120
кеңсе заттары, далалық күнделік, тұз қышқылы, үлкейтетін шыны (лупа),
магниттер, үлгілерге арналған қаптау материалы, этикеткалар.
2.11.1 Далалық кезең
1. Жұмыстың міндеттерімен, түрлерімен, мақсатты тағайындалуымен
жəне іздестіру - түсіру жұмыстарының типтерімен алдын ала танысу.
2. Алдағы геологиялық түсірілім ауданының
геологиялық құрылымы
мен пайдалы қазбаларымен əдеби көздері бойынша танысу.
3. Геологиялық графиканы зерттеу: түсірілім масштабтарын сəйкес
топографиялық негізді, геологиялық карталарды типтік қималармен,
интрузиялармен, стратиграфиялық бөлімшелердің бөлінуіне назар аударады,
пайдалы қазбалардың орналасуын бақылайтын тектоникалық факторларды
зерттейді.
4. Қажетті үзінді жазбаларды жəне суреттемелер дала күнделігіне
енгізу.
5. Эталонды жиынтығымен танысу.
6. Геологиялық-түсірілім бағыт жолдардың
өту кезінде қауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқаулық жүргізу.
Ашылған аудандардағы жер үсті геологиялық-түсірілім бағыт жолдары
геологиялық денелердің құрамы жəне пайдалы қазбалардың белгілері
бойынша деректердің негізгі ақпаратын құрайды, ал əуефотоматериалдардың
бажайлауы нашар аудандарда зерттелетін алаңда геологиялық денелердің
орналасуын анықтауға мүмкіндік
бере отырып, геологиялық карта құрудың
негізі болып табылады.
Бағыт жолдық бақылаулар жеке ашылымдармен жəне олардың
арасындағы
қашықтықты
сипаттауына
бағдарланған,
бақылаулар
шашырандылар арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: