А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Отбасы тәрбиесінің негізгі құралдары



Pdf көрінісі
бет76/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Отбасы тәрбиесінің негізгі құралдары[3]:
1) Іс-әрекет түрлері (жобалық, іскерлік ойын, еңбек, кездесу);
2) Рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір, мәдениет);
3) Бұқаралық ақпарат құралдары (газет, теледидар, ғаламтор желісі);
4) Педагогикалық  ықпал  жасау  құралдары  (есеп  беру,  үлгі-өнеге,
әңгімелесу, насихат, марапат).
Отбасы тәрбиесінің қосымша құралдары:
1) жиын,  жиналыстарда  отбасылардағы  игі  істерді,  бастамаларды,
тәрбиелік тағылымды және т.б. үнемі насихаттау;
2) беделді  отағасы  мен  өнегелі  отбасы  өмір  жолы  мен  тағылымын
марапаттау, кездесулер өткізу;
3) «Ұлын ұяға, қызын қияға» қондырған отбасыларды үлгі - өнеге ету;
4) әлеуметтік қорғауды керек ететін отбасыларды қамқорлыққа алу;
5) бала тәрбиесіне қатысты мекеме, ұйымдардың (полиция инспекторы,
мектеп басшылары, ата-ана комитеті,т.б.) есебін тыңдау;
6) жұртшылыққа педагогикалық білім беру, ақпараттандыру.
Ақпараттық  заманда  адамзат  бұқаралық  ақпарат  құралдары  (газет-
журнал, теледидар, радио және ғаламтор) арқылы тәрбиеленіп келе жатқаны 
белгілі.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары  саяси  процестердегі  ең  ықпалды 
құрылымдардың бірі және бүгінгі саяси сахнадағы негізгі құрал. Сондықтан, 
баспасөз,  радио  мен  теледидар  қазіргі  қоғамға  ықпал  ететін  және  жанама 
түрде тәрбиелейтін мықты институт. Бүгінгі ғылыми зерттеулерде бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  2  негізгі  қызметін  айқындай  аламыз:  гуманитарлық 
(ақпараттандыру,  білім  беру,  ойын-сауықтық);  саяси  (бұқаралық  сананы 
қалыптастыру).  Сондықтан  ата-аналардың  педагогикалық  мәдениетін 
арттыруда  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  әсері  мол  және  ақпарат 
құралдары ағартушылық, әлеуметтендіру қызметімен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет