125
күрделі ашылымдарды сипаттау əдістері айтарлықтай ерекшеленеді жəне əрі
қарай мəтін бойынша қарастырылады.
Ашылымдарды зерттеу - бұл ашылымдарды нақты тексеру жəне
құрамы мен құрылысының барлық сипаттамаларын анықтау.
Жалпы ашылымдарды сипаттау кезінде келесі схеманы пайдалануға
болады:
1.
Жабдықтар мен керек-жарақтарды таңдау жəне тексеру: ЖҚҚ (каска
немесе каскетка, түссіз
қорғаныс көзілдірігі, арнайы киім), геологиялық
балға, өлшеу лентасы,
тау құбылнамасы, спутниктік навигаторы, сандық
фотоаппарат,
кеңсе заттары, далалық күнделік, тау жыныстарының
үлгілеріне арналған орауыш қағаз,
тұз қышқылы бар флакон, ұлғайтқыш
əйнек (лупа).
2.Ашылымды тексеру, қарау.
3.Ашылымның жабық участкелерін қажет болған кезде тазартылады.
Ашылымды сипаттау реттілігі:
1 – Ашылымның нөмірі;
2 – Ашылының нөмірі мен орналасу орыны;
3 – Жалпы мөлшері - биіктігі жəне ашылымның созылуы;
4 – Ашылымның түрі;
5
.
–
.
Тау жыныстардың сипаттамасы,
олардың заттық құрамы,
құрылымдық-түзілімдік ерекшіліктері көрсетіледі.
6 – Жыныстардың жатыс жағдайлары мен олардың қарым-қатынасы;
7 – Суреттер мен фотолар, қажеттілік болған кезде;
8 – Сынамалар мен үлгілерді алу.
Тау жынытсардың сипаттамасы:
1 – Жыныстың атауы;
2 – Жыныстың түсі;
3 – Жыныстың минералдық құрамы;
4 – Жыныстың құрылымы;
5 – Жыныстың түзілімі;
6 – Жыныстың қаттылығы (беріктілігі);
7 – Жарықшақтардың сипаттамасы;
8 - Сеппелділігі;
9 – Геологиялық денелердің пішіні жəне олардың өлшемдері;
10 – Созлуы мен құлауы бойынша жыныстардың өзгергіштілігі.
Достарыңызбен бөлісу: