А и. жУмадулаева «Органикалық молекулардың функционалдық молекулардың тундыларының химиясы» пәнінен Зертханалық сабақтарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік НҰСҚау 5В01503 Химия білім беру бағдарламасы



бет43/45
Дата02.02.2022
өлшемі473.25 Kb.
#455063
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Зертханалық жұмыс

Гетероциклді қосылыстар

Реактивтер: ағаш ұнтағы, өсімдік сабаны, флороглюцин кристалы, сірке қышқылы, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі, фенилгидразин, тұз қышқылы, концентрациялы амиак ерітіндісі, янтарь кышқылы, концентрациялы түз қышкылы, шырыш (слизь) кышқы-лы, мырыш ұнтағы, пиридин, темір (III) хлориді, калий перманганаты, сода ерітінділері, пикрин қышқылы, 5 проценттік глюкоза ерітіндісі, натрий карбонаты, индигокармнн, концентрациялы күкірт қышқылы, индиго.
Фурфурол алу. Пробиркаға бидай сабанының ұнтағын немесе ағаш ұнтағын салып, оның үстіне алынған зат ылғалданатындай етіп сұйылтылған тұз қышқылын қосып, аздап су жылытқышта қыздырғанда, фурфурол иісі сезіледі.Оны қоспадан бөліп алу үшін, газ жүретін түтігі бар тығынмен пробирканы тығындап, жалынға баяу қыздырады, газ жүретін түтіктің екінші ұшындағы қабылдаушы пробиркаға фурфурол жиналады.Алынған сұйықтық пентозаннан тұрады.Өсімдіктегі пентозан алдымен пентозаға айналады, ал одан фурфурол түзіледі.
(C5H8O4)n+nH2O →n(C5H10O5)

Пентозандар пентозалар




Фурфуролға сапалық реакция. Жоғарғы тәжірибеден алынған фурфуролға 5—6

мл су қосып араластырып, оны 5 пробиркаға бөліп құяды.

Бірінші пробиркадағы фурфуролға 3—4 тамшы анилин және 3—4 тамшы концентрациялы сірке қышқылын қосса ашық қызыл түске боялады.

Екінші пробиркадағы фурфуролға 3—4 тамшы тұз қышқылы мен бірнеше түйір флороглюцин қосып қыздырса, қоңыр жасыл түске айналады. Егер оған су қосса қоңыр түсті тұнба пайда болады:

С5Н4О2 + С6Н3(ОН) 3-→С 11 Н6О3 + 2Н2О

Үшінші пробиркадағы фурфуролға алдын ала даярланған күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызып, су жылытқышта қыздырады. Нәтижесінде күміс жеке белініп шығып пробирка қабырғасында айна немесе қара түсті тұнба түзеді:

Аg2О + 4NН3 + Н2О = 2[Аg(NН3)2]+ОН-





Төртінші пробиркадағы фурфуролға фенилгидразин ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызады да қоспаны шайқаса, фенилгидразон фурфурол тұзының кристалы тұнбаға түседі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет