Феноляттардың алынуы және ыдырауы. 0,5 г фенолы бар екі пробиркаға 2 мл су қосып шайқап, оған 5 мл 10 проценттік натрий гидроксидін қосады. Реакция нәтижесінде натрий феноляты түзіледі. Бұл әлсіз қышқылдың тұзы болғандықтан гидролизденіп, орта сілтілік болады. Реакция теңдеуін жазыңдар. Пайда болған ерітіндіге аздап тұз қышқылын қосса, бос күйінде фенол жеке қабат болып лайланып бөлініп шыға бастайды:
Фенолдың броммен әрекеттесуі. Пирокатехин, гидрохинон, фенол, резорцин, пирогаллол ерітінділерінен 1 мл бес пробиркаға құйып, фенол құйылған пробиркадан басқа төртеуіне 2 мл бром суын қосады. Резорцин, пирокатехин және пирогаллолы бар пробиркаларда ерітіндінің түсі бірден өзгереді, ал гидрохинонда алдымеи қызғылт, одан кейін қоңыр жасыл түсті хингидрон кристалдағы таңбаға түсе бастайды. Фенолы бар пробиркаға бром суын аз-аздан тамыза отырып шайқаса, тұнба түзіледі де, жойылып кетеді. Бром ерітіндісін қоса түсіп араластырғанда өзіне тән иісі бар ақ түсті тұнба үш бромфенол түзіледі.
Пайда болған ақ тұнба ашық сары түске боялғанша шайқау арқылы бром қосады, пайда болған қоспаны (тартпа шкафта) құрамындағы артық бром бөлінгенше 1—2 мин қыздырады да, суытады. Қыздыру кезінде еріп кеткен тұнба қайтадан бөліне бастағанда, бірнеше тамшы калий иодидін және 1 мл бензол қосып, қатты шайқайды. Тұнба бензолда ериді де, ертіндіде жеке бөлінген иод әсерінен көк түсті қабат түзіледі.
Қоспаға бром артық қосылғанда, үш бромды фенол тотығын, төрт бромды фенол яғни 2, 4, 4, 6-төрт бромциклогексадиенон түзеді:
Бұдан иодсутек әсерінен (қышқылдық ортада) қайтадан үш бромды фенол бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |