50
2. Сынып жетекшілері оқушының ата-анасы, отбасының тұрмыстық
жағдайымен танысуда үйлеріне тоқсан сайын бару, әр балаға отбасының
ықпал деңгейін, баланың қызығушылығын анықтау.
3. Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы дәрістер оқып, баланың жеке
басының қалыптасып, даму жолдарын, заңдылықтары туралы білім беру.
Осы мақсатта ата-аналармен психология, педагогика, анатомия, физиология,
гигиена мәселелері бойынша әңгімелер өткізу, пікір алмасу.
4. Ата-аналар комитетімен тығыз байланыс, оларды сыныптарда,
жалпы мектепішілік шараларға қатыстыру, үлгілі отбасын өнеге ету.
Ата-ананың педагогикалық мәдениетін көтеру бойынша көрнекі-
педагогикалық насихаттау жолдары: ата-аналарға әдеби көрмелер,
тақырыптық стендтерді безендіру, жаднама мен буклеттер дайындау арқылы
тәрбиелеу мәселелерімен таныстыру, тәрбиелеу-білім беру үрдісі туралы
ақпаратты жеткізуге, жұмыстың озық әдістерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: