А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Отбасының құрылымының типтері мен түрлері



Pdf көрінісі
бет24/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Отбасының құрылымының типтері мен түрлері
[7]
.
І. Құрамы  бойынша:  1.Толық  нуклеарлық  отбасы. Отбасылар 
арасында  ең  көп  таралған  түрі.  Бұл  күйеуі,  әйелі  және  баласы  бар  отбасы. 
Отбасында жұбайлар мен балаларының өзін-өзі қалыптастыруына, қабілетін 
көрсетуіне  көп  жағдай  жасалған.  Отбасының  қалған  мүшелері  бір-бірімен 
тату,  біріккен,  қайырымды:  бұнда  балалар  ерте  еңбекке  үйренеді  және 
тәуелсіз. 2. Орта нуклеарлық отбасы. Бұл отбасы ажырасу нәтижесінде, кей 
жағдайда  жұбайлардың  бірі  қайтыс  болғанда  немесе  әйелмен  еркектің 
бастамасымен  бала  асырап  алғанда  пайда  болады.  Отбасындағы  барлық 
өмірлік  тәртіп  басқа  отбасы  тәртібінен  ерекше,  ал  отбасы  ажырасу 
нәтижесінде құрылса, бала психикасына айтарлықтай  әсер етеді. 3. Күрделі
отбасы. Бірнеше ұрпақтан тұрады, әр ұрпақ адамдарын бір отбасында өмір 
сүруге  мәжбүрлейтін  екі себеп бар:  1)  жас  жұбайлар  ата-анасымен  тұруы 
тұрмыстық- материалдық жағын жеңілдету және сәбиді тәрбиелеудің оңайға 
түсуі,  өйткені  әжесі  мен  атасы  бар,  олардың  бос  уақыты  көп;  2)  тұрғын  үй 
тапшылығы жастарды ата-анасымен бірге тұруға тәрбиелейді. Жас жұбайлар 
үшін күрделі отбасында бос уақыт өте қымбат. Бұндай отбасында әдептілік 
пен шыдамдылыққа үйретеді. 4. Үлкен отбасы. 10 және одан көп мүшелері 
бар  отбасы.  Қазіргі  уақытта  бұндай  отбасы  өте сирек  кездеседі.  Отбасында 
балалар  үшін  қиыншылықтар  жоқ,  байланыс  әр  алуан,  өзара  көмек  күшті 
дамыған. Мұндай отбасында дау аз және үлкен отбасында өмір сүру оның әр 
мүшесін өнегелі, қайырымды болуға үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет