А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Дамуында ауытқушылығы бар баланың отбасы мүшелерінің ынта-



Pdf көрінісі
бет145/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Дамуында ауытқушылығы бар баланың отбасы мүшелерінің ынта-
жігерін  түсіретін  факторлар: ауруға  байланысты  өзін  кінәлі сезіну; 
отбасындағы  ауру  адамның  мінез-құлқы;  аурудың  созылу  мерзімі; 
отбасының  күнделікті  өмірінің  бұзылу  кезеңі;  шок  кезеңі;  мойындамау 
кезеңі; уайым мен депрессия кезеңі; жетілген бейімделген кезең. Дамуында
ауытқушылығы  бар  балалардың  ең  жақсы  тәрбиесі  - түзету  жұмыстары, 
оларды күнделікті өмірге тарту. Бұл ата-ананың баланың реабилитациясына 
белсене  қатысып,  жақсы  қарым-қатынаспен жүзеге  асады.  Ата-ананың
міндеттері: балалары үшін барлық қажеттіліктерді орындау емес, дербес өмір 
сүруіне көмектесу.
Дамуында ауытқушылығы  бар  балалар  дені  сау  балалар  дамитын 
заңдармен дамиды, бірақ қоршаған ортаға бейімделуі үшін компенсаторлық 
мүмкіндіктері  аз,  сондықтан  мұндай  бала  ұзақ  дұрыс  ұйымдастырылған 
түзету  тәрбиесін  қажет  етеді.  Бұндай  балалар  қарапайым  санитарлық-
гигиеналық, еңбек  дағдыларын  игеріп,  қоршаған  орта  туралы  танымдары 


96
болуы керек. Баланы отбасында тәрбиелеуімен және түзету тәрбиесінің ерте 
бастауы  керек,  яғни  ата-аналар  мамандармен  тығыз  қарым-қатынас  жасауы 
тиіс (әлеуметтік педагог, психолог, логопед, дефектолог). Осы мамандардың 
берген  ұсыныстарын ата-ана  жақсы  түсініп, баласымен  қарым-қатынасты 
жақсы орнатып, оның қоршаған ортаға бейімделуіне көмектеседі. 
Дамуында ауытқушылығы бар балалардың ата-аналарымен жұмыста
ескеретін ережелер:
1. Түзету жұмыстарын ерте жастан бастаса тиімді болады.
2. Бала өзін тыныш, ыңғайлы сезінуі керек.
3. Баланың  жетістігін  мадақтау  керек,  дұрыс  істемеген  жағдайда
жазаламай, ұрыспай ақырын түсіндіру керек.
4. Қойылатын талаптар жүйелі, отбасы мүшелеріне бірдей болуы керек.
5. Баланың айтқан сөздерін, іс-әрекеттерін байланыстыру (4.2-сурет).
4.2 – сурет. Дамуында ауытқуышылығы бар балалардың ата-
аналарымен жұмыс формалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет