А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы


Интербелсенді оқытудың мәні мен оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет29/53
Дата28.09.2023
өлшемі1.05 Mb.
#479078
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
6.2 Интербелсенді оқытудың мәні мен оқыту әдістері 
Интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру 
процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын 
тілінен келген «интерактив» сӛзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз 
«ӛзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді.
Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық 
қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.
«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші 
– үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші - ӛзімен ӛзі» форматтарында 
жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»). 
Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға 
ынталы: 
1) 
барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді 
араласуға мүмкіндік жасау; 
2) 
әрбір үйренушінің ӛзінің үйренгені мен ӛз білімі туралы
түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына 
мүмкіндік жасау. 
Сонымен интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. 
Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына 
және аяққы нәтижесіне ӛз үлесін қосып, басқалармен ӛзінің білгенімен, 
идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен 
үйрену/оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.
Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, ӛзара 
сыйласымдық пен қолдау атмосферасында ӛтіп, тек қана жаңа білім игеруге 
жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін ӛзара ынтымақтастық 
пен бірлесу деңгейлеріне кӛтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны 
диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.
Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог ӛз 
кезегінде ӛзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған 


мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді 
оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, 
машықтарға үйренеді:
- терең ойлануға;
- ақпаратты ӛздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен 
керектісін таңдап алуға;
- ақпаратты жан-жақты талдауға;
- ӛздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;
- пікірталастарға қатысып, ӛз ойы мен пікірін дәлелдеуге;
- басқа да балама пікірлерді ескеруге;
- шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге; 
- жауапкершілікке (ӛз біліміне, ӛміріне);
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.
Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы 
жүзеге асырылады: 
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның), 
- жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, 
- ситуативтік және рӛлдік ойындар, 
- ақпараттың әртүрлі кӛздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, 
құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.), 
- шығармашылық жұмыстар, т.б. 
Ӛз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері ӛзін-ӛзі мен басқа адамдарды 
танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның 
ӛзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге 
ықпал жасайды.
Кесте 7. Интербелсенді оқу/оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары 
Қағидалар 
Мақсаттар 
Орта 
Қалыптастыру 
- Білім алушы оқып/үйренуде ӛз әрекеттерінің жемісті
екендігін сезінетін жағдайлар жасау; 
- Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-
қатынас орнату; 
- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге 
бағыт-бағдар сілтеу. 
Бірлескен 
әрекеттер 
арқылы 
үйрету/үйрену 
- Үйренушілерге білімнің ӛзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді 
түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу; 
- Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім 
игеру әрекеттерін ұйымдастыру. 
Ӛмірмен 
байланыстыру 
- Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен 
тақырыпты күнделікті ӛмірде туындайтын проблемаларды 
шешу деп қарастыру. 
Ӛзінділік пен 
дербестікке 
баулу 
- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды 
ой-толғаныс арқылы ӛзіндік пікір құрастыруға, проблема 
шешуде ӛзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер 


шәкірт жауап бере алмаса, дұрыс жауапты ӛзі беруге асықпай
оны басқа үйренушілердің табуына ықпал жасау); 
- Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын 
қалыптастыру (күмәндану, ақпараттан әртүрлі мағынаны кӛре 
білу, ӛзіндік түсінікке ұмтылу, дәлелдеме келтіру).
А.Алимов ұсынған интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет