А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет49/53
Дата28.09.2023
өлшемі1.05 Mb.
#479078
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Инновациялық университет – инновациялық қызметтің толық 
циклін, іргелі және іздестіру зерттеулерін, қолданбалы зерттеулер мен 
тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүргізуді және ӛндіріске 


ғылыми-зерттеулер нәтижелерін енгізуді іске асыруға қабілетті ғылыми-білім 
беру кешені. 
Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымының білім беру 
бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсынуы жӛніндегі 
қызметін бағалау. 
Көзқарас (подход) – мәселелерді шешу негізінде жатқан идеялар, 
принциптер, әдістер жиынтығы. Кейбір кезде кӛзқарасты әдіске теңейді 
(мысалы жүйелілік кӛзқарас немесе жүйелілік әдіс), бірақ кӛзқарас ұғымы 
әдістен қарағанда кең ұғым. бұл мәселені шешудің идеологиясы мен 
әдіснамасы, ол негізгі идеяны, әлеуметтік-экономикалық, философиялық, 
психологиялық-педагогикалық алғышарттарды, негізгі мақсаттарды, сол 
мақсаттарға жетудің принциптерін, кезеңдерін, механизмдерін анықтайды. 
Әдіс – ол тар ұғым, ол белгілі бір жағдайда белгілі бір міндетті шешуде қалай 
әрекет ету қажеттігі туралы білім. 
Кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу 
жұмысы кӛлемін ӛлшейтін сәйкестендірілген бірлігі.
Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу 
жұмысы кӛлемінің біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану 
арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес 
жоспарлауы негізінде оқыту. 
Қорытынды бақылау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау 
кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын 
игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше 
академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда 
оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бӛлімдер бойынша, 
қорытынды бақылау жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет