А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Отбасында балаға адамгершілік-рухани тәрбие беру



Pdf көрінісі
бет111/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

3.5. Отбасында балаға адамгершілік-рухани тәрбие беру
Қазіргі уақытта біздің қоғамымыздың алдында тұрған жаһандық мәселе 
- жас ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеу, адамдар арасында жақсылық
пен  әділдікті  қалыптастыруға  ықпал  ететін  мәңгілік  жалпыадамзаттық
құндылықтарды іздеу. Жеке тұлғаның адамгершілік білімінің негізгі аспектісі
- құндылықтық бағдары.Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет ұлы ойшыл
Сократ көтерді және оны өз философиясының негізі етіп, игілік тұрғысында
қарастырды.  Яғни, «Өзгені  тану  үшін  өзіңді-өзің  таны»  дегендей  қазіргі
«Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы.
Жеке  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуында  жалпыазаматтық 
құндылықтармен тәрбиелеу  маңызы.  Жалпыадамзаттық  құндылықтардың 
көріну  дәрежесі  жеке  тұлғаның рухани  деңгейін  көрсетеді.  Ішкі 
үйлесімділікке  қол  жеткізу  үшін  адам  ойы,  сөзі  және  іс-әрекеттері  оның 
тұлғалық  құрылымының  даму  деңгейлеріне  сәйкес  келіп,  келесі  жалпы 
адамзаттық құндылықтарды ұстануы тиіс[21]:
1. Қиянат жасамау – рухани деңгей.
2. Ақиқат – интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция).
3. Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз).
4. Тыныштық – эмоциялық деңгей (сезім).
5. Дұрыс әрекет – физикалық деңгей.
Ақиқат,  Дұрыс  әрекет,  Тыныштық,  Сүйіспеншілік  және  Қиянат
жасамау  адамның  ұлтына,  нәсіліне,  тұратын  ортасына  және  діни,  мәдени 
тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді және бөлінбейді, олар 
өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адам руханияты 
мен  мәдениетінің  бірыңғай  негізін құрайды. Өзінің  бойында  адамгершілік 
құндылықтарды  дамыта  білудің  өзі  білім.  Адам  адамгершілік  құндылықтар 
ақиқат,  дұрыс  әрекет,  тыныштық,  сүйіспеншілік,  қиянат  жасамау  туралы 
жете түсініп, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен 
және ақ пейілмен таратса, сол адам - НАҒЫЗ КЕМЕЛ АДАМ[21].
Қазіргі жастардың адамгершілік-рухани білімі қоғамда жоғары рухани 
идеалдарды  бекіген,  асыл  қасиеттері  мен  адамгершілік  құндылықтары 
қалыптасқан  азаматтарды  тәрбиелеудің  негізі  болуға  тиіс.  Балаға  ата-ана 
тәрбиесінің орны  қай  кезде  болмасын  бірінші  кезекте.  Отбасы  – бала  өмірі 
мен дамуының негізі, ата-аналардың әлеуметтік-мәдени деңгейлері, олардың 
білімділік  деңгейі  мен  олардың  қоғам  өміріне  қатысуымен  айқындалады. 
Отбасының  жетекшілік  маңызы  онда  тәрбиеленіп  жатқан  баланың  тән-дене 
және  рухани  дамуына  әсер  етуші  ықпалдардың  мәні  мен  мағынасының 
тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы 
болса,  екіншіден  – тәрбиелік  орта.  Баланың  алғашқы  өмірі  жағдайындағы 
отбасы  ықпалы  басқа  жағдайлар мен  кейінгі  жас  кезеңдерінде  болатын 
ықпалдардан басымдау келеді. 


71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет