жүзеге асыруды жәнедамуын қамтамасыз ететін әдістер: 1) баланы өз даралығын түсінуге, өзін шығармашылықпен білдіруге,
сондай-ақ өзін және басқа адамды түсіну арқылы жеке тұлғаның бірегейлігін
түсінуге үйрету: а) жеке және ұжымдық изотерапия («Бөтен ғаламшармен
қарым-қатынас (мені түсініп)», «Оқушылар басқа ғаламшардан», «Отбасы
басқа ғаламшардан»); б) жеке және ұжымдық мүсіндеу («Мені түсін», «Біздің
тобымыздың портреті»); в) жеке және ұжымдық кітапханалық терапия («Мен
қандай адаммын»); г) жеке және ұжымдық жұмыс; д) өз идеяларын айту, қол
жеткен даму деңгейін бекіту мақсатында әр түрлі кейіпкерлер мен қазіргі
адамдарға хаттар жазу («Құпия адамға хат», «Адал ниетті адамға хат» т.б.);
2) психологиялық - педагогикалық әдістер мен технологиялар: ойындар
мен жаттығулар; тренингтер (вербалды және вербалды емес қарым-қатынас,
қарым-қатынас этикасы мен психологиясы); тұлғаның еркін өзін-өзі тануына
және өзін-өзі танытуына кедергі келтіретін мазасыздық, агрессивтілік
деңгейін төмендету тұрғысынан педагогикалық қолдау техникасы;
3) өзін-өзі тану рефлексиясы, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі болжау
әдісі: жеке өзін-өзі дамыту бағыттарының карталарын толтыру және талдау
идеялық ойларды материалдандыру ретінде, қол жеткізілген өзін-өзі дамыту
деңгейін бекіту және жеке өсу перспективаларын жобалау; жеке өсу
күнделіктерін жүргізу, онда баланың ойлау нәтижесі қорытындыланады.
Өзін-өзі дамыту, ынталандыру мақсатындағы сабақтардың түрлері: 1) практикумдар немесе алғашқы білім беру сынамалары оқушылардың
әр түрлі іс әрекет түрлеріне ену формасы ретінде. Әдістің міндеті-өзін-өзі
тануға, өз қалауыңызды сезінуге, бастапқы бейіндеуге және өзін-өзі болжауға