А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Ата–аналармен тәрбиешінің өзара жұмыс істеу қажеттілігі



Pdf көрінісі
бет126/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Ата–аналармен тәрбиешінің өзара жұмыс істеу қажеттілігі:
1) баланың  өмірін  ұйымдастыруда,  оның  тәрбиесіне  қатысты
мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болу;
2) баланың  отбасы  мен  балабақша  жағдайындағы  дамуын  және
әлеументтенуін тиімді  ұйымдастыру  мақсатында тәрбиенің  бірыңғай 
ұстанымдарын қою;
3) баланың  әлеуметтік-педагогикалық  және  психологиялық  даму
жағдайын ескеріп, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау;
4) баланың  жан  – жақты  үйлесімді  дамуы  үшін  тәрбиелік  ықпалды
тиімді және нәтижелі ұйымдастыру;
5) баланы түрлі ортада, түрлі жағдайда жан – жақты танып білу;
6) балаға  ықпал  етудің  жалпы  тәсілімен  техникасын  ойластыруда,
әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру;
7) тәрбиеші, балалар және ата – аналардың жағымды көңіл-күйін өзара
жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыру.
Рухани-адамгершілік  тәрбие  беру,  бала  бойында  айналасындағы 
адамдармен  үйлесімді  өмір  сүруге  бейімділігін  дамыту,  бұның  барлығы 
баланың  жеке  қасиеттерін  неғұрлым  тиімді  және  толық  ашуға  қабілеті  бар 
ата-аналарымен тығыз байланыста болған кезде ғана мүмкін. Ата-аналармен 
тығыз байланыста болу, өзара түсінісушілік пен өзара сыйластық, өзіне деген 
сенімділік,  табыстылық,  мектеп  жасына  дейінгі  баланы  рухани-
адамгершілікке тәрбиелеудің  дұрыс  бағыттары  және қалаған нәтижеге  қол 
жеткізуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет