Мектептен тыс мекемелердің негізгі міндеттері:
1. Әр баланың қалыпты дамуына тиімді жағдай жасау.
2. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
3. Адамгершілік қасиеттерін дамыту, мәдениет дәрежесіне көтеру.
4. Өз бетімен білімін көтеруге жағдай жасау.
5. Еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру.
6. Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу.
7. Жеке және ұжымдық шығармашылығын дамыту [16].
Мектептен тыс мекемелердебалалардың өзін - өзі дамытуы білім беру
парадигмасының негізінде жүзеге асады, оған білім беру процесінің тұлғалық
бағдары, жеке тұлғаны барынша өзін-өзі танытуға бағытталуы, білім беру
процесіне қатысушылар арасындағы субъектілік қатынастар, білім беруді
ізгілендіру, оның демократиялық сипаты, оқушылардың өзін-өзі дамуын
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру тән.
Қосымша білім беру жағдайында оқушының өзін-өзі дамыту процесін