А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


Эффузивті жыныстардың құрылымдары



Pdf көрінісі
бет15/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89
2 Жалпы геология (1)

Эффузивті жыныстардың құрылымдары: 
1. Жартылай кристаллды. 
2. Шынылы (гиалинді). 
3. Афанитті – аса жіңішке кристаллды тығыз жыныстар жəне олар 
кристаллды-түйіршікті құрылысқа ие.
4. Порфирлі – сеппелер жасырын кристаллды немесе шынылы массалардың 
арасында шашыраңқы орналасады. 
5. Витрофирлі немесе шынылы – микролиттердің саны аз болған кезде жəне 
шынының басым болған кезінде пайда болады. Микролиттер (минералдардың 
ұрықтары) шыныда əртүрлі санында кездеседі.   
 
Түзілімдер
1. Массивті – толық кристаллды, түйіршікті жыныстарға сипатты.
2. Ағынды (флюидалды) – атылған жыныстарға сипатты.
3. Бадам тəрізді – қуыстардың болу нəтижесінде пайда болады, осы қуыстар 
кальцитпен, цеолитпен жəне басқа минералдармен толтырылады.
4. Такситті (шлирлі) – минералды жиналуының орналасуы жеке дақтардың 
түрінде пайда болады.
5. Кеуекті – жыныстарда кеуектердің болуымен сипатталады, олар эффузивті 
жыныстар қатаю кезінде газдардың бөліну нəтижесінде пайда болады.
1.5.2. Шөгінді тау жыныстардың құрылымы мен түзілімі 
Құрылымдар
1. Пайда болуы түйіртпекті жыныстар – қатты түйіртпекті (псефитті), 
құмды (псаммитті), құмайтты, сазды (пелитті), араласқан. Түйіртпектердің 
(кесектердің) мөлшерімен сипатталады.
2. Пайда болуы химиялық жыныстар – түйіршіктердің мөлшері 
бойынша: ірі кристаллды (>1,0мм), орта кристаллды (1-0,1мм), жасырын 
кристаллды (0,1-0,01мм), пелитоморфты (<0,01мм). 
3. Пайда болуы органикалық жыныстар - биоморфты (жақсы сақталған 
ағзалар байқалады), детритусты (ағзалардың қаңқалардың кесектері 
байқалса).
Шөгінді тау жыныстардың құрылымында маңызды рөлді цемент 
атқарады жəне ол жыныстың түйіршіктерімен қарым-қатынасын көрсетеді. 
Құрамы бойынша цементтің келесі түрлері болады: ізбестасты, сазды, 
кварцты, əктасты (немесе мергельді), глауконитті, битумдалған, темірлі жəне 
т.б. 


31 
Түзілімдер: 
1. Кебу жарықшқтары, жаңбырдың тамшы іздері, ағыстың, соқпа 
толқынның, иірілімдердің белгілері. Осы түзілімдер пайда болуына қолайлы 
жағдайлар қажет жəне ең бастысы - жылдам жиналу.
2. Қабатты – жыныстардың бір-бірімен алмасуында, олар бір-бірінен 
түйіршіктердің мөлшері бойынша, бояулары жəне басқа белгілері бойынша 
ажыратылады.
3. Домалақты – қисық жазықтықтар бойынша бөлінудің нəтижесінде 
пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет