Әйел – бұл әпке немесе сіңілі. Әпке мен сіңілі – ананың көмекшісі.
Қыздар – әпкесінің қолғанаты. Әпкенің ісіне қарап, оны үлгі тұтып, ақыл
сұрап, тәлім алу – оның міндеті. Әпке сіңілісі үлгі аларлықтай өнегелі эталон
болу тиіс. Үй тірлігінде жұмыстарды бөліп, табыстаушы – үлкен әпке. Әпке -
ата-анадан кейінгі сөзі жүретін беделді адам. Әпкелерінің сіңілілері қандай
болады екен? Кішісіне сырын ашады, құрбы бола алады. Әдетте, сіңілілер
әпкенің жолымен жүріп, оның ойын қабағынан танып өседі. Бұл ретте жас
аралығы да әсер етпей қоймайды. Егер апалы-сіңілілердің арасы айтарлықтай
алшақ болса, үлкені кішісіне қамқорлықпен қарап, үлкендік ақылын айтып
отырады. Ал, егер тетелес өссе, еркеліктерін жарыстырып, асыр салып ойнап,
бірге өседі, танымдары да бірдей. Олардың арасындабәрі ортақ.
Достарыңызбен бөлісу: |