ІХ. Отбасы өмірінің жағдайы бойынша: 1. Дистанттық отбасы. Мамандығына орай жұбайлардың бірі үйде жиі болмайтын, іс сапарларда
болатын отбасы: әскерилер, теңізшілер. 2. Студенттік отбасы. Студент
жастар арасында құрылған отбасының түрі.
Бүгiнгi Қазақстандық қоғам талабы - берiк отбасыларының болуы,
болашақ ұрпақ тәрбиесiнде жұмыла қызмет атқаратын ұжымдық
бастамаларды енгізу. Екi жас тұлғаның неке одағы негiзiнен олардың
тұлғалық қасиеттерiне және өмiрдегi құндылық бағдарларына байланысты
болып келедi. Отбасының рухани тiршiлiгiндегi негiзгi қызметі бала тәрбиесi.
Отбасылық және қоғамдық тәрбие бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты
болғандықтан олар бiрiн-бiрi толықтырып отырады. Дегенмен, отбасы басқа
тәрбие институттарындағы тәрбиеге қарағанда анағұрлым эмоционалды,
оның негiзiнде өз кезегiнде балалардың ата-анаға деген сүйiспеншiлiгiн
туғызатын ата-ананың балаға деген сүйiспеншiлiгi жатыр.
Барлық қоғамдаға тән отбасының мiндеттерi: 1) халық санын өсiру:
бұған бала туу және адамның отбасыда рухани-адамгершiлiктi ұдайы өндiру;
2) шаруашылық–тұрмыстық: жеке және қосалқы шаруашылығымен
айналысу, отбасы мүшелерiнiң өз-өзiне қызмет етуi, тұрғын жайдағы
санитарлық-гигиеналық тазалық, отбасы бюджетiн сақтау; 3) тәрбие:
отбасының әлеуметтiк тәрбиелiк мiндетi ата-аналардың балаларға рухани –
адамгершiлiк, әдептi тәрбие беру, бос уақытты пайдалану мен ұйымдастыру,
отбасы мүшелерiнiң таланттарын, мүмкiндiктерiн жемiстi ету, рухани
байлықтарын белсендi демалуға пайдалану.
Отбасындағы тіршілік адамнан алуан түрлі білім мен икемділікті талап
етеді және өмірге қажетті көптеген практикалық дағдылар мен қасиеттер ата-
ана аясындағы күнделікті өмір кезінде де қалыптасып жатады. Мысалы,
барлығымыз қазірдің өзінде біраз нәрсені: мысалы тамақ әзірлеу, үй
жинастыру, кір жуу, үтіктеу, шүмек жөндеу, сөре қағу және т.б. іс әрекеттерді
орындап жатамыз. Бұл – үй шаруашылығының қарапайым түрлері, ал бұдан
қарағанда күрделірек, мысалы, отбасы қаржысын жоспарлай аласыздар ма?
Бос уақытты тиімді де, мазмұнды ұйымдастыра білесіздер ме? Бұның бәрі
отбасындағы белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Сонымен қатар отбасы, әлбетте, өзінің мүшесінің жеке бастық
қажеттіліктерін, жалпы отбасылық қажеттіліктерді де қанағаттандырып
отырады. Осыдан барып отбасының атқаратын қызметтері туындайды. Бала
тәрбиесінде отбасының өзінің атқаратын қызметтері (функциялары) бар.
Отбасының қызметi (функциясы) - оның белсендiлiгiн көрсету құралы.
Ғалым-педагог И.Гребенникова баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы
қоғаммен тығыз байланыста болуы керек дей келе, отбасы қызметін 5 топқа
бөліп көрсетті:
1) ұрпақ жалғастырушылық,
2) экономикалық,
3) тәрбиелік,
27
4) қарым-қатынастық,
5) бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Соңғы уақыттарда жан-жақты ғылыми зерттеулердің нәтижесінде
туындаған отбасының негізгі қызметтерінің түрлері төмендегідей.