А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


БАЛАЛАРҒА  АРНАЛҒАН  МЕКТЕПТЕН ТЫС МЕКЕМЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет140/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

БАЛАЛАРҒА  АРНАЛҒАН  МЕКТЕПТЕН ТЫС МЕКЕМЕЛЕР
мемлекеттік
қоғамдық
жеке 


90
көмек көрсету («Мен кішкентай ханшайыммен сурет салуды жақсы көремін», 
«Мен-суретші», «Ғарыш деген не?», «Мен - астронавтпын»);
2)
әлеуметтік  жобалау  әдісітері,  жұптардағы  пікірталастар
(пікірталастар:  «Мен  қандаймын?»,  «Неге  өзімшіл  болмау  керек?»,  «Қалай 
жауапты адам болу керек?», «Адамдарға мен көмектесе аламын ба?»);
3) дөңгелек үстелдер («Кім болғым келеді»);
4) топтарда рөлдік ойындар (тәрбиешілердің рөлін ойнайды, басқа топ -
планетаның қонақтары, тәрбиеленушілердің рөлін атқарады);
5) экскурсиялар  (жеке  өзін-өзі  дамыту  бағыттары  толтырылған
карталарды  талдау  қорытындысы  бойынша  адамгершілік, интеллектуалды 
байытуға,  өзін-өзі  тану  жолындағы  бастапқы  кәсіби  анықтауға  бағытталған 
экскурсиялық бағдарлама);
6) адамгершілікті  жетілдіру  бағытында  балалардың  өздері  таңдаған
тақырыптарда баяндамаларымен сөз сөйлеуін қарастыратын конференцилар.
Мектептен тыс мекемелердің ең көп тараған түрлері: аула клубтары, 
бірлестіктер  мен  үйірмелер,  жасөспірімдер  үйлері,  шығармашылық
сарайлар,  балалар  кітапханасы.  Қазіргі таңда  баланың  қызығушылығына 
септігін  тигізіп,  икеміне  қарай  жаңа  қырынан  танылуына,  өмірлік  жолын 
анықтауда  аула  клубтарының  маңызы  зор.  Аула  клубында  білім  берудің 
қосымша дамыту бағдарламалары іске асырылады. Балалардың аула клубына 
балалар,  жасөспірімдер  және  жастар  келеді,  олар  техникалық,  көркемдік 
шығармашылық, туризм және спорт, көркемөнерпаздық үйірмелердің біріне 
қатысып, өзінің бос уақытын тиімді өткізумен айналысады [16].
Клуб  жұмысына  ата-аналар  да  қатысады.  Олардың  бірге  жұмыс  істеу 
формалары:  ертеңгіліктерді  ұйымдастыру,  бірге  саяхатқа  шығу  және  т.б. 
Мұғалімнің қандай бағыт-бағдар беретінін, адамгершілік ережелер бойынша 
талаптарын,  олардың  қарым-қатынасының  қалай  бағаланатынын  ата-
аналардың  білуі  маңызды.  Үйірменің  маңызды  элементінің  бірі  - оның 
нәтижесін  көрсету.  Үйірме  жұмысы  жариялы  түрде  болуы  керек.  Үйірме 
жұмысының  нәтижесінде  байқау,  сайыс,  жарыс  және  көрме  ұйымдастыру, 
мерекелік  іс-шара  өткізу,  концерт,  фестиваль,  театрландырылған 
қойылымсияқты  ұтымды  іс-шаралар  жатады.  Бастауыш  сыныптағы  үйірме 
жұмыстарының  өз  ерекшеліктері  бар,  балалардың  бойында  тұрақты 
қызығушылықтарәлі қалыптаспаған, сондықтан олар бәріне қызыға қарайды. 
Бастауыш сыныпта балаларды қызықтыратын үйірме түрлері: қолөнер, сурет, 
ән, би. Мысалы: «Шебер қол», «Он саусағы майысқан», «Әсем әуен», «Сурет 
салайық» т.б. Орта буындағылардың үйірме жұмыстары олардың белгілі бір 
пәнге  немесе  ғылым  саласына  деген  қызығушылығына  бағытталады.  Оған: 
«Жас фотограф», «Жас Қастеевшылар», «Жастар биі» т.б. үйірмелер.
Балалар  ұйымдары,  қоғамдық  бірлестіктері. Балалар  ұйымдары- бұл 
прогрессивті  ұйымдардың  басшылығымен  немесе  олармен  байланыста 
өскелең  ұрпақты  идеялық-саяси  және  адамгершілік  тәрбиелеуді  жүзеге 
асыратын балалар мен жасөспірімдердің ерікті бұқаралық бірлестіктері.
Мектептен тыс мекемелердің мақсаттары, міндеттері және мазмұны:


91
1. Баланың жеке басын әлеуметтендіру, оның азаматтық қалыптасуына,
жеке  және  қоғамдық,  жеке  және  ұжымдық  бастауларын  үйлестіруге 
бағытталған  («Пионер»  ұйымының  тәжірибесі  мен  дәстүрлері  негізінде 
әрекет ететін бірлестіктер).
2. Әлеуметтік-жеке бағыттағы ұйымдар (негізінен скаут ұйымдары).
3. Балалардың  бастапқы  кәсіби  дайындығына  байланысты  («Бизнес-
клубтар», «Кәсіпкерлер мектептері», «Жас журналистер лигасы» және т.б.).
4. Патриоттық,  азаматтық  тәрбиені  насихаттайтын  балалардың
қоғамдық құрылымдары («Жас жауынгерлер», «Полиция достары» т.б.).
5. Мәдени және практикалық сипаттағы (дәстүрлерді жаңғырту, халық
тарихы мен мәдениеті, халық кәсіпшілігін зерделеу бойынша).
6. Дербестік,  ашық,  демократиялылық  дәрежесіне  қарай:  заңды  түрде
ресімделген  құрылым  мәртебесі  бар  және  серіктес  ретінде  басқа 
құрылымдармен  (мемлекеттік,  қоғамдық)  шарт  негізінде  әрекет  ететін 
салыстырмалы дербес бірлестіктер (4.1-сурет).
4.1 – сурет. Мектептен тыс мекемелерде балаларды жалпыадами 
құндылықтарға тәрбиелеу жолдары
Мектептен  тыс  мекемелер  жүйесінің  маңызды  жолы – бұл 
еріктілік.Яғни, баланың еркімен санасып, оның жеке белсенділігіне, өзін-өзі 
тәрбиелеуіне,  өзін-өзі  дамытуына  түрлі  обьективтік-материалдық  және 
рухани  факторлардың  әртүрлі  ықпал  жасауы.  Балалардың  үйірмеге  өз 
еркімен  келіп  қосылуының  бірнеше  себебі  бар
«көшеде»  яғни  уақытын 
босқа өткізуден гөрі назарын басқа нәрсеге аудару, досына серік болып келу, 
өмірге зер салып қызығушылығын арттыру. Соңғы іс-әрекет тұлғаны дамыту, 
жасөспірімдерді  әлеуметтендіру,  оларға  әрі  қоғамның,  әрі  әлемнің  мәдени 
байлығын  меңгеру  үшін  құрылған.  Білім  саласындағы  мемлекеттік  заңдар 
мен  ресми  құжаттарда  жас  ұрпақтың  шығармашылық  рухани  және  дене 
мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтынның  берік 
негіздерін  қалыптастыру,  жас  ұрпақтың  жеке  басының  дамуы  арқылы 
интеллектіні  байтуға,  дарындылығын  дамытуға  баса  назар  аударылған. 
Балаларға қосымша білім берудің әртүрлі нысандары олардың қажеттіліктері 
мен  мүдделерін  ескере  отырып  студиялар,  клубтар,  шығармашылық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет