А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Әлеуметтік-мәдени  салт-дәстүрлер



Pdf көрінісі
бет80/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Әлеуметтік-мәдени  салт-дәстүрлерқоғамдық  сана  және  болмыспен 
тығыз байланысты. Бұл салт-дәстүрлер 2.4- суретте көрсетілген.
2.4 – сурет. Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер
ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР 
шешендік өнер
ұлттық 
ойындар
ас беру 
дәстүрлері
қазақтың музыкалық 
аспаптары
мейрамдар
үй болуға байланысты 
салт-дәстүрлер
қонақ күту 


54
Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек объектісі ғана 
емес,  ол  педагогикалық  теориялардың,  әсіресе  отбасындағы  тәрбиенің 
дамуына  үлкен  әсер  ететін  ынтымақтастық  педагогиканың  іргетасы. 
Сондықтан  да, халық  педагогикасының  бүгінгі  күнде  практикалық  та, 
ғылыми-теориялық  та  мәнділігі  зор.Бала  тәрбиесiне  терең  мән  берiп,  оның 
сәттi  қағидалары  мен  ережелерiн  жасағандардың  бiрi  – қазақ  халқы.  Қазақ 
халқы  рухани  зор  байлықтың  мұрагерi.  Оның  тәрбие  тәсiлдерi  мен 
тәжiрибелерi  өте  көп.  Халықтың  ғасырлар  бойы  жасаған  зор  еңбектерiнiң 
тәлiмдiк-тәрбиелiк  маңызын  ұрпағымыздың  санасына  сiңiру  – қазiргi  қоғам 
мiндеттерiнiң  бiрi.Халықтық  педагогиканың бай  мұрасы  жас ұрпақтың 
шынайы  адамгершілік  қасиеттері,  сүйіспеншілік,  қайырымдылық,  шындық, 
имандылық,  кішіпейілдік,  ұлағаттылық,  қанағаттылық,  еңбек  сүйгіштік, 
бауырмалдылық, ауыз әдебиетінің жан-жақты жанрлары арқылы берілген.
Халық педагогикасы өзіне баланың өмірінің түрлі жақтарын, олардың 
денсаулығы  мен мінез-құлқы,  сезім ерекшеліктері  және  т.б. да 
қасиеттерінзерттеу  көзі  ретінде  қарастырады.  Халық  педагогикасы  балаға 
тәрбиенің  әсер  ету  әдістерінің  мынадай  түрлерін  қолданған:  түсіндіру, 
оқыту, мадақтау, қолдау, көндіру, жеке үлгі, жаттығуды көрсету, ымдау, 
тұспалдау, жазалау және т.б.
Қара сөздер –отбасы  педагогикасында  кең  тараған  тәсіл.  Халық 
педагогикасында үлкеннің-кішіге, ұстаздың-оқушысына, халық кемеңгерінің 
жастарға, әкенің-балаға арналған қара сөз кодекстері көптеп кездеседі. Халық 
педагогикасы тәрбиесінде  түрлі  афоризмдер  бар,  оны  педагогикалық 
категорияға қосады: бағыттаушы, алдын ала айту, сынау және т.б.
Үйрету - халық  педагогикасында  кең  тараған  тағы  бір  тәсіл.  «Затты 
сумен  жуады,  баланы  үйрету  арқылы  тәрбиелейді».  Балаға  үйрету  арқылы
үлкендер  оларға  тапсырма  береді,  оның  орындалуын  тексереді,  мысалдар, 
мінез-құлық және әрекет үлгісін көрсетеді.
Сендіру – бұл тәрбие әдісін өзіне түсіндіру және дәлелдеу, яғни нақты 
үлгілерді көрсету жатады. Бала белгілі түсініктерден, әрекеттен күдіктенбеуі 
тиіс. Алдымен рухани тәжірибе жинап, кейін оны басқаруға қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет