Әке мінезі балаға жұғады. Баланың бойындағы ер мінезділік,
өжеттілік, мәрттік қасиеттер әке арқылы қалыптасады. Әкенің бойындағы
қасиет балаға беріледі немесе жұғады. Баланы қарапайым ғана шеге қағу,
балға ұстау, шұрып бұрау, атқа міну, аяқ киім тігу, электр тоғын жалғау
сынды әйелдің шамасы келмейтін шаруаларға баулу - әке міндеті. Баланы
өзімен бірге ертіп жүру, шамасы жетпейтін шаруа болса да жай ғана қарап
тұруға қалдыру, көлік жуғызу, анасы мен қарындастарына ауыр заттарды
көтертпеуге үйрету – ертеңгі күні жеміс беретін әдістер.
Достарыңызбен бөлісу: |