А. Ф. Джаксылыков, А. И. Урюстюмова. МӘдениеттану барлық бакалавриат мамандықтары үшін культурология


Әдебиеттермен жұмыс бойынша әдістемелік ұсыныстар



бет4/24
Дата04.10.2023
өлшемі96.93 Kb.
#479723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
методичка Джақсылықов А. Ф., Урюстюмова А.И.

Әдебиеттермен жұмыс бойынша әдістемелік ұсыныстар.

Әдебиеттермен жұмысты мақсатты түрде тақырып бойынша жалпы жұмысты зерттеуден, сондай-ақ оқулықтар мен оқу құралдарынан бастаған жөн. Содан кейін курс аясында оқытылатын мәселелердің жекелеген аспектілерін қарастыратын монографиялар мен мақалаларды, сондай-ақ зерттелетін тақырыптың негізгі мәселелері болуы мүмкін ресми материалдар мен жарияланбаған құжаттарды (ғылыми-зерттеу жұмыстар, диссертациялар) талдауға көшу ұсынылады. Деректермен жұмыс істеудің келесі кезеңі негізгі тезистер мен дәлелдерді қамтитын, тіркейтін конспект құру болып табылады. Оқытылатын курсты жеке тақырыптары бойынша оңай жүйелеу үшін жеке парақтарда жазбалар жасауға болады. Одан басқа тәсілі ретінде белгілі бір тақырып бойынша жеке дәптерге тақырыптық конспект жасауға болады. Монографиялық сипаттағы үлкен арнайы жұмыстарды жеке дәптерлерге конспект жасаған дұрыс. Конспектіні парақтың бір жағына жазып, шеттер мен жоларалық қашықтықты түзету және жөндеу үшін жеткілікті орын қалдыру маңызды (бұл ережелер редакциялауға ыңғайлы болу үшін сақталады). Егер конспектіде цитаталар болса, онда міндетті түрде дереккөзге сілтеме берілуі керек (авторы, атауы, бет нөмірі). Кейіннен бұл ақпаратты реферат мәтінін немесе басқа тапсырма жазу кезінде пайдалануға болады.




3. Семинар сабақтарының тақырыптары және оқытушының
студенттермен өздік тапсырмалар жұмысы.
Семинар 1. Мәдениеттану ғылым ретінде.
Семинар сұрақтары:
1. Мәдениеттану пәні мен міндеттері.
2. Мәдениеттану пәнінің ғылым жүйесіндегі алатын орны.
3. Мәдениеттанудың қалыптасуындағы мәдени антропологияның рөлі.
4. Мәдениеттанудың ғылым ретіндегі функциялары мен әдістері.
5. Мәдениеттану пәнінің құрылымы.


Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)
Тақырыбы: Мәдениет типологиясы. (Мәдениет түрі туралы түсінік, мәдениеттің тарихи типологиясы, көлденеңінен және жергілікті типтеу тәсілілдері).
Кілт сөздер: мәдениет түрі, типология мазмұны:
1. Зерттеу әдісі ретінде мәдениеттің типологиясы.
2. Мәдени-тарихи типология принциптері мен өлшемдері (критерилері).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет