2. Семинарға дайындық бойынша әдістемелік ұсыныстар
(практикалық сабақтар)
Студент әрбір практикалық сабаққа дайындықты ұсынылған тақырыптың мазмұнын көрсететін, практикалық сабақ жоспарымен танысудан бастау керек. Жоспар бойынша сұрақтарды мұқият ойластыру және зерделеу ағымдағы дәріс материалдарын пысықтауға, және содан кейін осы тақырыпқа ұсынылған міндетті және қосымша әдебиеттерді зерттеуге негізделген. Зерттелетін тақырып бойынша барлық жаңа ұғымдарды жаттап, глоссарийге енгізу керек. Оны курсты оқудың басынан бастап жүргізген жөн. Осындай жұмыстың нәтижесі студенттің еркін жауап беру қабілетінде, қарастырылған тақырыпты ұжымдық талқылау барысында сөз сөйлеуі кезінде, практикалық тапсырмалар мен бақылау жұмыстарын дұрыс орындау кезінде көрінуі керек. Практикалық сабақтарға дайындық процесінде студенттер ұсынылған әдебиеттерді өз бетінше оқуға ерекше назар аудару керек. Ондағы дәріс қаншалықты толық жазылғанымен аудиториялық сағаттардың лимитіне, берілген уақытына байланысты барлық материалды қамту мүмкін емес. Сондықтан оқулықтармен, оқу құралдарымен, ғылыми, анықтамалық әдебиеттермен, мерзімді басылым материалдарымен өздік жұмыс және семинар сабақтары оқу пәнінің маңызды тақырыптарын зерттеуді аяқтайды. Олар зерттелген материалды бекітуге, баяндамалар, хабарламалар дайындау біліктіліктері мен дағдыларын дамыту, көпшілік алдында ауызша сөз сөйлеу, пікірсайыс жүргізу тәжірибесін жинақтау, ұсынылған пікірлерінің аргументтерін дәлелдеу және қорғау, сондай-ақ оқытушынға студенттердің зерттеліп отырған пән бойынша дайындық дәрежесіне бақылау жасау үшін кызмет етеді.
Семинар таңдалған тақырып бойынша еркін пікір алмасуды көздейді. Ол оқытушының сабақтың мақсатын тұжырымдайтын және оның негізгі мәселелерін сипаттайтын кіріспе сөзінен басталады. Содан кейін, әдетте, студенттердің хабарламалары тыңдалады. Хабарламаны талқылау жоспарланған мәселелерді қарастырумен біріктіріледі. Жекелеген мәселелер бойынша талдауды көздейтін хабарламалар, баяндамалар әдетте сабақтың ортасында тыңдалады. Тақырыпқа, мәселеге байланысты балама пікірлерді ұсыну және талқылау көтермеленеді. Оқытушы сабақ соңында тақырыпты, талдауларды қорытындылайды және сабаққа қатысып, сөз сайлеген студенттердің бағаларын жариялайды. Семинарға дайындық кезінде студенттер оқытушының кеңестерін пайдалана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |