А. Ф. Джаксылыков, А. И. Урюстюмова. МӘдениеттану барлық бакалавриат мамандықтары үшін культурология



бет2/24
Дата04.10.2023
өлшемі96.93 Kb.
#479723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
методичка Джақсылықов А. Ф., Урюстюмова А.И.

Пәннің қысқаша сипаттамасы

ХХ ғасырда гуманитарлық теория адам мен оның тіршілік әрекетінің құбылыстарын кешенді зерттеудегі, соның ішінде бірінші кезекте мәдениеттегі кешенді зерттеудің қажеттілігін түсінді. Ұлттық сананың өсуі қазіргі кезде қоғамда қалыптасқан, өсіп келе жатқан жан жақтылықтың элементі ретінде мәдениеттің жаңа субординацияларын анықтауды талап етір отыр. Қазіргі біздің қоғамда өте көп өзгерістер орын алуда, әсіресе материалдық және рухани салада. Сондықтан бүгінгі жаңа қоғамда мәдениетті жүйелі түрде талдауға қажеттілік қалыптасып, туындап отыр.



1.2 Пәнді зерделеу мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты:


«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу контекстінде білім алушылардың, қатысушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру.
Мәдениеттанудың категориялық аппаратын меңгеру негізінде студенттерді мәдени ойлау тарихымен таныстыру, әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму заңдылықтары мен ерекшеліктері туралы идеяларды қалыптастыру, қазіргі заманғы мәдениеттанудың негізгі мәселелерінің мәнін анықтау.

Пәнді оқутудың міндеттері:


- студенттердің мәдениеттанулық ақпаратты алудың негізгі көздері мен әдістерін меңгеруі;
- мәдениеттану пәні бойынша игерген, алған білімдерін кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
- «мәдениет» түсінігін анықтаудың негізгі тәсілдерін білу, қоғам мен адам өміріндегі рөлін сипаттай білу, мәдениеттің түрлері мен формаларын, оның функцияларын білу;
- сыни ойлау дағдыларын және оны практикада қолдану қабілетін қалыптастыру.

1.3 Пәнді зерделеу нәтижелері

Оқу нәтижелері Дублиндік дескрипторлар негізінде тиісті білім


деңгейімен анықталады және құзыреттілік арқылы айқындалады.
Білім алушыларға:
- мәдениеттің әртүрлі салаларын зерттеуде мәдениеттанулық талдаудың негізгі әдістерін жүйелі түсінуді көрсету;
- мәдениеттану бойынша алған білімдеріне сүйене отырып, өзінің кәсіби идеялары мен дағдылары негізінде мәдениет түсінігін көрсету.
- ел, өңір, қала және т. б. деңгейде болып жатқан мәдени процестерді сыни тұрғыдан талдау, бағалау және синтездеу.
- мәдени институттардың ерекшеліктерін олардың қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы рөлі тұрғысынан талдау жасау.
- коммуникативтік міндеттерді шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдану.
- қоғамға байланысты белгілі бір жағдайды нақты бір ғылым тұрғысынан әлеуметтік-гуманитарлық типі бойынша бағалау, ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, оның даму перспективаларын жобалау;
- қоғамдағы, оның ішінде кәсіби қоғамдағы жанжалды жағдайларды шешу бағдарламаларын әзірлеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет