А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014


Өсімдіктер карталарының мазмұны және легендасы



бет25/32
Дата06.12.2023
өлшемі3.14 Mb.
#485706
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ

9.2 Өсімдіктер карталарының мазмұны және легендасы

Геоботаникалық карталар құрастыру әдісінің ерекшелігі дерек көздердерінің әртүрлігіне байланысты, себебі аймақтың территориясы ірі масштабты түсірістермен қамтылмағандықтан орта және ұсақ масштабты карталарды арнайы тақырыптағы карталар (ормандар, жайылымдар, батпақтар), топографиялық карталар, әуеғарыштық мәліметтер мен әдеби деректер бойынша құрастырады (9-сурет).





9-сурет. Өсімдіктер картасының көрінісі

Арине, осы мәліметтердің интерпретациясы әртүрлі масштабты карталарда да сәйкес келмейді. Осыған байланысты, карта құрастыру кезінде өсімдік қауымдастығының біртұтас классификациясын пайдаланған дұрыс.


Аймақтың өсімдік жамылғысының ерекшелігі, оның құрылымы, өзгеру бағыты, тығыздығы және өсімдік қауымдастығының басқа да табиғи компоненттермен байланысы және т.б. жалпылау процесін қалыптастыратын қасиеттерінің факторлары көп жағдайда карта құрастыру кезінде анықталады.
Картаны өңдеудің бірінші этапы өсімдіктердің топтасуының бірлестігі мен кешенін қалыптастыратын, өсімдік жамылғысының негізгі бірлігінің иерархиясы мен экологиялық модификациясында қайталайтын өсімдік жамылғысының классификациясынан карта легендасына өту кезінде жүзеге асады. Типологиялық геоботаникалық карталар легендасы өсімдік жамылғысының классификациясына сүйене отырып, ешқашан оны қайталаған емес. Легенданы өңдеу барысында классификациялық кескін келесідей өзгерістерден тұрады:

  • легенда мазмұнының көлемі өсімдік жамылғысының классификациясының бір бөлігін ғана қамтиды;

  • картаның легендасына әртүрлі таксономиялық деңгей бірлігі бір уақытта енгізілуі мүмкін.

Өсімдік жамылғысы өте мобильді және қазіргі геоботаникалық карта өсімдік жамылғысының динамикалық жағдайын көрсетуі керек. Геоботаниканың тарихи даму эволюциясына қарағанда өсімдік топтарының динамикасында көптеген ауытқулар болады, мысалы, түрлерінің құрамында, экологиялық байланыстарында және т.б көрсеткіштерінде.
Эволюция процесі қайтымсыз, ал динамикалық процесс бастапқы қалпына қайта келуіне әкеліп соғады. Өсімдік жамылғысының әрбір типі әрбір уақыт кезеңінде инвариант ретінде де және динамика процесінің бірлестігіне міндетті, көптеген ауыспалы жағдайлармен сипатталады. Қауымдастықтың табиғи және антропогендік өндірістік динамикалық жағдайы болып бөлінеді. Динамикалық категориялар бірінші топта — жергілікті, көзге көрінбейтін және қауымдастық сериясы болып бөлінеді.
Өсімдіктер картасы үшін әртүрлі әдеби мәліметтер қолданылады және карта құрастырылу үшін қабылданғанмен өсімдіктер картасы үшін әртүрлі мәліметтер пайдаланылады және жалпыға ортақ қабылданған терминология жоқтың қасы.
Карта легендасын өңдеу кезінде аймақ шегінде өсімдіктер қауымдастығының ареалдарының, табиғи мөлшерлігінің негізінде картографиялау категориясын таңдау жүзеге асады.
Легенданы құрастыруда кезінде нақты нысандардан олардың бірігуіне дейін өзгеруі мүмкін. Топтық серияларды, қатарларды, біріккен қатарларды біріктіреді. Біріккен сериялы және антропогендік қатарлар әрі қарай өте жоғары таксономиялық ранганың типологиялық бірлігінің құрамды элементтерін көрсететін қатарлар типін қосады.
Карта легендасы өсімдіктер географиясы мен типологиясы бойынша мәліметтерді жүйелендіреді. Оның негізгі бөлігі В.Б. Сочавтың ұсынысымен өсімдіктер жамылғысының иерархиялық классификациясының принциптерін көрсететін, көп сатылы жүйелердегі мәліметтердің әртүрлі рангалы тақырыпшаның көмегімен барлық картографияланатын бірліктердің тізімі мен белгілерінен тұрады.
Карта легендасы кесте түрінде берілген. Олардың тақырыпшаларының жүйесі типологиялық және аймақтық принциптері бойынша картографияланатын бөлімшелерді біріктіреді. Легенданың жоғарғы бөлігі әртүрлі ранганың ірі типологиялық категориясымен сәйкестендіріледі: өсімдіктер типі, топтар және формация класстары. Кестенің вертикальды бағанасына негізгі ежелгі типтердің антропогендік модификациясы енгізілді: өндірістік ақ қайыңды-қарағайлы, шалғындар, егістік жерлер. Өндірістік қауымдастықты көрсету үшін қазіргі және ежелгілердің өсімдіктер тобын көрсететін түстердің алмасатын жолақтарын пайдаланды. Ауыл шаруашылық жерлері ежелгі қауымдастықтың ашық түсті бояуларымен боялады.
Картаның кестелік легендасы жергілікті ауылшаруашылық жерлері мен өндірістік топтардың байланыстарын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өсімдіктің әртүрлі типтерінің бұзылу деңгейін көрсетеді. Картографияланатын бірліктің басым бөлігінің рангасы — бірінші және екінші реттік ендік алқап шегінде өсімдіктерді сипаттайтын, ассоциациялар тобы немесе олардың бірлестігі. Ірі типологиялық бөлімшелер легендада ботаникалық-географиялық типтерге дифференцияланады. Кестенің ішіндегі жекелеген бөліктерінде жайылма мен батпақтың өсімдіктері көрсетілген. Батпақтағы өсімдіктердің бөлімшелері (мысалы, бореалды батпақтар) легендада үш аймақтық топтарға бөлінеді. Таудағы өсімдіктер, легенда да өз бетінше бөлек бөлімшеде тұрады.
Карта құрастыруда ең алдымен тіршілік ету ортасына, топырақтың ылғалмен қамтылуына, оның механикалық құрамына, тұздылығына байланысты картографияланатын бірліктің экологиялық ерекшелігіне көңіл бөледі. Осыған сәйкес карта легендасында гидрофитті, псаммофитті, галофитті және басқа да варианттарға бөлінеді. Кейбір көлемі бойынша кіші, бірақ мағыналы топтар өсімдіктер жамылғысының сипаттамасы үшін масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі.
Шартты белгілер жүйесі мен карталардың бояумен безендірілуі өсімдік топтарының басты құрылымдық белгілері мен олардың тіршілік ету ортасының экологиялық потенциалын, сонымен қатар, зоналы және топтардың таралуының аймақтық заңдылығын көрсетеді. Өсімдіктер жамылғысының ірі бөлімшелері — өсімдіктер типіне, олардың топтары мен класстарына өзіндік түстер тән. Картографиялық бөлімшелердің аймақтық бірігуін бейнелейтін, ботаникалық-географиялық типтер түстерінің түрлерімен бейнеленеді. Таудағы қауымдастықтар жазықтағы қауымдастықпен салыстырғанда едәуір қою түске ие.
Осылайша, карта зоналық және аймақтық дифференциациямен байланысты, ботаникалық-географиялық заңдылықтар сияқты өсімдіктер жамылғысын ашып көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет