''Әдiске'' қатысты анықтамаларда бәрiне ортақ пiкiр: ''белгiлi бiр
мақсатты кӛздеген оқытушы мен білім алушылардың арасындағы ӛзара
қарым-қатынас және iс-әрекет''.
Олай болса
оқыту әдiстерi - оқытудың мақсат-мiндеттерiне
сай оның
мазмұнын білім алушыларға меңгертуде оқытушы мен білім алушылардың
қолданатын амал-тәсiлдерi мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Оқытушы оқыту әдiстерiнiң кӛмегiмен білім алушыларға бiлiм берiп,
олардың тәжiрибелiк әрекетiн ұйымдастыруда ӛзiнiң iс-әрекетiн білім
алушылардың таным әрекетiне басшылық етумен байланыстырады.
Әдіс (гректің mеtоdоs) деген сӛзінен алынған, табиғат құбылысын және
әлеуметтік ӛмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды
оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін
тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа
жету тәсілі ретінде қарастырады.
Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді
шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі
операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.
Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әртүрлі етіп дәлелдеді.
Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе
мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий)
деп қарастырса,
С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп
кӛрсетеді.
Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін
танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әртүрлі
дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі
– бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, ӛзара байланысқан білім
мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.
Оқыту әдістері – тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен
мақсатының ауысуына байланысты ӛзгереді. Америкалық педагог К.Керр
оқыту әдіс сапасындағы тӛрт «тӛңкерісті» бӛліп кӛрсетеді (1972). Біріншісі –
үлгі болып табылады мұғалім – ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді,
екіншісі – ауызша сӛздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа
сӛздерін кіргізді, тӛртіншісі – осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен
компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.
Оқыту әдісінің маңызды белгісі – дидактикалық мүмкіндіктер. Егер
осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның
ӛзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса,
онда біз
тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бӛлігі,
әдістің кӛлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса,
онда әдісті және’ әдіс модификациясын орындау жолындағы ӛзгеше қадам
болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында ӛзара ауыспалық байқалады.
Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы
мүмкін. Сӛйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін - тәсіл болып
табылады (қосымша әрекеттер).
Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға
болады.
Оқытушы оқытудың нәтижесiн арттыруда оқыту әдiстерiне қатысты
амал-тәсiлдерiмен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарына оқу кiтаптары, кӛрнекi
және техникалық құралдар
жатады.
1. Оқу кiтаптары - оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кiтаптар, анықтамалар,
сӛздiктер, есептер жинағы т.б.
2. Кӛрнекi құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер,
фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық карталар т.б.
3. Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер
т.б.
Сабақтар жүйесiнде оқытудың әр алуан әдiстерiн мұғалiмнiң пайдалана
бiлуi оқыту процесiнiң дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл
турасында Л. Н. Толстой былай дейдi: ''Қандай мұғалiм болмасын, әдiстердi
неғұрлым кӛп бiлуге тырысуға, оларды кӛмекшi
шара ретiнде қабыл алуға
тиiстi. Оқушының сабақ түсiнуiндегi қиыншылығының қандайын болса да,
оны оқушының кемшiлiгi емес, қайта ӛзiмнiң сабақ оқытудағы кемшiлiгiм
деп қабылдауға тиiстi. Жаңа тәсiлдердi ойлап табу жӛнiнде ӛзiнiң қабiлетiн
дамыта беруге ұмтылуға тиiстi''.
Сондықтан, әрбiр оқытушы сабаққа дайындалу барысында оқу
материалын білім алушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемi
шығармашылықпен жұмыс iстеуi тиiс.
Оқыту процесiнде білім алушыларға ғылым негiздерiне сай терең де
тиянақты бiлiм беру, оларды адамгершiлiк рухта тәрбиелеу және дамыту
мiндеттерiн шешудегi оқытушының басшылық ету тәсiлдерi, амалдары мен
құралдарының бiртұтастығын оқыту әдiстерi демекпiз.
Қазіргі дидактиканың ең бір кӛкейтесті проблемасы –
оқыту әдісін
классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы - нақты бір белгілер
бойынша ретке келтірілген жүйе. Кӛптеген авторлар оқыту әдістемесінің
негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері
бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ тӛңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика
тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі
категориясын бӛліп кӛрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.
Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі – зерттеу әдісі екендігін
ашып кӛрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда
ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан
қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы
деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі кӛптеген классификациялармен
толықтырылды, оқыту әдісі – уақыт ӛткен сайын ӛзгеріп отыратын және
негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді,
меңгеру тәсілі, оқыту
субъектісінің ӛзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін
дәлелдеді. Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен
қолданылуда: Бабанский Ю.К., Верзилин Н.М., Перовский Е.И., Голант Е.Я.,
Лордкипанидзе Д.О., Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.б
Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі кӛзқарастар «әдістер
теориясының дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті,
айқын кӛптүрлілігін, ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын
табиғи процессін білдіреді.
Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен
қатар кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген
тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің ӛздігінен аса бейтарап екендігін
түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу - танымдық іс-әрекетке
қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Кӛбінесе әдістер
саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рӛл атқарады.
Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық ӛнердің биік шыңы болып келді
және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-
әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция рӛлін
атқарады, олар: оқу
материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың
тұлғалық қасиетін дамыту, әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: