Дұрыс әрекетке тән қасиеттер
Дұрыс әрекеттің басты қағидаты[12]
: Бол (әуелі өзің ақниет бол).
Істе (ақниет болып қоймай, оны іс-жүзінде көрсете білу). Сөйле (дұрыс
сөзбен айту). Ойлары, сөздері және істері бір жерден шығу керек. Осындай
адамның ойлары таза болады. Олардың қайнар көзі ашумен, арамдықпен,
көре алмаушылықпен, өзімшілдікпен ластанбаған. Ол ойлаған ойын ашық
айтып, ойлағандай әрекет етеді. Оның мінез- құлқында жалғандық болмайды.
Тәрбие механизмдерінің құралдары тиімді жүзеге асырылуы үшін
отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар мен
жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдарының бәрі де
бала тұлғасының дұрыс қалыптасуына ықпал жасайтын ерекше тәрбиешілер
тобы. Отбасы бала тәрбиесінің негізгі діңгегі болса, мектеп оңтайлы қылық,
дұрыс көзқарас қалыптастыратын орта, ал балалар мен жеткіншектер
ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіруші, көше болса, отбасы, мектеп,
әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Осы аталған
ұйымдар баланың өмірінде қайсысы басым болса, соны таңдайды, соның
ықпалды тәуелділігінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |