«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі» деп
Ыбырай атамыз айқандай, отбасындағы адамгершілік тәрбиесінің негізі
рухани тәрбиеден басталады. Адамгершілік
- адам бойындағы ізгілік
құндылық, әдеп ұғымы, адами қасиеттер мен құндылықтардың жалпы
ұғымы. Адамның адамдық келбеті мен адамдық болмысы оның
адамгершілігінен көрінеді. Барлық адами асыл қасиеттердің негізгі өлшемі –
бұл адамгершілік (3.1-сурет).
3.1 – сурет. Отбасы құндылықтары
Отбасында ата-ана баласының бойында төмендегідей адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыруы қажет. Адамгершілік категориялар: жомарттық,
батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық,
шыншылдық, ұяттылық, ар, намыс және т.б. Адамгершiлiк не моральдық
құндылықтар: шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендердің тiлiн алу және
т.б. Мәдени мiнез - құлық әдептері: сыпайы болу, үлкендерi – кiшiнi, кішілері
- үлкендерді сыйлап-құрметтеу, дұрыс сөйлеу және т.б. Гигиеналық әдептер:
таза жүру, қол жуу т.б., еңбек, ақыл- ой әдеттерi.
Ізгілік –бұл адамгершіліктің жоғары нормасы, биігі, асқар шыңы,
адамға сүйіспеншілік идеясын білдіретін көзқарастар жүйесі. Негізгі мәні –
адамгершілік қасиеттерді (қайырымдылық, жақсылық және т.б.) қоғам
мүшелерінің күнделікті қарым-қатынасының игілігіне айналдыру.Халықтың
өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушi А.И.Левшин (1799-1879) былай деген:
«Қазақтардың басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды
аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі –
айрықша қасиет»[22]. Жас ұрпақ тәрбиесінде аға буынның, яғни үлкендердің
тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесінің алатын орны зор. Бала тәрбиесіне
отбасындағы үлкендерді, аталар мен әжелерді тартып, ақыл – кеңесін
басшылыққа алып отыру керек (3.2-сурет).
3.2 – сурет. Отбасының рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |