А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


 сурет . Бағыт жолдары өткен кезде нүктені сипаттау



Pdf көрінісі
бет79/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   89
2 Жалпы геология (1)

 
37 сурет . Бағыт жолдары өткен кезде нүктені сипаттау
 
№ 2 мысал: нүкте арасындағы қашықты сипаттау  
Бағыт жол Почтовый жыраның сол жағында жүргізілді. Бағыт жол 
барысында 9БН-ден (бақылау нүкте) 100 метр қашықтықта су шайған шұқыр 
байқалды, оның тереңдігі 1,5-2 метр, пайда болуы техногенді. Осы шұқыр 
уақыт өте келе жыраға айналуы мүмкін.
2.11.1 тапсырма 
1 БН. 407.4 белгіге ие тригопункттен ОБ 230 бағытында орналасқан.
Қалдық порфир тəрізді құрылымға ие сарғыш-сұр гранитпен берілген.
2 БН. Бірінші нүктеден 250 метр қашықтықта ОБ 240 бағытында 
орналасқан, таудың баурайының етегінде орналасқан, граниттер сұр түсті, 
үсті өсімдік қабатымен жабылған.
3 БН. Екінші нүктеден 250 метр қашықтықта орналасқан, бағыты ОБ 
260, геологиялық лагерьдің маңында бұлақтың аңғарында орналасқан. 
Аллювиалды шөгінділер байқалады, олар үшкіртастармен берілген, түсі 
ашық-сұр, ірі түйіршікті.
4 БН. Үшінші нүктеден 250 метр қашықтықта орналасқан, бағыты ОБ 
230. Жазықтықта орналасқан, беткейі өсімдік қабатымен жабылған, апанша 
арқылы жыныстар анықталды, олар көбінесе құмдақтар.
 
Тапсырманы орындау реттілігі: 
1.Миллиметровкада бағыт жолдың абрисін құрастыру.
2.Жұмысты 1:5 000 масштабында орындау. 


124 
2.11.2 тапсырма 
1 БН. 182,4 белгіге ие тригопункттен ОБ 200 бағытында орналасқан.
Нүкте тау баурайынын ортасында орналасқан, гранитпен берілген, олар 
порфир тəрізді құрылымға ие сарғыш-сұр гранитпен берілген.
2 БН. Бірінші нүктеден 180 метр қашықтықта ОБ 225 бағытында 
орналасқан, таудың баурайынын етегінде орналасқан, граниттер сұр түсті, 
ұсақ түйіршікті.
3 БН. Екінші нүктеден 245 метр қашықтықта орналасқан, бағыты ОБ 
245, геологиялық лагерьдің маңында бұлақтың аңғарында орналасқан. 
Аллювиалды шөгінділер байқалады, олар үшкіртастармен берілген, түсі 
ашық-сұр, ірі түйіршікті.
4 БН. Үшінші нүктеден 255 метр қашықтықта орналасқан, бағыты ОБ 
240. Жазықтықта орналасқан, беткейі қсімдік қабатымен жабылған, апанша 
арқылы жыныстар анықталды, олар көбінесе құмдақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет