А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет149/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

ҚОРЫТЫНДЫ
Отбасы  – әлеуметтік-тарихи  тәжірибенің  қайнар  көзі,  адамдар 
арасындағы  эмоциялық,  іскерлік  қарым-қатынас  тәжірибесін  балаға 
жеткізудің  басты жолы. Отбасы  тәрбиесінің  артықшылығы  да  осы 
қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды, өйткені 
ол-болашақ  азаматтың  әлеуметтену  жолындағы  алғашқы  қадамдарын 
жасайтын  бастапқы  ұясы.  Ол  балаға  моральдық  қалып  туралы  алғашқы 
түсініктер  береді,  оны  еңбекке  баулып,  өз-өзіне  қызмет  ету  дағдыларын 
қалыптастырады.  Сондай-ақ  ата-ананың  іс-әрекеті  мен  мінез-құлқы,  өмір 
сүру  салты  арқылы  балаға  дүниетанымдық,  адамгершілік,  әлеуметтік-саяси 
құндылықтар  беріледі.  Отбасы  барлық  уақытта  өсіп  келе  жатқан  ұрпақ 
тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған.
Ал, қазіргі  заманғы  отбасының  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  тәрбиесі 
мәселелерін  шешудегі  ерекшелігі  – ата-ананың  педагогикалық  білімі  және 
жалпы  мәдени  деңгейінің  жоғары  болуы.  Осыған  байланысты  бүгінгі  жас 
мамандардың алдына қойылатын өзекті талаптардың бірі – отбасының және 
отбасы  тәрбиесінің  негіздерін  білу,  отбасындағы  бала  тәрбиесінде  көмек 
көрсетудің  ықпалды  тәсілі  ретінде  – ата-аналардың  педагогикалық  сауатын 
дамытуды  ұйымдастыру.  Яғни,  қазіргі  педагогикалық  мекеме  жұмысының 
міндеті - баланың отбасымен тығыз қарым-қатынас орнату.
Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесіндегі  «Өзін-өзі  тану 
пәнінің  мұғалімі»  мамандығының  студенттеріне арналған  «Отбасылық 
тәрбие  негіздері»  атты  әдістемелік  оқу  құралы бала  тұлғасын  дамытудағы 
отбасындағы тәрбиенің  басымдығын  айқын  көрсете  отырып, отбасымен 
өзара іс-қимыл  жасауда  педагогикалық  және әлеуметтік-психологиялық 
дайындықты  қалыптастыру,  кәсіби  дайындығын  тереңдетуге  және  де 
маңызды  кәсіби  сапалар  мен  құзыреттіліктерді  саналы  түрде  дамытуына 
көмектеседі.
Осы  әдістемелік оқу  құралы  болашақ мамандардың  отбасы  туралы, 
отбасы  тәрбиесінің  мәні,  механизмдері,  отбасы  тәрбиесінің  ерекшеліктері, 
принциптері,  әдістері  және  формалары,  сондай-ақ  отбасы  тәрбиесінің 
адамгершілік-рухани  негіздері  туралы  білімдерін  қалыптастыруға, 
студенттерге отбасымен  әрекеттестікте  педагогикалық  дайындығын 
дамытуға,  сол  әрекеттестіктің  табысты  болуын  қамтамасыз  ететін  маңызды 
кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Адамды  адам  ететін  қоршаған  орта  және  тәлім-тәрбие  десек,  соның 
ішінде отбасы, ата-анасынан алған өнеге балаларда тұлғалық қасиеттер мен 
отбасылық  қатынастар,  отбасылық  сыйластық  пен  үйлесімділіктің 
қалыптасуына  негіз  болады  және  осы  отбасында  адам  бойындағы  асыл 
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет