Ұсынылған әдебиеттер:
1. Гершунский Б. С. Философия образования : учеб. пособие. - М. :
МПСИ : Флинта, 1998. - 432 с.
2. Гусинский Э. Н. Введение в философию образования : учеб.пособие.
- М. : Логос, 2000. - 224 с.
3. Степашко Л. А. Философия и история образования. - М. : МПСИ :
Флинта, 1999. - 272 с.
4. Завалко Н. А. Индивидуализация процесса обучения в системе
многоступенчатого образования. - Усть-Каменогорск : [Изд-во ВКГУ], 1998.
- 250 с
5. Игенбаева Р.Т. Жоғары мектеп педагогикасы. - А.: Эверо, 2008.
6. Смирнов С. Д. Педагогика и психология высшего образования: от
деятельности к личности. - М. : Академия, 2010. - 394 с.
7. Педагогика и психология высшей школы: учеб. пособие для вузов. -
Ростов н/Д. : Феникс, 1998. - 544 с.
8. Самоукина Н. В. Психология и педагогика профессиональной
деятельности. - М. : ТАНДЕМ:ЭКМОС, 1999. - 352 с.
9. Педагогика: учебник / ред.: Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И.
Муканова. - Алматы : Print-S, 2005. - 364 с
10. Әбенбаев С. Ш. Педагогика / С. Ш. Әбенбаев, Ж. Ә. Әбиев,. -
Астана : Фолиант, 2009. - 336 бет.
Тақырып 4. Жоғары мектеп дидактикасы
4.1 Жоғары мектептегі оқыту үрдісінің мәні.
Жоғары мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі оқыту процесін
жоғары мектеп дидактикасы бӛлімі қарастырады. Дидактика - педагогиканың
маңызды саласы ретінде оқыту процесін қарастырады. Дидактика
(«didaktikas» - оқытушы, «didasko» - оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту
мен үйрету деген мағынаны білдіреді.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы
Вольфганг Ратке (1571-1635). Кейін бұл ұғымды чех педагогы Ян Амос
Коменский пайдаланып, 1657 жылы ӛзінің «Ұлы дидактика» еңбегінде оның
негіздерін анықтайды. Я.А. Коменскийдің ойынша, дидактика «Нені оқыту?»
және «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап беред і. Қазіргі ғылым
бойынша дидактика - Кімді? Қашан? Қайда? Неге оқыту?- деген сұрақтарды
қарастырады.
Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту
теориясы, педагогика ғылымның саласы. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту
мен оқытудың барысы, нәтижелері. Дидактика жалпы орта білім беру
тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі және т.б. проблемаларды
зерттейді.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ, беру,
оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері,
мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс - әрекетінің барлық
деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты
қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болып
бӛлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пәні: оқыту мен оқып үйрену,
оларды туындатқан жағдаяттар мен оларды орындау шарттары және нәтижелері.
Жекеленген дидактика оқыту әдістемесі деп аталады. Ол әртүрлі оқу
пәндерінің оқытылуын, мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін
қарастырады.
Дидактиканың негізгі қарастыратын мәселесі – оқыту.
Оқыту – білім алушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына
бағытталған алдын – ала жоспарланған іс - әрекет. Оқыту - қазіргі заман
талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды
меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі.
Оқыту білім беру мекемелерінде оқыту процесі арқылы іске асады. Оқыту
процесі - бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға
бағытталған оқытушы мен білім алушы арасындағы мақсат бағдарлы ӛзара
байланысты іс - әрекет.
Оқыту процесі - білім, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, ілім
алушылардың дүниетанымын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс - әрекет
барысы (Ж. А. Әбиев).
Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бӛлігі. Оқыту процесі-
бұл оқытушы мен білім алушылардың мақсатқа бағытталған ӛзара әрекеттесуі
барысында шәкіртттерге білім беру міндеттерін шешу процесі (М.Р. Қоянбаев).
Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері:
1) оқыту – мақсатты үрдіс;
2) оқыту – таным процесі;
3) оқыту - даму негізі
4) оқыту – екі жақты үрдіс;
5) оқыту - жоспарлы үрдіс;
6) оқыту – бұл күрделі үрдіс.
Оқыту – мақсатты үрдіс, оның басты мақсаты, әдіс – тәсілдері, мазмұны,
міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы ӛсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі. В.А. Сластенин оқыту – педагогпен басқарылатын
танымның ерекше процесі деп анықтады. Танымдық іс -әрекет – бұл сезімдік
қабылдау, теоретикалық ойлау, практикалық іс - әрекеттің бір бӛлігі. Оқытудың
міндеті – білім алушыны айналадағы ортамен және адам дамуының негізгі
заңдылықтарымен қаруландыру.
Оқыту - даму негізі. Оқыту процесі ағзаның ӛзіндік дамуына жүйелі түрде
кӛмек жасап, жеке бастың жан – жақты дамуын жетілдіреді. Оқытуда білім
алушы логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес
іс - әрекет жасауға дағдыланады. Оқыту білім алушының рухани жетілуін
қамтамасыз етеді. Ол білім алушы дамуының алғышарты.
Оқыту екі жақты үрдіс, онда оқытушы мен білім алушылардың
ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру үрдісі.
Білім алушылар сабақта түрлі іс - әрекеттердің барысында дамиды,
олардың ғылыми кӛзқарастары қалыптасады.
Оқыту – жоспарлы үрдіс. Оқытушы білім алушылардың жалпы рухани
дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарлы,
ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.
Оқыту – күрделі үрдіс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу, ақыл – ой мен
шығармашылық қабілетін, біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге
асады.
Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім
байлығымен қаруландыру, оны ӛз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны
игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптар іске
асырылады. Олар:
• Білімнің толықтығы - негізгі идеяларды түсіну үшін оқыту
процесінің негізгі кезеңдерін, яғни танымдық іс - әрекетінің кезеңдерінің
іске асыруды қамтамасыз ету;
• Білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисынды бірізділігі;
• Білімнің ұғымдылығы – білім алушылардың ӛз бетімен ізденіп,
білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту;
• Білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді
шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым
негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді адамды дайындауға
әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.
Оқытудың тәрбиелік функциясы – оқыту барысында білім алушыларды
теориялық білімдер жүйесімен қаруландыра отырып, жеке тұлғалық
қасиеттер қалыптастырып, дамыту. Оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы
идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттьщ, Ф.А.Дистервергтің, Н.И.Пироговтың
және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И.Ф.Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп
тұжырымдайды. Н.И.Пирогов пен К.Д.Ушинский алғаш рет педагогика
тарихында оқытудың тәрбиелік сипатын, оның ғылыми мазмұнына тәуелді
деді. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясында оқыту және оқу
тәрбиенің құдіретті кұралы деп айтылған. Тәрбиелей отырып оқыту,
Ушинскийдің айтуы бойынша, дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын,
ойын, есін, қиялын дамытып, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелердің
оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық
нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта
отырып тәрбиелеу, білім алушыларды ӛмірге, білім алуға тәрбиелейді, акыл-
ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Білім беру мекемелерінде білім алушыларға теориялық білім беру тәрбие
процесімен тығыз байланыста ӛткізіледі. Сонымен, оқыту білім алушыларды
терең біліммен қаруландырады, ғылыми кӛзқарастарын дамытады және
тәрбиелейді.
Оқытудың дамыту функциясы. Оқыту барысында білім алушыларға
білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана –сеземі,
шығармашылық қабілеті т.б. кӛптеген тұлғалық қасиеттерінің дамына,
іскерліктері шыңдалып, қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Тұлға жан –
жақты дамиды. Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн
ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде
жетіледі. Тәрбие мен оқыту негізінде даму іске асады.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным-қабілетін
мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Дамытып оқыту - бұл білім алушылардың таным іс-
әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-ӛрісін дамыту, ӛз бетімен жаңа
білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті -
«Ең жақын даму зонасын» жасау.
Педагогика ғылымында «Дамыта оқыту» мәселесі 1960 жылдан басталды.
Л.В.Занков оқыту процесіндегі ойды дамыту принциптерінің жиынтығын негідеді:
теориялық материал кӛлемін ұлғайту, қиын деңгейде, жылдам темппен оқыту; оқу
процесін оқушыылардың терең, саналы меңгеруін қамтамасыз ету. И.Л.Лернер,
М.И.Скаткин оқытудың дамытушылық әдістерінің жүйесін ұсынды. В.В.Давыдов
пен Д.Б.Эльконин оқытудығы мазмұндық жалпылау тұжырымдамасын құрды.
И.П. Гальрерин, Н.Ф.Талызина т.б. ақыл – ой әрекетінің кезеңдік қалыптасу
теориясын негіздеді. Осы сипаттағы ғылыми ізденістер мен педагогикалық
тәжірибелердегі жалпы идея оқытудың дамытушылық ықпалын мәнді кеңейту
болды.
Даму ӛз алдына жеке болып бӛлінбейді, ол оқытудың білім беру, тәрбиелеу
қызметінің жалғасы болып есептеледі. Жеке тұлғаның толық интелектуалды,
әлеуметтік және адамгершілік дамуы – бұл білім беру, тәрбиелеу, дамыту
қызметтерін бірлікте жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |