Ережелер сан-алуан болуы мүмкін, мәселен, жұмыс регламенты, реті мен
тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста силасымды
қарым-қатынас құруға бағытталғаны жӛн. Мәселен,
«Біреу сӛйлегенде, оның
сӛзін бӛлмейік!», «Тұлғаның жеке басын сынамай, кӛзқарас пен пікірді
сынайық!». «Кешікпейік!», «Қысқа да нұсқа сӛйлейік!», «Уақытты үнемді әрі
тиімді пайдаланайық!», «Берілген тақырыптан ауытқымайық!», «Біз үшін
әрбір пікір құнды!», «Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бӛгет
жасамайық!», т.с.с.
Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Үйренушілерді психологиялық тұрғыдан интербелсенді
оқуға дайындау
қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге
дайын емес, ӛйткені олардың ӛздерін ыңғайсыз әрі дискомфортты сезінуі
мүмкін. Мұның себептері де баршылық:
- ӛзіне кӛтеріңкі жауапкершілік жүктеуі және содан қаймығу, жүрексіну,
- оң нәтиженің шығуына күмәндану,
- жазалаудан немесе күлкі/мазаққа жығылудан қаймығу,
- еріншектік пен шаршағандық (мәселен, бірінші сабақта ұйқысын аша
алмау, немесе соңғы сабақта шаршау),
- назарын жинақтай алмау (мәселен, үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе
алдыңғы сабақтың әсерінде болу).
Үйренушілердің сабақ барысында барлық шарттылықтардан арылып,
ойлау аппаратын белсенділендіріп,
жұмысқа толық ниеттеліп, қызу кірісіп
кетуін бірінші мезетте ойсергектер арқылы жүзеге асыруға болады. Ойсергектер
арқылы аудиториядағы үйренушілер ӛздерін жеңіл сезінеді, ашылады,
әрқайсысы біртұтас ұжымның ӛкілі ретінде алда күтіп тұрған бірлескен күрделі
жұмысты атқаруға дайындалады.
Ойсергектер келесі мазмұнда болуы мүмкін:
1.
Жағымды психологиялық сезім/кӛңіл қалыптастыратын әрекеттер.
2.
Логикалық ойлауға негізделген тапсырмалар (есептер, мәселелер,
жұмбақтар).
3.
Кӛңіл кӛтеретін ойын түріндегі іс-әрекеттер.
4.
«Ӛзіңді таны» тақырыбындағы психологиялық тестер.
Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.
Интербелсенді оқу аумағында ӛтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе
жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсене қатысқандығы
абзал. Үйренушілердің білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен
жұмыс әрекеттерінің қызықты әрі тартымды екендігіне кӛздерін
жеткізгені
дұрыс. Сол себепті де сабақтың басты тәсілі ретінде топтық жұмыстарды тану
керек.
Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.
Суырылып алға шығып сӛйлегеннен гӛрі, тыңдай білген қиын да шығар.
Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің ӛз пікірін келтіріп,
басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін сыйлап, санасатын жағдай жасап
отыру қажет. Барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек.
Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау,
тапсырманы бірлесе орындау, т.б.) әр топқа ӛз пікірі мен кӛзқарасын жариялау
мүмкіндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (сӛйлеуші, шешен,
спикер, капитан, т.б.) берілген уақыт ішінде ӛз ойлары мен ұйғарымдарын
ортаға салады.
Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.
Үйренудің басты мақсаты –
тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау
қабілеті мен шығармашылық дағдылардың ӛркендеуі. Ал жазу (жазба
жұмыстары) - ойлаудың шырқау биігі. Жазуда үйренуші сонымен қатар «МЕН»
тұрғысынан ӛзінің ішкі жан дүниесін ашып, оны асқақтата түседі. Сол себепті де
әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды.
Ал үйренушінің бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім
алғанын, оның ӛсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша
жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады. Жазу
жұмыстары оқушы білімін бағалаудың дәлелді нысаны.
Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.
Кері байланыс дегеніміз сабақтың соңында оның тиімділігі мен қандай
дәрежеде ӛткендігі туралы үйренушілердің пікірлері. Олар
«Сабақ қалай ӛтті:
қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?»,
«Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз (білдіңіз)?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін
болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», «Осы тақырып бойынша тағы
да не білгіңіз келеді (қандай ақпарат кӛздерін оқисыз)?», «Қандай
сұрақтарыңыз
бар?»,
«Сабақтың
ӛту
барысы
бойынша
қандай
пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?» деген сұрақтарды әдетте ауызша
талқылағаннан кейін, оларға жазбаша жауап берумен жалғастырады (мәселен,
«Шығу парақтары» тәсілі бойынша).
Үйренушілердің пікірлері мен қойған сұрақтары ұстаз тарапынан
ескеріліп, келесі сабақ соларға жауап берумен басталуы керек.
Кері байланыс ұстаз бен шәкірттердің арасында сенімге негізделген
қарым-қатынас орнатуға бағытталады.Сонымен қатар ол ӛткен сабақты
бағалау мен талдаудың, келесі сабақты жоспарлаудың тиімді түрі
болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: