А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014


Топырақ картасын картографиялаудағы жаңа әдістер



бет23/32
Дата06.12.2023
өлшемі3.14 Mb.
#485706
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ

8.3 Топырақ картасын картографиялаудағы жаңа әдістер

Топырақ жамылғысын зерттеуде, топырақ картасын түзету және құрастырудағы прогресс топырақ жамылғысы құрылымын бейнелеу бағытымен жүреді. Бұл процесте топырақ жамылғысының кеңістіктік таралуын сипаттайтын арақашықтық мәліметтерді қолдануға мүмкіндік береді (8- сурет).





8-сурет . Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ картасы


(масштабы 1:1 000 000)

Ғарыштық суреттер, топырақтың ендік және бойлық белдеу бойынша көруге және картографиялауға мүмкіндік беретін ауқымды аймақтарды қамтиды. Мазмұны мен дәлдігі бойынша орташа және ұсақ масштабтағы топырақ карталарын құрастыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта ғарыштық суреттер және ара-қашықтық зерттеулердің басқа да әдістерінің мәліметтерін топырақтанушылар топырақ картасының мазмұнын құрастыру мен нақтылауда және бұрын шығарылғандарды жаңартуда; жаңа типтегі карталарды өңдеуде; топырақ қасиеті мен оның құрамын зерттеуде, сонымен қатар олардың динамикалық ерекшелігін зерттеуде қолданады.


Топырақтың қасиетінің өзгеруін бақылау кезіндегі арақашықтық әдістерді қолдануда, топырақ және топырақ жамылғысының әуеғарыштық бақылануына көңіл бөленеді. Бұл бағыт болашақта топырақтың маусымдық және екінші рет тұздануына қарай мелиоративті шараларды есептеу және болжауымен байланысты.
Суреттерді дешифирлеу тура және жанама белгілер негізінде жүргізіледі. Топырақтануда ғарыштық суреттердің пайдалану ерекшелігі – бұл дешифрлеу кезіндегі жанама көрсеткіштердің басымды болуы. Қазіргі кезде ғарштық суреттер арқылы топырақтардың типін және типшелерін нақты зерттеуге болады. Ғарыштық суреттерді топырақ карталарын жаңартуда да пайдаланды, ол үшін бірнеше әдістемелік тәсілдер құрастырылған.
Зерттеу үш кезеңнен тұрады: алдын ала зерттеулер (предполевой), камералды, далалы және дала зерттеулерінен кейінгі камералды.
Бірінші кезеңде әуеғарыштық және картографиялық деректерді жинау және аумақты табиғи- аймақтық кешендерге бөлу жұмыстары жүргізіледі. Дала зерттеулеріне барлау жұмыстары кіреді. Бұл кезенде алдын-ала анықтаған контурларды тану және олардың интерпретациялау, топырақтарың генетикалық айырмашылығын тексеру және жұмыстың бірінші кезеңінде анықталған шекараларды нақтылау жұмыстары жүргізілді.
Дала зерттеулерінен кейінгі кезеңде болашақ картаның мазмұнын нақтылау, далалық және зертханалық мәліметтерді талдау бойынша контурларды салыстыру және сәйкестендіру, карта легендасын нақтылау және оны дайындау жұмыстары жасалады. Топырақты картографиялауда ғарыштық әдісті қолдану топырақ картасын құрастыру жұмысын тездетеді, картаның нақтылығы мен дәлдігін жоғарлатады. Осыған байланысты дешифрлеудің автоматтандырылуы жұмыстары бойынша жаңа бағыт дамуда – бұл суреттегі ерекше құрлымдарды тану арқылы бейне суретін зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет