А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет80/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89
2 Жалпы геология (1)

Тапсырманы орындау реттілігі: 
1.Миллиметровкада бағыт жолдың абрисін құрастыру.
2.Жұмысты 1:2 000 масштабында орындау. 
2.11.3. Тыңғылықты жұмыстар кезеңі 
1.
Бағыт жол бойынша қорытындылар сипаттаманы аяқтайды (өткен 
метр саны, бақылау нүктелерінің жалпы саны, тау жыныстарының жасы, 
іріктелген үлгілердің саны көрсетіледі). 
2.
Барлық үлгілер арнайы журнал – үлгілер каталогына енгізіледі.
3.
Бағыт жолды өту кезінде алынған деректер негізінде түсірілім 
ауқымына сəйкес схемалық геологиялық карта жасалады. 
4.
Бақылау нүктелері бар бағыттар нақты материал картасына 
салынады. 
 
2.12. Табиғи ашылымдардың геологиялық құжаттамаларын құрастыру 
Жұмыстың мақсаты: табиғи ашылымдардың құжаттамасын құраструды 
үйрену. 
 
Ашылым - бұл күндізгі жер бетіне түпкі тау жыныстарының шығуы. 
Ашылымдар табиғи жəне жасанды, жер үсті жəне су асты болуы мүмкін жəне 
олар геологтың бақылауының негізгі объектісі болып табылады. Көптеген 
жағдайларда ашық көріністер, жер бетінде бұрыннан өткен жəне қазір өтіп 
жатқан үрдістердің табиғаты мен тарихын танып білуге, идеялар мен 
гипотезаларды тексеруге мүмкіндік береді. Сондықтан, ашылымдарды дұрыс 
оқып, сипаттау маңызды. 
Ашылымдардың сипаттамасы ашылымдарда байқалатындардың 
құрамы мен құрылысына байланысты жүргізіледі. Төрттік, шөгінді, 
метаморфтық жəне магмалық жыныстарды, сондай-ақ қарапайым жəне 


125 
күрделі ашылымдарды сипаттау əдістері айтарлықтай ерекшеленеді жəне əрі 
қарай мəтін бойынша қарастырылады. 
Ашылымдарды зерттеу - бұл ашылымдарды нақты тексеру жəне 
құрамы мен құрылысының барлық сипаттамаларын анықтау. 
Жалпы ашылымдарды сипаттау кезінде келесі схеманы пайдалануға 
болады:
1.
Жабдықтар мен керек-жарақтарды таңдау жəне тексеру: ЖҚҚ (каска 
немесе каскетка, түссіз қорғаныс көзілдірігі, арнайы киім), геологиялық 
балға, өлшеу лентасы, тау құбылнамасы, спутниктік навигаторы, сандық 
фотоаппарат, кеңсе заттары, далалық күнделік, тау жыныстарының 
үлгілеріне арналған орауыш қағаз, тұз қышқылы бар флакон, ұлғайтқыш 
əйнек (лупа). 
2.Ашылымды тексеру, қарау. 
3.Ашылымның жабық участкелерін қажет болған кезде тазартылады.
Ашылымды сипаттау реттілігі: 
1 – Ашылымның нөмірі; 
2 – Ашылының нөмірі мен орналасу орыны; 
3 – Жалпы мөлшері - биіктігі жəне ашылымның созылуы; 
4 – Ашылымның түрі; 
5
.

.
Тау жыныстардың сипаттамасы, олардың заттық құрамы
құрылымдық-түзілімдік ерекшіліктері көрсетіледі.
6 – Жыныстардың жатыс жағдайлары мен олардың қарым-қатынасы; 
7 – Суреттер мен фотолар, қажеттілік болған кезде; 
8 – Сынамалар мен үлгілерді алу. 
Тау жынытсардың сипаттамасы:  
1 – Жыныстың атауы; 
2 – Жыныстың түсі; 
3 – Жыныстың минералдық құрамы; 
4 – Жыныстың құрылымы; 
5 – Жыныстың түзілімі; 
6 – Жыныстың қаттылығы (беріктілігі); 
7 – Жарықшақтардың сипаттамасы; 
8 - Сеппелділігі; 
9 – Геологиялық денелердің пішіні жəне олардың өлшемдері; 
10 – Созлуы мен құлауы бойынша жыныстардың өзгергіштілігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет