А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Әйел - отбасындағы  әдепті  сақтаушы



Pdf көрінісі
бет105/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Әйел - отбасындағы  әдепті  сақтаушы. Әйелдің еріне  қарым-
қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте 
болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі. Демек, 
балалар  үшін  әке  беделі  аналарының  сөзі,  іс-қимылы,  қас-қабағы  арқылы 
қалыптасады.  Мысалы,  ерлі-зайыптылар  балалар  көзінше  бір-біріне  қатты, 
балағат сөздер айтпақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде,
өз беделдерін жоғалтып, бала-шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырады, 
олардың  жадында  өздері  үй  болғанда,  алдарынан  шығатын  жаман  әдеттің 
ұрығын егеді. Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең 
біледі», «әкеңнің айтқанын істе» және т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді 
айтып  отыруы  қандай  ғанибет!  Атақты «Абай»  эпопеясында халқымыздың 
осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод 
бар.  «...Семей  қаласында  үш  жыл  оқып,  жайлаудағы  әке  үйіне  күн  кешкіре 
жеткен,  13  жасар  шәкірт  бала  – Абай  аттан  түскен бетте,  амандасу  үшін, 
шешеге  қарай  жүреді.  Сонда  ақылды  да  байсалды  ана  Ұлжан:  «Әй  балам, 
анда әкеңдер тұр,әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім 
жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында 
әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдайды». Ұлы 
жазушы  Мұхтар  Әуезов  халықты осындай  тамаша  дәстүрмен  хабардар  ету 
үшін  ғана  емес,  оның  тәрбиелік  зор  маңызын  жоғары  бағалағандықтан  да 
келтіріп  отырғаны  анық.Ата-ананың  бір-бірінің  қадір-қасиетін  осылайша 
ардақтап,  беделін  өсіруі, өкпе-наз,  кикілжің  туғанда,  оны  балалардан 
оңашада, өзара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік[20].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет