А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет20/32
Дата06.12.2023
өлшемі3.14 Mb.
#485706
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ

Су режимі карталары. Су режимі карталары - сандық және сапалық көрсеткіштермен айқындалған су массасының динамикасын көрсетеді. Карталардың негізін, жергілікті жердің негізгі гидрологиялық ерекшеліктерін, жер беті суларының қорын және олардың уақытқа байланысты өзгергіштігін көрсететін су режимі картасы құрайды.
Су режимін картографиялау 2 жақты болуы мүмкін: жылдық ағынды құрайтын жекелеген жақтардың бағалаулары, (орташа, максимальды және минимальды ағын, белгілі дәрежеде қамтамасыз етілген ағын), немесе гидрогеологиялық кезеңдерді бөлектеу және сол кезең бөліктерінің өзіне сәйкес сипаттамасы. (судың тасуы, төмен түсуі). Дәл мүндай сипаттаманы жекелеген, айтарлықтай күрделі құбылыстарға, мысалы селдерге де беруге болады. Бірақта, орташа жылдық ағындарды бағалау негізгі болып қала береді және ондай карталар ең қарапайым. ТМД территориясына жасалған карталар ішінен (1962 ж) 1:5 млн масштабтағы ағын картасын айтуға болады. Карта негізгі интервалы 1 км2 л/с изосызықтардан құралған. Картада, ағындардың қаттылығы су жинау ауданына қатысты емес кіші өзендер, кіші өзендердің ағыны су жинау ауданы үлкейген сайын кемитіні ағын биіктеп тереңдеген сайын артатыны түспен ерекшеленіп көрсетілген. Аудандық карталардың көп бөлігі жарық көрді. Кешенді атластарда су режимі карталарының жиынтығы әртүрлі.
Жер беті суларының сипаттамалары үшін, үнемі жарық көріп отыратын «Жер беті сулары ресурсы» деген анықтамалық құрал негізгі ақпарат көзі болып табылады. Анықтамалық құралдың мазмұны: су және мұз режимдері, қатты ағындар, судың термохимиялық құралы т.б. Қосымша ведомстволық бақылау материалдары, сонымен қатар әртүрлі гидрологиялық сипаттағы монографиялар қолданылуы мүмкін. Қандай жағдайда су режимі карталарын құрастырудағы ақпарат көзі дискреттік сипатта болады, өйткені бақылауға алынған сипаттамалар белгілі бекеттерге тураланған. Бұл бекеттердің саны мен оларды ТМД территориясына орналастыру сипаты, қазіргі таңда, тек қана ұсақ масштабты карта құрастыруға мүмкіндік береді. Еуропалық бөлігіне масштабы 1: 1 000 000 - 1:2 500 000- 1:10 000 000. дейінгі карталар құрастыруға мүмкіндік бар.
Су режимі карталарын құрастыру кезінде репрезентативті бақылау бекеттерін іріктеу және берімен мәліметтерді алдын-ала өңдеу кезеңі маңызды. Әдетте бұл жұмысты гидролог - мамандар орындайды, бірақ картограф құрастырып оған картасының қолдану мүмкіндіктерімен мақсатын түсіндіру үшін ол жұмыстан хабардар болуы керек. Бақылау бекеттерінің репрезентативтілігі көп жағдайда картографиялық есептеулер мен жүзеге асады, өйткені су режимі картасын белгілі бір су нысандарының картасының жиынтығына, бірдей факторлар әсерінен қалыптасатын режимдік ерекшеліктері үшін құрастыруға болады. Басқаша айтқанда, карталарда зоналық өзендер режимі (белдеулі), ағымдардың азоналдық және интрозоналдық ерекшеліктер көрінеді. Зоналық типтегі өзендерге келесі жатады: бір зона ішінде ғана қалыптасатын өзен режимі, азаналды-бірнеше табиғат зоналарын қиып өтетін транзиттік ағындары өзендер, ал интрозоналды өзендер ағысын айтарлықтай дәрежеде жергілікті табиғи немесе шаруашылық жағдайда анықтайды.
Жалпы айтқанда, бұл үлкен, орташа және кіші өзендер деген ұғымға сәйкес келеді, бірақ өзен ұзындықтары, су жинау алаптарының ауданы әртүрлі табиғи жағдайда айтарлықтай түрленеді. Сонымен, орташа өзендерге ылғалдылығы мол және жеткілікті аудандарда зоналық ағысы бар (тундра, тайга), ұзындығы 10 км су жинау алабы 10-50 мың км2, ылғалы жеткіліксіз және құрғақтау аудандарда (орманды дала, дала) өзен ұзындығы орташадан ұлғаяды, ал су жинау алаптары 100-деген кейде тіпті 1000-ған км2 болады.Таулы (белдеулік) ағындардың өзендері қысқа болуы мүмкін су жинау алабы 3 -5 мың км 2.
Су режимі карталары ұзақ уақытқа жасалатын карталар болғандықтан олар орташа көп жылдық мәлімет беру керек. Бұл есептеулерге 50 жылдық кезеңдегі есептеулер, сол уақыт аралығындағы су айналым сипаттамасы кіреді. Одан басқа, нақты бақылау бекеттерінен алынған мәліметтер өзара сәйкестену керек. Осы айтылған есептеу формуласының сиптатамасыныа әр пунктей өзіне сәйкескелетін коэфицентті енгізу арқылы іске асады.
Су режимі картасын құрастыру үшін бақылау бекеттерінен алдын-ала өңделген материалдар алынады және олар кестеге біріктіріледі.
Өзендердің су тасымалдауы, ағынның көлемі сулығы, немесе су қоры су шығында көрініс береді. Әрине, бұл сипаттамалар тек қана белгілі бір өзенге қатысты болуы мүмкін. Бұл жерде берілген интерполяция және экстрополияция мүмкіндіктері шектеулі. Осы жерден су режимдері үшін үлкен өзендер (азональды ағыс) және кіші өзендер (жергілікті ағыс) және олардың су тасмалдауы мен сулығы, пайдалану көрсеткіштері тән.
Үлкен өзендегі су шығынының картографиялық интерпретациясы жалпыға бірдей: өзен бойына ұзыннан масштабты таспа құрылады, лентаның ені су шығынына сәйкес келеді. Бір аймақтағы су шығынының әр түрлілігіне байланысты әртүрлі штрихтарымен немесе түспен безендірілген 2 немесе 3 шкаланы қолдануға болады. Масштабты таспаларды құрастыру бір өзенде кем дегенде 2 бақылау нүктесінің болуын, және олардың өзен сағасына немесе өзен көзіне жақын жатуын қажет етеді. Әртүрлі табиғи зоналарды кесіп өтіп масштабты таспа ағындардың тасымалын, оның жергілікті жағдайларға тәуелді еместігін көрсетеді. Қосымша, мысалы, экстремалды су шығынының уақытпен келгендігін көру үшін, жергілікті диаграммаларды да қолданады.
Кіші өзен ағыстарын картографиялау өте сирек жүргізіледі және ол тек арнайы тәжірибелік мақсаттар үшін ғана болады. Соңғы кезде жергілікті су ресурстарына қызығушылық артуына байланысты кіші өзендер ағысының картограммалары пайда болды. Картограммаларды құрудың, табиғи сүзгісі болып қарапайым алқаптар табылса, ағыс көрсеткіштері болып су шығыны табылады. Картограммаларды құрастыру үшін сол құбылысты толық, әрі жетік білуді талап етеді. Осы тәсілдің көмегімен ағыстың жергілікті жердегі ерешкшеліктеріне, сонымен бірге тіпті табиғи белдеулік анық байқалған таулы аудандарды жақсы бейнелеуге болады.
Ағыстың модулін немесе ағыстың қабаттығын картографиялау әдісі практикалық гидрологияда маңызды. Екі көрсеткіште су жинау алабының беткі ауданына қатысты бұл аудан бақылау бекетінен жоғары қарай созылып жатыр.
Егерде карталар құрастыруда орташа өзендердің мәліметтері пайдаланса, бұл картографиялау әдісі әрбір жергілікті зоналық немесе белдеулік ағынды жеке көрсету үшін қолданылады.
Зоналық (бедеулік) аудандық ағыс, интерполияция және экстраполяция әдістерінің берілгендерін кең көлемде қолдана отырып, су жинау алқаптарының шегінен тыс картографияланады. Алынған бейне, құбылысты нақты зерттемей-ақ белгілі дәрежедегі барлық өзендердің сипаттамасын алуға мүмкіндік береді. Зоналық ағыстар картасын құрастыруда 2 әдіс қолданылады: изосызықтар және сапалы орта. Біріншісі қарпайым және әмбебап. Екіншісінің қолданысы шектеулі, ол тек негізгі мәліметтер аз болған жағдайда және изосызықты әдісті қолдануға мүмкіндік жоқ кезде, немесе ауданның өзендер режимі жергілікті табиғат ерекшеліктерімен тығыз байланыста болса, және оны көру үшін территорияны алдын ала аудандастыру қажет болғанда қолданылады.
Ұзақ масштабты ағыс карталарында изосызықты қолданудың белгілі географиялық маңызы бар. Өзендер мен көлдер торының дамуы, территорияңың сулануы географиялық зона заңдылығына бағынатыны белгілі (1- кесте).


1-кесте. Өзен ағыстарының географиялық зоналық сипаттамасы



Жылдық
ағындардың изосызықтары.
1 км2 л/с


Зоналар



Су режимінің түрлері

4


орман зонасының
оңтүстік шекарасы

жыл бойына ағыстары бірдей
өзендер

2


орманды дала
зонасының оңтүстік
шекарасы

ірі өзендердегі үнемі болатын ағыстар, қалған өзендер белгілі бір кезеңде құрғап қалады

1


дала зонасының
оңтүстік шекарасы

транзиттік өзендерден басқа көп өзендер белгілі белгілі бір уақытта құрғап қалады

0,1


жартылай
шөлдер

барлық өзендер уақытша сипатта, белгілі бір кезеңде ағыстарын сақтап қалады

0,1 -ден аз

шөлдер



ауық - ауық сулы өзендік тор



Ағыс изосызықтары суретінің айқындылығы және оны географиялық заңдылықтар картасы бойынша зерттеу мүмкіндігі көп жағдайда изосызықтарды құрастыру әдістемесіне байланысты болады. Қалыпты жағдайда бақылау мүмкіндіктерінің саны шектеулі болғанда геометриялық интерполяция әдісін қолдануға тырыспау қажет. Ал географиялық интерполяция әдісін жасап шығару белгілі бір ғылыми концепцияны қажет етеді. Ол үшін ағыс түзуші факторлар алатын ролі мен, ағыстың және т.б. табиғи құбылыстардың арасындағы өзара байланысты тұрақтандыру керек.
Ағыс түзуші факторлар арасында басты факторларды атауға болады: (жауын - шашын, булану), өсімдігі (ормандануы, орман түрлері), геологиялық құрылым (жыныстардың су өткізгіштігі, жарықшақтығы), аумақтық игерілу (ауылшаруашылық жерлер, милиорация, гидротехникалық құрылыстар).
Ағыстүзуші факторлардың таңдауы сол аймақтың физикалық -географиялық жағдайы есебінен шешіледі. Бұған мысалдар келтіруге болады: изосызық жүйесіне сәйкес қүрылған өзен торларының жиілігі немесе өзен салаларының еңістік көрсеткіші және т.б. Ағынның алдыңғы әмбебап факторларының бірі ретінде жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі алынады. Ағын факторы сияқты бедердің әртүрлілігі оның барлық су балансын құрайтын буланудың, жауын-шашынның, ағынның айқын байқалатын корреляциялық тәуелділігімен анықталады. Ол белгілі бір дәрежедегі жауын -шашынның территория бойынша таралуын анықтайды. Нақты жағдайда жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі ағын факторы ретінде экспериментальды жұмыстарда жүргізіледі. Ең көп қолданылатын графикалық әдіс ағын мен бедер байланысын реттейді. Осы мақсатта 2 координатты графиктік жүйе кұрылуда. Бұл координаттағы әрбір бақылау нүктесінде ағыстың сандық маңызы мен су жинау алқаптарының биіктігі анықталады. Бұл кезде су жинау алабының орташа биіктігі (бақылау бекетінен жоғары) горизантальдары бар картадан белгіленіп, алабының геометриялық орталығына жатады. Салынған графиктерде белгілі бір аудандарға жататын нүктелердің жағдайлары қаралып бедер – тәуелділігі тұрақты орнайды. Бұл жерде біркелкі су жинау алқаптарының шекараларының жиынтығы аудан ретінде қаралады. Сондай-ақ графиктерден әрбір белгіленген изосызық ағынының биіктік жағдайын көруге болады.
Жоғарыда айтып өткен әдіс бойынша бірнеше жағдай «а» суретте графикалық, ал екінші жағдайда «б» суретте географиялық интерполияция жүргізілген (7-сурет). Суреттердің айырмашылығы тек сыртқы ғана емес, «а» суретінің сызбалығы және айқындылығы, «б» жергілікті жерге жақындығы 2-ші үлгі территорияның жауын -шашын картасымен сәйкестенеді.



а) Геометриялық б) Географиялық

7 – сурет. Ағын көрсеткіштерінің интерполяциясы




Жауын-шашынмен ағынды мөлшерін сипаттайтын изосызықтар жүйесінің бір-бірімен байланыстылығын картографиялық құбылыстар сипаттайды, бірақ жауын -шашынмен ағынды көрсеткіштері тік сызықты болып келеді.
Аққан су қабаты немесе ағын модуль картасын құрастыру кезіндегі көрсеткіш ретінде изосызық әдіс қолданылады. Ағын модулі гидрологияда практикалық инженерлік ал ағын қабаты географиялық сипатқа ие. Жауын -шашын және булану картасы миллиметр көрсеткіштермен анықталады.
Ағын модулінде барлық табиғат заңдылықтары көрсетілуі мүмкін, сондықтан барлық бақылау бекеттерінде өзінің есептеулері үшін бірдей календарлық уақытты талап етеді. Мысалы, су тасқыны кезінде әрбір бекет, әртүрлі уақытқа ие. Бұл әсіресе аймақты меридианальді созылыңқы картографиялау кезінде айқын көрінеді, сондықтан су тасқыны картасы мм көрсеткіші бойынша құрастырылады.
Жоғарыда айтылған өзен режимін картографиялау ерекшеліктерін ескере отырып олардың келесі картографиялау интерпретациясын көрсетуге болады (2-кесте).


2- кесте. Өзендегі су режимін картографиялау интерпретациясы.



Режим

Карта мазмұны

Бейнелеу жолдары

Ірі өзендердің
режимі

Транзитті ағындар, су ресурстары- ның қоры, ағын динамикасы Ендік ағындар (белдеулік)

Сызықтық белгілер жергшілікті диаграммалар, изосызықтар

Орташа
өзендердің режимі

Жердің физикалық -географиялық ерекшеліктерінің ағынмен байланысы

Сандық фон

Кіші өзендердің
режимі

Ағынның жергілікті ерекшелігі

картограмма



Басқа жағдайда су режимінің бөлектенген жағы карта сериясында аналитикалық сипатқа ие. Су режимін көрсететін кешенді карталар көп емес. Су режимін бөлектенген жағын картографиялау үшін мұз режимі қатты ағын судың термиялық ерекшелігі, беткі сулардың қоры көрсетілген кешенді мазмұнға ие карталар қолданылады. Мұнда құбылыстың сандық (мұздың жату қалыңдығы, қатты ағынның көлемі және т.б) уақытша (мұз басу уақыты су тасқыны), себептілігі (сел жүру, температуралық аномалия) бағасы және байланысы көрсетіледі. Су режимінің бөлектенген жақтарына нақты сипаттама беру алуан түрлі, сондықтан берілген карталар мазмұны жағынан әртүрлі болып келеді.
Жоғарыда айтылған тұжырымдар су режимінің барлық жағын картографиялауды қолданады. Әрине, кез - келген жағдайда дискретті берілген континуальды бейне құрастыруда географиялық әдістердің өзіндік ерекшелігі болуы мүмкін. Осындай карталардың географиялық түрі әртүрлі.
Климаттық картографиямен байланыстырмай гидрологиялық карталарды іске асыру мүмкін емес. Себебі картада сипатталған су және климат бір - бірімен тығыз байланысқан. Әсіресе ол су балансының бөлектенген жақтарына қатысты: жауын - шашын, ағын және булану. Әлем су балансы атласында осы бағытта ілгері қадамдар жасалған. Осы атлас ішіндегі аналитикалық карта сериясында алғаш рет жауын-шашын, булану; ағынның сандық сипаттамасын шығарған. М 1:4 000 000 ТМД су балансының типтік картасы жоғары мектеп үшін шығарылды.
Гидрологиялық картографиялау - тақырыптық картографиялаудың жас бөлігі. Картаның ұзақ уақыт бойы практикалық бағытта қолданылуы оның ведомстволық сипатын анықтайды. Қазіргі уақытта су ресурстарын тиімді пайдалану және бағалау мәселесіне қатысты карта құрастырудағы картографиялаудың бұл түрі жаңа деңгейге көтерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет