3.6. Сүйіспеншілік – рухани адамгершілік құндылығы
Сүйіспеншілік -жалпыазаматтық құндылықтардың бір түрі, тіршіліктің
тірегі, яғни тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұры, әрі ең басты қуат көзі.
Сүйіспеншілік - ол дүниенің ең қуатты энергиясы, ал адам болса
сүйіспеншілік энергиясын өткізгіш. Осы энергия сөз, көзқарас, күлімсіреу,
жанасу, іспен, түсінісу және оймен беріледі (3.6-кесте).
3.6-кесте
Өзін-өзі танудағы Сүйіспеншілік ұстанымы. Шын мәнінде, біздің
өміріміз сүйіспеншілік оқиғаларынан тұрады. Біреуге үйреншікті үйір болу,
байланып қалу - Өзімшіл сүйіспеншілік. Өзімшіл сүйіспеншілік немесе
біреуге үйреншікті үйір болу, байланып қалу - азап шектіреді, қайғы-қасірет
әкеледі. Риясыз сүйіспеншілік марапат іздемейді, ол өзі – Сый. Риясыз таза
сүйіспеншілік болған жерде бақытсыздық, ауру-сырқау мен өлім де
таңғажайып түрде адамдардың игілігіне айналады [21].
Отбасы татулығы мен үйлесімділігі ата-ана мен бала және ерлі
зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік сезімімен тығыз байланысты.
Сүйіспеншілігі бар адам - бәріне төзеді, бәріне сенеді, еш үмітін үзбейді,
бәріне төтеп береді, айналасындағы адамдарға бауырмалдықпен қарап, олар
туралы шын жүректен ойлайды, әрі адал дос болады. Ал, сүйіспеншілігі жоқ
адам - қызғаншақ, мақтаншақ, әдепсіз, өзімшіл әрі өзгелерді кешірмейді. Ата-
ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында өзара түсіністік, сыйластық,
көмек тек отбасы мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік сезімі болғанда
ғана бақытты жандардан тұратын отбасына айналады. Отбасы сөзінің
мағынасына үңілсек, ол оның барлық мүшелерінің татулығы мен бірлігі.
Бірлік -махаббатсыз болмайды. Адамның жан дүниесінде терең із
қалдыратын тылсым бір күш те ол – махаббат. Тегінде, адам баласы махаббат
Достарыңызбен бөлісу: |