121
осындай барлық атаулардың болуы міндетті. Жерсеріктік түсірілімдерді
қолдана отырып жұмыс жүргізу кезінде байланыстыруда бағыт жол
орналасқан түсірілімдердің нөмірлері көрсетіледі.
4. Күтілетін бақылау объектілерінің сипаттамасы
мен бағыт жолдың
мақсаты əдетте бір жазбада біріктіріледі. Күтілген бақылау объекттердің
сипаттамасы дайындық кезеңде құрастырылған бастапқы геологиялық
карталар жəне бағыт жолдың алдында қарастырылатын дайындық пен
далалық жер серіктердің суреттері арқылы беріледі.
Сипаттамада қысқаша
бағыт жолда зертелетін объекттер көретіледі (№1мысал). Геологиялық бағыт
жолдар нақты мақсатқа ие болу керек, осы мақсат ауданның геологиялық
құрылысының ерекшіліктерімен анықталады.
5.
Бағыт жолдың бекітуі жер
бедерінің нақты анықталған
элементтеріне жəне адам қызметімен құрылған топографиялық жағдайдың
тұрақты элементтеріне (жолдар мен т.б.) қатысты беріледі.
№ 1 мысал: бағыт жолды бекіту
«Атаусыз лог» жырасы бойынша №5 бағыт жол.
Мақсаты: түсірілім бағыт жол таскөмірлік пен пермдік жасында пайда
болған қабаттардың таралуы бойынша өтеді.
«Атаусыз лог» жыраның басында «Семей-Өскемен» көлік тасжолдың
маңында СШ бағытында басталды.
«Қарауыл шоқы» ауданында №2 бағыт жол өтілді.
Мақсаты: таскөмілік жасындағы сазды жіктастар мен құмтастардың
жəне перм жасындағы интрузиялардың
қарым-қатынасын зерттеуге
негізделген.
Бағыт жол оқу полигонынан ОБ бағытында басталды.
6. Бағыт жолды сипаттау. Бағыт жол жүрген кезде геологиялық
бақылау үздіксіз жүргізілу керек. Тек бақылау нүктелерінде сипаттама
жүргізілмейді, нүкте аралық қашықтығы мен жан-жағы да сипатталады.
Мысалы, ол антропогенді объекттер болады (карьерлер, рұқсат етілмеген
қоқыс
тастайтын жерлер, техногендік шыққан орындар жəне т.б.) немесе
геологиялық үрдістердің көріністері (сырғымалар, карст воронкалары), осы
кезде
геологиялық
объекттерде,
геоморфологиялық
элементтерде
жүргізілетін барлық бақылаулар жазылады.
122
36 сурет. Нүктенің топографиялық бекітуі
1:50000 масштабты геологиялық түсірілім кезінде бағыт жолдың
интервалын сипаттаудың бірыңғай бөлігі түрінде, көптеген жүздеген метр
жəне тіпті бірінші километрге созумен жазуға болады (жыныстардың күрт
ауысуын үйінділерде, басқа стратиграфиялық бөлімшеде, жүру
барысында
байқалғанға қарағанда, ашылымдар мен т.б. анықталған кезде). Əрбір
бақылау нүктесі нүктедегі жазбаны жəне нүктелер арасындағы жүріс
бойынша жазуды қамтиды.
Бағыт жолды сипаттау бөлігі ретінде бақылау нүктесінің сипаттамасы
мынадай бөлімдерден тұрады (37 сурет):
1.нүктенің нөмірі;
2.əр нүктенің топографиялық бекітуі (36 сурет);
3.бақылауларды сипатау;
4.нүктені сипаттау жəне басқа нүктеге дейінгі қашықтықты сипапттау.
(бақылау нүктесі көп жағдайда қатардағы ашылым ретінде сипатталады.);
5.
Бақылау нүктесі (ашылымдарды қоса алғанда) белгілі бір нөмірден
бастап ретімен нөмірленеді;
6.
Бағыт жолдар, бақылау нүктелері сияқты, міндетті түрде берілген
азимуттық бағытта топографиялық негізге салынады;
7.
Геологиялық түсіру кезінде
бағыт жолдардың бастапқы
құжаттамасының міндетті құрамдас бөлігі маршруттық геологиялық
схемалар-абристер болып табылады.