76
іздеу; өзін-өзі дамыту; жетілу арқылы бүкіл дүниені жетілдіру. Бала үшін
отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы, екінші жағынан – тәрбиелік орта.
Балаларды дамытудың тиімді шарты – жақсы көретін отбасының
болуы. Жақсы көретін отбасы – бұл балалармен үйлесімді және өзара
түсіністікке қол жеткізетін отбасы, бұл жерде балалармен қарым-қатынас
жасау – үлкен қуаныш, мұнда оң және жақсылыққа негізделген эмоционалды
мәдениет басым. Саналы махаббат баланы қабылдаумен, оған деген оң
эмоционалды қарым-қатынаспен сипатталып, саналы талаптар және біріккен
ісәрекетпен анықталады. Ата-ананың балаға қатынасының барлығына, мейлі
ол маңызды емес мәселелер болсын, қызығушылығының шынайы болуы,
бала өмірінде не болып жатқандығын біліп отыру – міне осыдан ата-ананың
балаға деген махаббатынан көрінеді. Махаббаттың негізінде адамгершілік
мәдениетті тәрбиелеуге болады, тек махаббат қана жақсы көруге үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: