
еді.
3. Танымдық және зияткердік дағдыларды дамытуда интелектуалдық қабілеттерін
дамыту бағытында қазақ тілінде видео роликтер, электронды кітаптар, 3Д кітаптар,
сөйлейтін қуыршақтар жәнеде оқымысты қоян тағы сол сияқты көптеген ақпараттық
құралдар негізінде балабақша балаларына арналған оқулықтар да
көптеп отанымызда
құрастырылса еш уақытта артық болмас еді. Себебі күн сайын бір дүние ойлап тауып әлем
69
сағат сайын дамып жатқанда біздің қазақ елінің балалары да болашақ сеніммен қарап еліне
өз үлесін қоса алатындай деңгейде тәрбиемен бірге білім алуы қажет деп санаймын.
Мысалы: Ересек топ (4 жастағы балалар) Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн)
олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктерін суреттен емес ақпараттық
құралдардың бірінен көрсе есінде әлде қайда ұзақ сақталары анық.
4. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс әрекетін дамыту
бағытындағы сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру бойынша видео роликтер пайдалану
өте тиімді бала тәрбиешінің көрсету барысында түсінбей немесе үлгермей қалған жағдайда
қайталап көруі үшін қолайлы. Ал тәрбиеші қайталап көрсетіп немесе айтып түсіндірмей-ақ
балалардың қауіпсіздігі мен жұмыс жасау барысын бақылап әр балаға көңіл бөлуі үшін
уақытын тиімді пайдаланар еді.
Дәл осы сәтте тобында инклюзивті білім беруді қажет ететін бала болса онымен де
жеке жұмыс жүргізуі тиімді болады.
Мысалы: Мектепалды топ, (5 жастағы балалар) Жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк,
қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығару барысында видеодан көрсе немесе
электронды кітаптардан қандай түстерді араластыру арқылы қай түсті шығаратыны айтылса
балаға да өз бетінше тәжірибе жасап айналысуына мүмкіндік туып қана қоймай өзіне деген
сенім қалыптасады.
5. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру бойынша ерекше тоқталсам
Менің Отаным – Қазақстан. Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік мерекелер,
Қазақстан
Республикасының рәміздерін, Қазақстан Республикасының Президенті, оның халық үшін
атқаратын қызметінің маңыздылығын балаға үйрету қаншалықты маңызды болса, ғылыми
жаңалықтар мен инновациялық технологиялар мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен
оқыту саласын заман талабына сай дамытуда өте маңызды.
Мысалы: Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында
еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік,
белсенділік т.б. қасиеттер дамыту болып табылады.
Планшеттер сотка балаларға маңызды байланыстар жасауға көмектесетін көрнекі
және есту мүмкіндіктеріне ие. Ал электронды кітаптар барылық жастағы балалар үшін де
қызықты әрі өзі қалағанын қайталап қоя алатыны бала үшін тиімді құрал. Ең бастысы
ақпараттық құралдарда оқыту мен тәрбиелеу және денсаулықты
нығайтуға арналған
көптеген ойындар бар.
Балаларда оқудың барлық деңгейлеріне арналған бірқатар ойнай отырып орындайтын
оқулықтарға қол жеткізе алады. Маңыздысы, бұл көптеген кедей балалар үйде қол жеткізе
алмайтын ресурстар. Технологиялар дамып келе жатқан әлемде негізгі технологиялық
сауаттылыққа ие болуы үшін 4-5 жастан бастап баланы түрлілі ақпараттық құралдармен
жұмыс жасауға үйрете бастау керек.
Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға арналған ақпараттық
құралдарда: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлауға өз
бетімен ізденуге үйретіп
қана қоймай, танымдық және шығармашылық қабілеттерін т.б.
дамытады. Дегенмен, бұл құралдарды пайдаланудың түпкі мақсаты – техникалық
сауаттылықты арттыру екенін естен шығармауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: