Білім
алушыларды
қорытынды
аттестаттау
(Qualification
Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында
қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе кӛлемін анықтау
мақсатында ӛткізілетін рәсім.
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары - ӛз бетінше оқуға берілген,
оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен
қамтамасыз етілген,
тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп
берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша
жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің ӛзіндік
жұмыстары, магистранттың ӛзіндік жұмыстары және докторанттың ӛзіндік
жұмыстары болып бӛлінеді; Білім алушылардың ӛзіндік жұмыстарының
барлық кӛлемі білім алушылардан күнсайын ӛзіндік
жұмыстарды талап
ететін тапсырмалармен расталады.
Білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу
үдерісінде алатын және жеке тұлғаның
қол жеткізген даму деңгейін
кӛрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу
орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі
нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды)
білім алушылардың
білім деңгейін тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: