А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет38/53
Дата28.09.2023
өлшемі1.05 Mb.
#479078
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
- Масштабталуы. Әртүрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің 
құрылымы масштаб жүйесін ӛзгерте алуы тиіс. 
- Қолданушының ортақ интерфейсі. Қолданушының интерфейсі 
қарапайым, түсінікті болуы тиіс. 
- Ӛңдеудің қарапайымдылығы. Ӛңдеу жылдам және тиімді болуы тиіс. 

Тасымалдануы. Жүйе әртүрлі аппараттық – бағдарламалы 
тұғырнамада жұмыс істеуі қажет. 
Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі. Жүйені ақпараттық толықтыру 
оны нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс. 
- Қауіпсіздігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс. 
- Басқару қарапайымдылығы. Интерфейс басшысы жеткізерліктей
қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс. 
- Кӛпмәнділігі. Жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар 
ӛңдеу керек. 
- Жұмыстың тиімділігі. Жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-
жӛнін) әдеттегі аппараттық-бағдарламалы тұғырнамасы есінде тұту керек. 
Жүйенің кеңінен дамуы үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке 
тұлғаны әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. 
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары: 
1. Оқытудың адамгершілік қағидасы. Оның ішкі мазмұны оқытуға 
үндейтін және әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің 
меңгеруі үшін жоғары қолайлы шарттарды туғызып, білім беру үрдісіндегі 
бүтіндей адамға бағытталады. 
2. Қашықтан оқыту жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде 
педагогикалық кӛзқарастың басымдылығының қағидасы. Бұл аталған 
қағиданың мәнісі, қашықтан оқыту жүйесін жүзеге асыруға болатын 
кӛріністердің 
дидактикалық 
үлгілерін 
құрайтын 
теориялық 
тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен тұрады. 
3. 
Педагогикалық 
мақсатқа 
лайықты 
жаңа 
ақпараттық 
 технологияларды қолдану қағидалары. Ол жобалаудың әрбір қадамының 
тиімділігіне және қашықтан оқыту жүйесін жасауға педагогикалық баға 
беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді 
емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды 
толықтыруларын қою қажет. 
4. 
Білім 
беру 
мазмұнын 
таңдау 
қағидалары. 
қашықтан оқыту жүйесінің білім мазмұны ҚР – ның Мемлекеттік білім беру 
стандартымен сәйкес келуі тиіс. 


5. Қашықтан 
оқыту жүйесінде таралатын ақпараттардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары. Ұйымдастырушылық және 
техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз 
және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін 
сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет. 
6. 
Білім 
беру 
деңгейінің 
бастапқы 
қағидасы.  
қашықтан оқыту жүйесінде тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты 
жиынтығын талап етеді. Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, 
ӛзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, 
компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы 
тиіс. 
7. 
Оқыту 
технологиясының 
сәйкестендіру 
қағидалары.
Оқыту технологиясы Қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет. 
Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде 
дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік 
ойындар, зертханалық сабақтар, ӛзіндік жұмыстар, ӛндірістік тәжірибелер,
курстық және дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау 
қолданылады. болу керек, қашықтан оқыту жүйесі қалыптасу барысында
қажет жағдайда оған қосуға болатын жаңа үлгілері пайда болуы мүмкін. 
Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы осы үлгілерінде компьютерлік 
конференциялар, 
телеконференциялар, 
ақпараттық 
сеанстар, 
телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т.б. қолданылатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет