38
Метаморфты тау жыныстар əртүрлі генезистегі пайда болған
жыныстардың өзгерудің өнімдері болып келеді. Жаңа физикалық-химиялық
жағдайларда, жоғарыда жазылған өзгерістер құрылымдардың, түзілімдердің
жəне минералды құрамының бейімделуіне əкеледі. Сондықтан метаморфты
тау жыныстары алғашқы жыныстардың
сипаттарынан минералдық
құрамымен, құрылымдық пен түзілімдік белгілерімен ажыратылады.
Белсенді химиялық əрекеті химиялық құрамының өзгеруіне əсер етуі мүмкін.
Метаморфизмнің басты факторлары келесі: эндогенді жылу, жан-жақты
жəне бағытталған қысым, газдар мен флюдтердің химиялық əрекет етуі.
Метаморфизмнің белсенді факторлардың біртіндеп өсуі жыныстарда барлық
өтетін өзгерістерді қарастыруға мүмкіншілік береді, осылай метаморфты тау
жынысттардың алғашқы-шөгінді немесе магмалық тау жыныстар арқылы
пайда болуын қарастыруға болады.
Метаморфизм кезінде барлық минералдардың өсуі бірге өтеді жəне
осы кезде жыныстардың қатты күйі
сақталады, сондықтан атқылаған
жыныстардан ажыратылады, оларда минерлдардың өсуі рет ретімен өтеді
жəне сұйық орта сақталады. Қатты ортада минералдардың кристаллдану
үрдісін белгілеу үшін австриялық петрограф Ф. Бекке келесі терминді енгізді
–
бластез (грек тілінен
blastes – өскін деген мағынада)
Құрамы,
құрылымы, түзілімі бойынша ұқсасты метаморфты тау
жыныстар магмалық пен шөгінді тау жыныстардың өзгеру арқылы пайда
болуы мүмкін болса, онда метаморфты тау жыныстардың атауларына
магмалық жыныстардан пайда болса, онда
оған қосымша сөз қосылады
«орто-» (мысалы, ортогнейстер, ортоамфиболдар жəне тағы басқалар), ал
шөгінді-тау жыныстардан пайда болса, онда «пара-» деген сөз қосылады
(мысалы, парагнейстр, параамиболдар). Бірақ «орто-» жəне «пара-» қосымша
сөздері жеке үлгілерді макроскопиялық зерттеу арқылы жүзеге
асырылмайды (жазылмайды). Осы сұрақты шешу үшін барлық геологиялық
факторларды қарастыру керек: дененің жатыс пішінін,
олар қандай
жыныстардан қалыптасқан, сыйдырушы тау жыныстармен байланысын –
олар толығымен далалық зерттеулер арқылы анықталады, жəне
жыныстардың макроскопиялық зерттеулердің, яғни минералогиялық пен
химиялық анализдердің нəтижелері қажет.
Табиғатта негізгі екі үлкен метаморфизмнің түрлері қарастырылады:
жергілікті жəне
аумақты.
Жергілікті метаморфизм шектелген аудандарда өтеді жəне контактілі,
дислокациялық пен соққылы түрлерге бөлінеді.
Контактілі метаморфизм жер қыртыстың суық жоғарғы бөлігіне,
көбінесе шөгінді қабатына, ыстық магма енгізілген кезінде жəне интрузивті
массивтер – плутондар түрінде қатуы кезінде пайда болады. Осындай
плутондардың айналасында контактілі-өзгерген жыныстардың ореолдары
пайда болады.
Дислокациялық метаморфизм немесе
динамометаморфизм кезінде
тектоникалық бұзылымдар зоналарында қысымның жергілікті көтерілуі
39
басты рөлді атқарады. Осылай оны бұзылым жанындағы метаморфизм деп
айтуға болады.
Соққылы метаморфизм шектелген таралуға ие жəне жер беткейіндегі
тау жыныстар мен жер қыртысына соққылы қысым толқынның əсер етуімен
шақырылады, осындай қысымның түрі Жерге ірі метеориттер құлау
нəтижесінде пайда болады.
Ең маңызды метаморфизмнің түрі
аумақтық метаморфизм саналады,
ол үлкен аудандарды қамтиды – ондық, жүздік, мыңдық шаршы
километрдер.
Достарыңызбен бөлісу: