Мақалдар мен мәтелдер – тәрбие құралы. Отбасында ата-аналар бала
тәрбиесіне мақал-мәтелдерді лайықтап іс-әрекет, пікірлесу, пікірсайыс
кезінде өнеге көрсетіп, өсиет айтуда жиі айтады. Баланың өмір тәжірибесі аз,
сондықтан оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда
қалатындай мәнді болу керек. Сол мәнді сөздер – мақалдар мен мәтелдерді
орынды пайдаланған ата-ана ой қозғап, ақылға қонымды сөздер айту арқылы
баланы тәрбиелейді және санасын арттырады.
Балалар жыры - қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап
шығарылған арнау-тілек өлеңдері, сұрамақтар, төрт түлік туралы жырлар,
тақпақтар ерекше орын алады. Балалардың бірден жадында қалатын қысқа
тақпақтар арқылы оларды ынталандырып, еңбекке, адамгершілікке, Отанын
сүюге, өнерге тәрбиелеген. Арнау-тілек өлеңдер, сұрақтар, 4 түлік туралы
жырлар, тақпақтарды отбасында ата-аналар балаларына үйретіп, тәрбие ісіне
ол жырларды пайдалана білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |