51
сүйенер болсақ, халық педагогикасы халықтың ғасырлар бойы жинақтаған,
ұрпақ тәрбиесі жөніндегі эмпирикалық білімі мен тәжірибесінің жиынтығы,
этнопедагогика ғылымының зерттеу нысаны, қайнар бұлағы. Қазақ халқының
халық педагогикасының құрылымы: ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер, ұлттық
өнер, ұлттық тәлім болып табылады.
Қазақ халық педагогикасының үлкен бір саясаты - бұл қазақ халқының
салт-дәстүрлері. Халық педагогикасындағы салт-дәстүрлер ұлттық санаға
сіңіп, біржола заңдандырылуы –
салт-сана деп аталады. Ұлттық санаға
сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін
биікке көтереді. Ұлттық сананың қозғаушы күші – бұл ұлттық намыс пен
ұлттық абырой, ол жеке тұлғаның перзенттік борышын өтеуіне байланысты
өмірден өз көрінісін байқатады. Халықтық педагогика мұрасының бірі -
дәстүр.
Дәстүр – бұл бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын,
танымдылық-тәрбиелік мәні зор, өмірлік рухани – адамгершіліктің қуат-
қайнар көзі. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған баланың жан
дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер
көп. Ұлттық дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып
және
жасы
кіші үлкендерге алдымен сәлемдесуге міндетті. Алға келген астан алдымен
жасы үлкен адам дәм татады.Тамақ
ішіп отырған кезде көп сөйлеуге
болмайды. Халықданалығы балаларды еңбексүйгіштікке, аңдап сөйлейтін
сақтыққа,адамгершілік асылқасиеттерге баулыған[18].
Ерте кезде ата-бабаларымыз кітап оқып, қағазға жазуды білмесе де,
бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесін ұстанған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-
анадан балаға, оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр мен
әдет-ғұрыптар, салт-саналар. Олар халық педагогикасы мұраларының бірі.
Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында ұрпақ тәрбиелеу
тәсілдері
(этнопедагогика), салт-дәстүрлерімен
(этнография) ерекшеленеді.
1. Қазақ халқының психологиялық және педагогикалық ой толғаныс
ерекшелігін сөз етсек, ол тұспалдап, мақалдап, тақпақтап, сөйлеу, жыр,
толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну. Халық педагогикасының негізгі
мақсаты – өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты
еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл-аймақ, Отаны, өз ар-намысын
қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу.
2
Достарыңызбен бөлісу: